2009 жылғы 1 қыркүйекте университетте тәрбие жұмысы және әлеуметтік қызметке жауапты құрылымдық бөлімше - тәрбие жұмысы жөніндегі деканат құрылды.
2011 жылғы 1 ақпанда Университет басқармасы шешімімен тәрбие жұмысы жөніндегі деканат Жастар ісі жөніндегі деканат деп аталып қайта құрылды.
2019 жылғы 9 қыркүйекте Университет басқармасы шешімімен жастар ісі жөніндегі деканат «Жастар ісі жөніндегі деканат», «Студенттер қалашығы» бөлімі, «Абитуриенттерді бағдарлау және студенттердің білім сапасын бақылау» 3 бөлімнен құралған Жастар ісі жөніндегі орталық болып қайта құрылды.
Орталық студенттермен жұмыс жөніндегі департамент директорына, оқу-тәрбие ісі жөніндегі проректорға, Басқарма төрағасы – ректорға бағынады. Орталықты орталық басшысы басқарады. Құрылым Қоғам Басқармасының отырысында бекітілген. Орталықтың жұмысын үйлестіру және басқару Орталықтың басшысына жүктеледі.
Орталықтың негізгі міндеттері:
- мемлекеттік тіл саясатын және этносаясатты жан-жақты түсіндіру, этносаралық келісім мен этникалық топтардың мәдениеті мен дәстүрлерін құрметтеу, студенттер ортасында этносаралық қақтығыстарға жол бермеу;
- студенттерді деструктивті діни идеологияға қарсы иммунитетті қалыптастыру, қоғамдағы дін рөлінің орнын түсіндіру, жастар ортасында құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу;
- қоғамдық-саяси сауаттылыққа үйрету, жастар арасында деструктивті саяси идеялардың таралуына жол бермеу, мемлекеттік саясатты қолдауды қамтамасыз ету;
- студенттер арасындағы құндылықтың ізгі жүйелерін (еңбек сүйгіштік, кәсіпқойлық, белсенділік, кәсіпкерлік, заңға бағыну, бастамашылдық, жаңашылдық және бәсекеге қабілеттілік, экономикалық және әлеуметтік ұтқырлық, өздігінен блім алуға және өзін-өзі тануға ұмтылуды) қалыптастыру;
- университеттің мәдени құндылықтарын дамыту, студенттер арасындағы мәдени нормалар мен көзқарастарды қалыптастыру;
- студенттердің кәсіби және адамгершілік мәдениетін қалыптастыру;
- студенттің тұлға ретінде өзін-өзі тануына жағдай жасау;
- студенттерге әлеуметтік қолдау көрсету (жетім балалар, жетім балалар үйінің бітірушілеріне, ата-анасының қолдауынсыз қалған балаларға, көпбалалы отбасынан шыққан студенттерге және Университетте оқитын басқа да студенттерге);
- азаматтыққа, адалдыққа, тәуелсіздікке, қадір-қасиетке және өмірлік ұстанымды анықтауға, кәсіби шешім қабылдауға жеке жауапкершілігін сезінуге үйрету;
- кәсіптік біліктілікті дамыту, кәсібіне деген мақтаныш сезімін және жеке тұлға ретінде, гуманизм және патриотизм, өзгелерге үлгі бола білу қасиеттерін дамыту.
- өзге ұлт мәдениетіне, отбасына және отбасылық дәстүрге, қоғамға, қоғамдық және мәдени дәстүрлерге, ұлттық мәдениетке, мемлекеттілікке, заңдылыққа, мемлекеттік рәміздер - Елтаңба, Ту, Әнұранға деген құрметті дамыту;
- қолданыстағы әдістерді ғылыми негіздеу, студенттерге білім берудің жаңа технологияларын іздеу және енгізу, оларды жүзеге асыру үшін жағдай жасау;
- тәрбие жұмысын ұйымдастыруға белсене араласып жүрген оқытушылар мен студенттерге моральдық және материалдық ынталандыру жүйесін құру;
- мәдени-көпшілік, спорттық шаралар, конференциялар, семинарлар ұйымдастыру.
- Университеттің басқа құрылымдық бөлімшелерімен бірлесе отырып, өз құзіреті шегінде әртүрлі кеңес, алқа органдардың шешімдерінің жобаларын дайындау;
- Департаменттің басшысы келісімімен Университеттің сайтына және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарына сенімді және өзекті ақпаратты дайындап студенттерді ақпараттандыру;
- Университетте студенттерге тәрбие жұмысын және әлеуметтік жұмысын жандандыруды жоспарлау;
- Университеттің құрылымдық бөлімшелері мен факультет деканаттары бірлесіп студенттік өзін-өзі басқаруымен бірге тәрбие жұмысы және әлеуметтік жұмысын ұйымдастыру және жастар саясаты саласындағы проблемаларды шешуді ұйымдастыру;
- Орталықтың жұмысын Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі жанындағы Жастар саясаты департаментімен және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасымен үйлестіру;
- Басқа жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйымдармен ынтымақтастық орнату;
- Студенттік өзін-өзі басқару органдарының, факультет басшылығының және Университеттің басқа да құрылымдық бөлімшелерінің тәрбие процесі шеңберінде студенттердің құқығын қорғау, студенттердің мүддесін қолдау мәселелері жөніндегі жұмыстарына бақылауды жүзеге асыру;
- Тәрбие жұмысына, әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты шеңберінде жүргізілетін іс-әрекеттердің тиімділігіне талдау жүргізу;
- Студенттердің азаматтық ұстанымдарын қалыптастыру, қазіргі таңда адамгершілік, мәдени және ғылыми құндылықтарды сақтау және көбейту, университеттің дәстүрін сақтау және жандандыру;
- Денешынықтыру және саламатты өмір салты құндылықтарын насихаттау;
- Тәрбие және әлеуметтік процестерді жетілдіруге арналған академиялық топтардың кураторларымен – оқытушылармен мәжілістер мен семинарлар өткізу;
- Тәрби жұмысының жүйесін, оны қаржылық және кадрлық қамтамасыз етуді жетілдіру жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу, факультетте тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөнінде әдістемелік және жергілікті нормативтік құжаттар әзірлеу;
- Студенттер арасында жұқпалы аурулардың, нашақорлықтың және АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
- Студенттердің университет деңгейінде өткізілетін, сондай-ақ студент жастармен қалалық және облыстық ұйымдар өткізетін іс-шараларға қатысуын ұйымдастыру;
- Университеттің, басқа да қоғамдық ұйымдардың, клубтар мен бірлестіктердің студенттер кеңесінің жұмысына жәрдемдесу;
- Университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін студенттерді көтермелеу жөнінде ұсыныстар жасау;
- Факультет кафедраларындағы оқытушы-профессорлар құрамымен тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша өзара байланыс орнату;
- Студенттердің сабақтан тыс кезеңдегі бос уақытын ұйымдастыру;
- Білім алушылардың Университет асханасында берілетін тағамның сапасына, бағасына, көрсетілетін қызметке қанағаттанушылығына тұрақты түрде мониторинг жүргізу, сондай-ақ асхана қызметкерлерінің жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тамақ беру бойынша есеп жүргізу және есепті мерзімінде тапсыруын бақылау.
- Студенттерді Университет жатақханасына орналастыру (шығару) бойынша іс-шараларды жүзеге асыру;
- Орталықтың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша хаттарды, өтініштер мен шағымдарды қарастыру;
- Университет жатақханасындағы тұрғынжайды студенттердің өз мақсатында пайдалануын қадағалау;
- Жатақхананы жалдау шартын және бұзу шартын жасасу үшін қажетті құжаттарды уақытылы дайындау және ресімдеу;
- Тұрғынжайды жалдау шарты негізінде студенттерге рұқсатнама беру;
- Университеттің жатақханасында тұру жағдайын жасау және жиһазбен қамтамасыз етуді бақылау;
- Студенттік жатақханада нақты тұратын студенттерге мониторинг жүргізу;
- Жалдау шарты талаптарының орындалуын, студенттік жатақханада тұру ережелерінің, жатақхана тазалығы мен тәртібінің сақталуын бақылау;
- Жатақхананың Студенттер кеңесінің қызыметін басқару;
- Университеттің студенттік жатақханаларында күрделі жөндеу және қызмет көрсету бойынша жұмыстардың орындалуын бақылау;
- Студенттік жатақхана жалгерлерінің дебиторлық берешегіне мониторинг жүргізу;
- Жалпы білім беретін оқу орындарының студенттерімен және түлектермен кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастыру және жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасының аймақтарында кәсіби бағдарлау комиссиялары өкілдерінің кету кестесін құру;
- Университет оқытушыларын Нұр-Сұлтан қаласында кәсіби бағдарлау жұмысын жүргізу үшін бекіту;
- Кәсіби жұмыс жүргізу іс-шараларына қатысу;
- Кәсіби бағдар беру жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында оның тиімділігін бақылау;
- Оқытушы – профессорлар құрамын ұйымдастыра отырып, медициналық сынып, дайындық курстарын қалыптастыру;
- Қабылдау комиссиясының жұмысын қалыптастыру және ұйымдастыру;
- Құжаттарды қабылдау кезінде қабылдау комиссиясының жұмысын қамтамасыз ететін қызметкерлер контингентін қалыптастыру, оларды оқыту, қабылдау комиссиясының ісқағаздарын ұйымдастыру;
- Қабылдау комиссиясының жұмысын жоспарлау және есеп беру құжаттамасының және материалдық құндылықтардың сақталуын бақылау;
- Полиграфиялық өнімдерді дайындау, сайт пен стенд туралы ақпаратты жаңарту, қабылдау бойынша кеңес беру;
- Пәндік емтихан сарапшыларын, аппеляциялық және іріктеу комиссия төрағалары лауазымына кандидаттарды іріктеуді ұйымдастыру және олардың құрамын ректорға бекітуді ұсыну;
- Пәндік емтихан сарапшыларын, аппеляциялық және іріктеу комиссияларын басқару;
- Оқуға түсушілерге қабылдау туралы кеңес беру.
o 2011 жылы университеттің тәрбие жүйесіне жүйелік сипат беру мақсатында «Астана медицина университеті» АҚ («Астана медицина университеті» АҚ Басқармасының 2014 жылғы 21 қазандағы №40 шешімімен бекітілген ПЛ-МУА-05-14 кураторлар кеңесі туралы ереже) кураторлар кеңесі құрылды. «Кураторлардың кеңесі туралы» ережеде кураторлардың міндеттері мен құқықтары, есептері мен жұмыстарына баға беру, кураторлыққа төлемақы туралы жазылған.
o ПМ-МУА-01-18 Университетінің Студенттік Кеңесі туралы ереже, 12.03.18 ж. «Астана медицина университеті» АҚ Басқармасының №9 шешімімен бекітілген). Университеттің Студенттік Кеңесі студент жастардың маңызды мәселелерін шешуге және оның әлеуметтік белсенділігін дамытуға бағытталған «Астана медицина университеті» АҚ студенттік өзін-өзі басқарудың жоғары органы болып табылады.
o Жыл сайын университетте жаңа таланттарды табу мақсатында «Алло, біз таланттарды іздейміз!» шығармашылық конкурсы өткізіледі. Шығармашыл жастар: эстрадалық вокал, поэзия, хореографиялық вокал, бейнелеу өнері, КТК, жүргізушілер, музыкалық шеберлік топтары : номинациялары бойынша жарысқа түседі.
o «Астана медицина университеті» АҚ Басқармасының шешімімен 11.10.17 ж. №47 «Shanyrak ambulance» ПЛ-АМУ-08.1-17 студенттік қоғамы туралы ереже бекітілген. Бұл «Астана медицина университеті» АҚ - тың студенттік ұйымы болып табылады, оның қызметі білім сапасын арттыруға, медицина және денсаулық сақтау саласындағы өзгерістерден хабардар болу, белсенді демалысты ұйымдастыруды және ілгерілетуді көздейді.
o Еріктілер қозғалысы (Еріктілер қозғалысы туралы ереже Астана медицина университеті» АҚ Басқармасының 30.11.12 ж. шешімімен №41 ПЛ-АМУ-09-12 бекітілді) – жастардың әлеуметтік маңызы бар ерікті қозғалысы.
o Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жиналысының хаттамасын орындау үшін «Астана медицина университеті» АҚ ректорының 11.12.2013 жылғы №482-н/қ бұйрығымен тәрбие ісі жөніндегі кеңес (діни) құрылды
o Арнайы кәсіподақ шәкіртақысы
o «Жастар жылуы», «Ақ Жүрек» и «Bonum-I» еріктілер ұйымы.
o «Enactus-MUA» студенттік тобы.
- Университетте студенттер үшін әртүрлі салада, атап айтқанда оқу барысында, ғылыми және қоғамдық жұмыста өзін-өзі жетілдіруге барлық жағдай жасалған.
- Студенттік ұйымдар:
o Университеттің студенттер кеңесі;
o Жатақханадағы студенттер кеңесі;
o Көңілді тапқырлар клубы (КТК);
o «KazMSA» Медициналық жастардың ұлттық қауымдастығы;
o Жекпе-жек өнер клубы, Джиу-джитсу, спорттық медицина клубы;
o Студенттердің ғылыми қоғамы және кафедрадағы студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы (СҒЗЖ);
o «Эскулап» дебат клубы;
o «Tumar»студенттік поэзия клубы;
o «Shanyrak Ambulance» студенттік қоғамы;
o Студенттік домбыра ансамблі;
o «MHR» Студенттік бишілер тобы жұмыс істейді;
- «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде «Астана медицина университеті» қауымдастығы құрылды (http://vk.com/astanamedicaluniversity).
- Инстаграмдағы парақшалары «amu.kz», «amu_news», «mua_zhastary», «amu_mua_offical», «krutoi_medik_mua», «mua_tumar».
Нұр-Сұлтан қ.
Бейбітшілк, 49 А
51-корпус, 2-қабат, 208-каб