Білім алушылардың мониторингі және есепке алу орталығы

Басшылық

Алиева Мухаббат Байтемировна

бөлім басшысы

Кадрлық құрам

Аубакирова Маржангуль Саябековна

бас маман

Шубаева Лаура Абдалиевна

маман

Нурханова Саулет Абилбековна

маман

Ильясова Айгуль Бахытовна

жетекші маман

Құрылу тарихы

2006 жылы Ректораттың шешімімен студенттерді есепке алу бөлімі оқу бөлімінің құрамынан барлық факультет студенттерінің жеке істерін ретке келтіру және сақтау мақсатында дербес бөлім ретінде бөлініп шықты.

2006 жылы бөлім " студенттік бөлім "деп аталды, 2010-2012 жылдары бөлім құрамына өндірістік практика енгізілді, нәтижесінде бөлім" студенттерді есепке алу және өндірістік практика бөлімі " деп аталды, 2013 жылдан бастап өндірістік практика алынып тасталды. 2019 жылы ЖОО құрылымының өзгеруіне байланысты студенттерді есепке алу бөлімі кәсіптік бағдар беру, психологиялық бейімдеу және білім алушыларды есепке алу орталығы болып өзгертілді. Орталық Университет Жарғысының негізінде және өзінің практикалық жұмысында әрекет ететін университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады, ректордың бұйрықтары мен нұсқауларын басшылыққа алады.

2006 жылдан бастап бөлімді М. Б. Алиева басқарды, бөлімшенің бірінші құрамында Тарасова Г. Л., Шубаева Л. А., Нурханова С. А., Абдраева А. жұмыс істеді.

Бөлімнің жұмыс істеген кезеңінде келесі қызметкерлер жұмыс істеді: Муханбетжанова А., Ембердиева Н., Садбекова Б., Кожамкулова А., Бейсенова Г, Дюсенбаева г., Мединаева г., Каратохинова С., Шабанбаева А., Алиева С., Накупова К., Омар Ж.

 

Нормативтік-реттемелеуші құжаттар

Нормативно-регламентирующие документы

 

1.  Положение Центра;

2.  Должностные инструкции сотрудников Центра;

3.  Рабочие инструкции, касающиеся деятельности Центра.


Нормативтік-регламенттеуші құжаттар:

 

1.  Орталық ережесі;

2.  Орталық қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтары;

3.  Орталықтың қызметіне қатысты жұмыс нұсқаулықтары.


Regulatory documents if available

 

1. The Regulation of the Center;

2. Job descriptions of the Center staff;

3. Work instructions regarding the activities of the Center.

 

 


Мақсаттар

·     білім алушылар контингентін есепке алу бойынша деректердің дұрыстығын қамтамасыз ету;

·     білім алушылардың жеке істерінің сақталуын қамтамасыз ету;

·     ЖОО түлектері үшін қатаң есептегі бланкілерге уақтылы тапсырыс беру;

·     ЖОО түлектеріне интернатураны бітіргені туралы дипломдарды, куәліктерді уақтылы ресімдеу және беру;

·     азаматтар Халыққа қызмет көрсету орталығы немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүгінген кезде көрсетілген мерзімде мемлекеттік қызмет көрсету (дипломдардың телнұсқалары, интернатураны бітіргені туралы куәліктің телнұсқалары, білім алуды аяқтамаған азаматтарға берілетін анықтамалар • );

·     білім алушылардың электрондық базасындағы деректерді бақылау және мониторингілеу.

Қызмет

-     1 курсқа түскен білім алушылардың жеке істерін қабылдау;

-     білім алушылардың электрондық базасындағы деректерді жеке істермен актуалдандыру (деректерді және сканерленген құжаттарды жеке істердің түпнұсқасымен салыстыру);

-     білім алушылардың жеке істерін сақтау (контингентке сәйкес курстар бойынша істердің болуы);

-     қатаң есептегі құжаттарға тапсырыс беру және есепке алу (дипломдар, куәліктер бланкілері)

-     жоғары оқу орнының түлектері үшін интернатураны бітіргені туралы дипломдар мен куәліктерді ресімдеу және олардың нөмірлерін беру туралы қол қоя отырып, бітірушілерді есепке алу журналына тіркеу;

-     білім алушылардың жеке істері бойынша және электрондық базада (қайта қабылдау, оқудан шығару, түлектерді шығару, курстан курсқа ауыстыру, басқа ЖОО-нан ауыстыру және т. б.) мәліметтерді мониторингілеу;

-     электрондық базада білім алушылардың деректерін енгізу және түзету;

-     білім алушылар контингенті бойынша есеп беру (әр айдың 5 күніне);

-     мемлекеттік гранттардың қозғалысы бойынша есеп беру (әр айдың 5 күніне);

-     ҚР БҒМ Жоғары білімді басқарудың бірыңғай жүйесіне білім алушылар контингенті бойынша апталық есеп беру;

-     3-НК нысаны бойынша статистика департаментіне жылдық есеп беру;

-     ҚР БҒМ-ға оқу жылының басынан ЖОО туралы анықтама беру (жыл сайын);

-     мемлекеттік қызметтер (дипломдардың, куәліктердің телнұсқалары, оқуды аяқтамаған азаматтарға берілетін анықтамалар) қызмет өтініштердің түсуіне қарай орындалады;

-     сұраныс бойынша әр жылдардағы түлектер бойынша есептер беру;

-     білім алушының тегін, атын, әкесінің атын ауыстыруына байланысты құжаттарды қайта ресімдеу бойынша бұйрықтарды дайындау;

-     сұраныстар бойынша оқитындығын растау анықтамасын беру;

-     білім алушылар контингенті бойынша әртүрлі ішкі және сыртқы сұраныстарға жауап дайындау;

-     деканаттарды бланкілік құжаттамамен қамтамасыз ету (студенттік билеттер (мемлекеттік сатып алу арқылы тапсырыс беру)), есептік карточкалар (дайындау үшін университет баспаханасына тапсырыс беру);

-     студенттік билеттердің телнұсқаларын ресімдеу және беру (сұраныс бойынша);

-     университет түлектерінің дипломға қосымшаларының көшірмесін жазу(сұраныс бойынша 2012 жылға дейін).


Байланыс деректері

Нұр-Сұлтан қ., 
Бейбітшілік көшесі, 49 а, 
бас ғимарат, 2 қабат, 
№ 201, 211 кабинет
тел.: 53-94-35