- «Терапия», «Функциялық диагностика», «Пульмонология», «Эндокринология», «Клиникалық фармакология», «Медициналық-әлеуметтік сараптама» және «Медициналық оңалту» мамандықтары бойынша кафедраның даму стратегиясын әзірлеу; жұмыс берушілермен және білім беру органдарымен сыртқы байланыстарды дамыту;
- «Кардиология», «Терапия», «Функциялық диагностика», «Пульмонология», «Эндокринология», «Клиникалық фармакология», «Медициналық-әлеуметтік сараптама» және «Медициналық оңалту» мамандықтары бойынша МЖМБС білім беру бағдарламаларын және жоғары оқу орнынан кейінгі үлгілік оқу бағдарламасын енгізу;
- Мамандарды даярлау үшін ішкі бөлімнің сапа жүйесін дамыту;
- Қашықтан оқыту технологияларын пайдалана отырып, білім берудің барлық түрлері бойынша зерттеулер жүргізу;
- Кафедра қызметкерлерінің педагогикалық жүктемеге сәйкес үлгерім журналын жүргізуі;
- Кафедраның жоспарланған және ағымдағы мәселелерді талқылау үшін кафедра отырысын өткізу, оқушылармен оқу-әдістемелік, клиникалық, ғылыми жұмыстарын талқылау;
- Кафедрада оқытатын пәндерге сай оқу жоспарын әзірлеу;
- Кафедра бағыты бойынша оқу-әдістемелік, ұйымдастырушылық –әдістемелік және қашықтықтан оқыту технологиясын қолдана отырып оқу процесін жүзеге асыру.