Білім беру технологияларын трансферттеу орталығы

Басшылық

Абдулдаева Айгуль Абдулдаевна

Орталық басшысы
Ақмола мемлекеттік медицина университетінің түлегі. медицина ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Жоғары санатты дәрігер. Қазақстан Республикасының талантты жас ғалымдарына арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның стипендиаты; Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы; «Жас дарын» байқауының жеңімпазы - 2011 ж. «Астана Медицина Университеті»АҚ.

Кадрлық құрам

Досжанова Гульнур Нурлановна

бас маман

2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін білім беру технологияларын трансферттеу орталығының бас маманы лауазымында жұмыс істейді, жоғары медициналық білімі бар, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы PhD докторанты.

Ақатай Жазира Тұрлыбекқызы

жетекші маман
2018 жылдан қазіргі уақытқа дейін орталықтың жетекші маманы лауазымында жұмыс істейді, жоғары химиялық білімі бар, химия саласындағы магистрант.

Рахманберди Назерке Мусахановна

маман

орталық маманы лауазымында 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін жұмыс істейді.

 

Құрылу тарихы

Білім беру технологиялары трансферттеу орталығы- "Астана Медицина Университеті" КеАҚ-тың әкімшілік бөлімшесі. Бөлім 2010 жылы құрылған.

2010 жылдан 2012 жылға дейін бөлімді биология ғылымдарының кандидаты Сарсенова Ляззат Қадырғалиқызы (б.ғ. к., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (биология) және С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ (Денсаулық сақтау және фармация менеджменті) басқарды. Израильде, Ұлыбританияда, Данияда медициналық білім беруді ұйымдастыру мәселелері бойынша оқыды. ҚР БҒМ ҰАО медициналық білім беру ұйымдарын аккредиттеу жөніндегі ұлттық сарапшысы. С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ білім берудегі инновациялық технологиялар орталығын бірнеше жыл басқарған). 2010 жылдан 2011 жылға дейін бөлімде бас мамандар ретінде – м. ғ. к. Г. А. Дербисалина, А. Е. Тапенова және маман А. Н. Баденова, 2011 жылдан 2012 жылға дейін бас мамандар – М. С. Балғаева, Б. Ж. Тұрсынбаева және маман С. А. Адайхан жұмыс істеді.

2013 жылдан бастап 2017жылға дейін бөлім инновациялық технологиялар және оқыту сапасын мониторингілеу бөлімі болып өзгертілді, ал 2017 жылдан бастап білім берудегі инновациялық технологиялар және оқытушылар мен кәсіпқойлар сапасындағы педагогикалық құзыреттілікке аккредиттеу бөлімі.

Университеттің жаңа құрылымының бекітуімен (2018 жылғы 6 наурыздағы "Астана Медицина Университеті" АҚ Басқармасының шешімі) аталған бөлім оқытушы- профессорлар құрамын дамыту орталығы болып өзгертілді.

2013 жылдан қазіргі уақытқа дейін орталықты медицина ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Айгуль Абдулдаевна Абдулдаева (Ақмола мемлекеттік медицина университетінің түлегі) басқарады. "Graduate School of Management in Barcelona" мектебінде "медицинадағы, фармацевтиядағы және денсаулық сақтаудағы жаңа технологиялар", Барселона, Испания тақырыбында ғылыми-педагогикалық тағылымдамадан өтті.

2019 жылдың қыркүйек айында орталық мемлекеттік тілді дамыту бөлімімен бірігіп, білім беру технологияларын трансферттеу орталығы болып аты өзгертілді.

Нормативтік-реттемелеуші құжаттар

1. Конституция РК;

2. Закон РК «Об образовании»;

3. Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 30 октября 2018 года № 595. «Об утверждении Типовых правил деятельности организаций образования соответствующих типов»;

4. Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 31 октября 2018 года № 600 «Об утверждении Типовых правил приема на обучение в организации образования, реализующие образовательные программы высшего и послевузовского образования»;

5. Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 16 ноября 2018 года № 634 «О внесении изменений и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 июня 2015 года № 391 «Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к образовательной деятельности, и перечня документов, подтверждающих соответствие им»;

6. Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 25 октября 2018 года № 590 «Об утверждении структуры и правил разработки программы развития организации высшего и (или) послевузовского образования»;

7. Закон Республики Казахстан от 11 июля 1997 года № 151-I

«О языках в Республике Казахстан»;

8. Приказом и.о. министра здравоохранения Республики Казахстан

от 11 ноября 2009 года № 691 (с изменениями от 18.03.2017, приказ № 76 Министра здравоохранения РК) «Правила повышения квалификации и переподготовки медицинских и фармацевтических кадров»;

9. Устав НАО «Медицинский университет Астана».

 

 

1. ҚР Конституциясы;

2. ҚР «Білім туралы» Заңы;

3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрінің  2018 жылғы 30 қазандағы№ 595 «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы « бұйрығы;

4. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрінің Министрінің  2018 жылғы 31 қазандағы № 600 «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы;

5. «Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығы;

6. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрінің  2018 жылғы 25 қазандағы № 590 «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын дамыту бағдарламасының құрылымы мен оны әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы;

7. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» N151-I Заңы ;

8. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м. а. 2009 жылғы 11 қараша №691 медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау қағидалары туралы» бұйрығымен;

9. «Астана медицина университеті» КеАҚ Жарғысы;

 

 

1. The Constitution of the Republic of Kazakhstan;

2. The Law of the Republic of Kazakhstan “On Education”;

3. Order of the Minister of Education and Science of the Republic of Kazakhstan dated October 30, 2018 No. 595. “On the approval of the Model Rules for the Activities of Educational Organizations of the corresponding types”;

4. The order of the Minister of Education and Science of the Republic of Kazakhstan dated October 31, 2018 No. 600 “On approval of the Model Rules for admission to study at educational organizations implementing educational programs of higher and postgraduate education”;

5. Order of the Minister of Education and Science of the Republic of Kazakhstan dated November 16, 2018 No. 634 “On Amendments and Additions to the Order of the Minister of Education and Science of the Republic of Kazakhstan dated June 17, 2015 No. 391“ On Approval of Qualification Requirements for Educational Activities and the List documents confirming compliance with them «;

6. Order of the Minister of Education and Science of the Republic of Kazakhstan dated October 25, 2018 No. 590 “On approval of the structure and rules for developing a program for the development of higher and (or) postgraduate education”;

7. Law of the Republic of Kazakhstan dated July 11, 1997 No. 151-I

“On languages in the Republic of Kazakhstan”;

8. By order of the acting Minister of Health of the Republic of Kazakhstan

dated November 11, 2009 No. 691 (as amended on March 18, 2017, order No. 76 of the Minister of Health of the Republic of Kazakhstan) “Rules for Advanced Training and Retraining of Medical and Pharmaceutical Personnel”;

9. Charter of NCJSC «Medical University of Astana». 

Мақсаттар

  • - оқу үрдісіне жаңа білім беру технологияларын, оқыту әдістерін енгізуді ұйымдастыру арқылы білім сапасын арттыруға ықпал ету.
  • - оқытушы-профессорлар құрамының педагогикалық біліктілігі мен құзыреттілігін арттыруға ықпал ету.
  • - ұсыныстарды енгізу арқылы университеттің оқу-әдістемелік қызметін жетілдіруге және нығайтуға, ішкі нормативтік құжаттарды және т. б. әзірлеуге қатысу.
  • - конференцияларға, кеңестерге, жұмыс топтарына қатысу, ұсыныстар мен ұсынымдар және т. б. әзірлеу жолымен Қазақстан Республикасының Медициналық және фармацевтикалық білім беруді дамыту мәселелеріне жәрдемдесу және практикалық қатысу.

Қызмет

- оқытудың және бағалаудың жаңа әдістерін енгізу бойынша нормативтік-регламенттеуші құжаттарды әзірлеу;

- ОПҚ дамыту бағдарламасын және медициналық білім беруде инновациялық технологияларды енгізу жоспарын әзірлеу;

- көптілді білім беруді дамыту бойынша нормативті-регламенттейтін құжаттарды әзірлеу;

- консультациялық қолдау көрсету және жаңа білім беру технологияларын әзірлеу мен енгізуді ұйымдастыру;

- жаңа білім беру технологиялары бойынша ашық сабақтарға қатысу және сабақтарды бейнеге түсіру;

- жаңа білім беру технологиялары бойынша рецензенттерді тағайындау және анықтау;

- Корпоративтік даму қызметімен бірлесіп, медициналық білім беру мәселелері, оқыту мен бағалаудың жаңа әдістері бойынша оқыту семинарларын, тренингтерді, конференцияларды, мастер-кластарды ұйымдастыру және өткізу;

- университеттің ОПҚ үшін тілдік курстарды ұйымдастыру;

- медициналық білім беру мәселелері бойынша оқыту семинарларын, тренингтерді, конференцияларды, мастер-кластарды, оқыту мен бағалаудың жаңа әдістерін, оның ішінде шетелдік мамандарды шақыра отырып ұйымдастыру және өткізу;

- ОПҚ ақпараттық, әдістемелік, консультациялық және ұйымдастырушылық көмек көрсету;

- ОПҚ ағылшын тілін меңгеруіне жағдай жасау;

- университеттің ОПҚ үшін IELTS және ҰТО емтиханын тапсыруды ұйымдастыру;

- озық педагогикалық тәжірибені жалпылау және тарату бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

- ОПҚ дамуының жеке жоспарын әзірлеу (жыл сайын өзектендіру);

- Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" байқауының жоғары оқу орынішілік кезеңін ұйымдастыру және өткізу;

- кафедраларда оқытудың инновациялық әдістерін енгізу мониторингін жүзеге асыру;

- ОПҚ даму бағдарламасын іске асыру мониторингін жасау;

- клиникалық кафедралардың ОПҚ коммуникативтік дағдылары мәселелері бойынша дайындық бағдарламаларын енгізу және жүзеге асыру;

- негізгі педагогикалық құзыреттер бойынша тренерлерді ұйымдастыру және анықтау;

- Эразмус+ " TRUNАK" бағдарламасы бойынша халықаралық жобаның орындалуын үйлестіру;

- ОПҚ біліктілігін арттыру бойынша бюджеттік өтінімді қалыптастыру;

- JAMK қолданбалы ғылымдар университетінің лекторларымен бірге Мейірбике ісі бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері бойынша мастер-кластар ұйымдастыру;

- JAMK қолданбалы ғылымдар университетімен бірге Мейірбике ісі бойынша менторларды дайындау.

- медициналық білім беру саласындағы әлемдік тәжірибені, оқыту мен бағалаудың жаңа әдістерін зерделеу, талдау, бейімдеу және тарату;

- ОПҚ біліктілігін арттыру және топтарды қалыптастыру қажеттілігін бағалау;

- Қазақстан Республикасында медициналық білім беруді дамыту мәселелері бойынша конференцияларға, кеңестерге, жұмыс топтарына және т. б. қатысу.

Жетістіктер

2013 жылдан бастап 2019 жылға дейін орталық қызметкерлері медициналық білім беру және біліктілікті арттыру циклдерін, семинарларды, мастер-кластар мен тренингтерді қоса алғанда, оқытудың жаңа әдістері мәселелері бойынша 200-ден астам оқыту іс-шараларын ұйымдастырып, өткізді.

Оқу үдерісіне жаңа білім беру технологияларын енгізу мәселелері бойынша кеңестер беріледі.

Байланыс деректері

Бейбітшілік көшесі, 49 2-қабат, 207-кабинет
тел.: 8(7172) 53 95 71
e-mail: otd.innov.kz@amu.kz