Оқу процесін жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау орталығы 2019 жылы құрылды және екі бөлім біріктірілді: білім беру бағдарламаларының және Болон процесінің сапасын қамтамасыз ету бөлімі және оқу процесін жоспарлау және ұйымдастыру бөлімі.
Целиноград мемлекеттік медицина институты құрылған жылы (1964) оқу бөлімі ұйымдастырылды, оны А.Моложанова басқарды, 1975 жылдан бастап Г.Л. Тарасова басқарды. 2005 жылы бөлімнің атауы оқу процесін жоспарлау және ұйымдастыру бөлімі болып өзгертілді. Бөлімді Б.Р. Досанова басқарды.
Сондай-ақ Университет ашылған күннен бастап оқу-әдістемелік бөлім құрылды, оны Н.К. Хамзина, Н.М. Бисенова, А.Ж. Сейтембетова, Н.А. Малтабарова, Н.В. Калина, А.М. Дусмагамбетова басқарды. Бөлімнің атауы 2012 жылғы қыркүйекте – оқу-әдістемелік орталық, 2017 жылы – Білім беру бағдарламаларының сапасы, аккредитациялау және Болон процесіне сәйкестендіру бөлімі, 2018 жылы – білім беру бағдарламаларының және Болон процесінің сапасын қамтамасыз ету бөлімі болып өзгертілді. 2009 жылдан бастап 2018 жылғы тамызға дейін бөлімді Ж.К. Букеева басқарды.
- Кодекс академической честности
- Академическая политика в НАО «МУА»
- Карта процесса «Управление образовательным процессом»
- Стандарт Университета «Модульное обучение»
- Стандарт Университета «Общие требования к составлению учебно-методического комплекса дисциплин в НАО МУА»
- Стандарт Университета «Компетентностная модель выпускника»
- Стандарт Университета «Планирование учебного процесса»
- Стандарт Университета «Профессиональная практика»
- Положение «Формы проведения итогового контроля»
- Рабочая инструкция по подготовке учебной и учебно-методической литературы
- Рабочая инструкция по организации и проведении внутрикафедрального контроля и взаимопосещения занятий
- Рабочая инструкция по написанию дипломных работ.
- Академиялық адалдық кодексі
- «АстМУ- КеАҚ-тың академиялық саясаты
- «Білім беру процесін басқару» процесс картасы
- «Модульдік оқыту» Университет стандарты
- «АстМУ КеАҚ-та пәндердің оқу-әдістемелік кешенін құрастыруға қойылатын жалпы талаптар» Университет стандарты
- Университет стандарты «Түлектің құзыреттілік моделі»
- Университет стандарты «Оқу процесін жоспарлау»
- Университет стандарты « Кәсіптік практика»
- Ереже «Қорытынды бақылау жүргізу формалары»
- Оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттерді дайындау жөніндегі жұмыс нұсқаулығы
- Кафедраішілік бақылауды және өзара сабаққа қатысуды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі жұмыс нұсқаулығы
- Дипломдық жұмыстар жазу бойынша жұмыс нұсқаулығы.
- Code of academic integrity
- Academic policy in the NPJSC «MUA»
- Map of the process «Management of educational process»
- University standard «Modular training»
- University standard «General requirements for the preparation of educational and methodical complex of disciplines in the NPJSC MUA»
- University standard «Competence model of the graduate»
- University standard «Planning of educational process»
- University standard «Professional practice»
- The regulation of the "Form of the final control»
- The working instructions for the preparation of educational and methodical literature
- Working instruction on organization and conduct of intra-departmental control and mutual attendance of classes
- Working instructions for writing theses.
- Университеттің оқу процесін ұйымдастыру, жоспарлау, үйлестіру және бақылау;
- Университеттің аудиториялық қорын есепке алу және бөлу;
- Оқу процесін нормативтік-ақпараттық және ұйымдастырушылық –консультациялық қамтамасыз ету;
- Университеттің оқу процесін перспективалық және ағымдық жоспарлау.
Орталық кафедраларда білім беру процесінің оқу-әдістемелік құжаттамамен қамтамасыз етілуін бақылайды; білім алушылардың өндірістік практикадан өтуін ұйымдастырады және оның сапасын мониторингілейді, әдістемелік жұмысты жетілдіру бойынша оқу-әдістемелік конференциялар, семинарлар мен кеңестер ұйымдастырады және өткізеді; университеттегі оқу процесін реттейтін нормативтік құжаттарды әзірлейді; оқу-жұмыс жоспарларын әзірлейді. Орталықтың қызметіне оқу процесінің кестесін, академиялық күнтізбені құру, барлық факультеттердің білім алушыларына арналған сабақ кестесін құрастыру жұмыстары кіреді (сабақтар, дәрістер мен емтихандар кестесінің жобаларын кафедралармен, офис тіркеуші орталықпен және оқу- клиникалық орталықпен келісу); мониторинг жүргізу үшін кафедралардан ішкі сабақ кестесін жинау, бекіту үшін лекторлар мен емтихан алушылардың тізімін жинау, кафедралардан ОПҚ-ның оқу жүктемесінің жоспарларын және ОПҚ-ның оқу жүктемесі бойынша есептерді жинау; Орталық оқу-жұмыс жоспарына сәйкес оқу формалары, мамандықтар мен курстар бойынша кафедралардың жылдық оқу жүктемесінің есебін жүргізеді; модульдік білім беру бағдарламаларын, оқу топтарының ағынын қалыптастырады; ОПҚ-ға әдістемелік мәселелер бойынша, кафедралардың оқу-әдістемелік құжаттамаларын әзірлеу бойынша консультация береді (силлабустар, КИС-тер); сабақ өткізу сапасына мониторинг жүргізеді, оқу-әдістемелік әдебиеттерді баспадан шығару жоспарының орындалуын мониторингілейді және талдау жасайды; аудиториялық қорды мониторингілейді; оқу-әдістемелік жұмыс барысында пайдаланылатын журналдардың формаларын әзірлейді; «Сириус» ААЖ модульдерін жүргізеді; білім алушыларды аралық және қорытынды аттестаттау формаларын, кафедралардың оқу-әдістемелік әдебиеттерді баспадан шығару жоспарының жобаларын жинайды және бекітеді; ОПҚ-ның оқу жүктемесін орындауын мониторингілейді.
Оқу процесін жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау орталығы Университеттің бас ғимаратында орналасқан:
Бейбітшілік көшесі 49А,
405, 407 кабинеттер
тел.53-94-61; 53-94-36; 53-94-77.