Эпидемиология және жұқпалы аурулар кафедрасы

Эпидемиология және жұқпалы аурулар кафедрасы 

h1_bashylyk.png


1.jpg


Құлжанова Шолпан Әдылғазықызы - кафедра меңгерушісі , медицина ғылымдарының  докторы, жоғары санатты дәрігер–инфекционист, 1988 жылы Семей мемлекеттік медицина институтының емдеу ісі факультетін бітірген. 1988 – 1990 жылдар аралығында Семей мемлекеттік медицина институтында жұқпалы аурулар кафедрасында клиникалық ординатурада оқыған, бітіргеннен соң ассистент болып қабылданған, кейіннен доцент қызметіне ауыстырылған. 1997 жылы ҚР БҒМ ЖАК доцент ғылыми дәрежесін берген.  2006 жылдан бастап 2009 жылға дейін Семей мемлекеттік медицина университетінің жұқпалы аурулар кафедрасында докторантурада оқыды,  2009 жылдың қараша айында докторлық диссертациясын қорғады, медицина ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі берілді .  2012 жылдан бастап 2013 жылға дейін «Астана медицина университеті» АҚ эпидемиология және жұқпалы аурулар кафедрасының – доценті, 2014 жылдың ақпан айынан бастап – кафедра меңгерушісі.  Жетекші ғылыми республикалық және халықаралық басылымдарда жарияланған 130-дан астам мақалалардың авторы, соның ішінде халықаралық импакт-факторы бар журналдарда 2 басылымы. Мемлекеттік және орыс тілдерде басылған «Жұқпалы аурулар» атты оқулық-анықтамалық шығарылған. ҚР БҒМ бекітілген студенттер мен дәрігер-инфекционистерге арналған  2 әдістемелік нұсқаулар басылған. ҚР өнертабысқа 2 алдын-ала патенті, 6 тиімді ұсыныстары бар. Жұқпалы аурулардың диагностикасы мен емі бойынша клиникалық нұсқауларды әзірлеу сараптау кеңесінің Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігінің мүшесі болып табылады.

«Семей қ. ММУ 2010 жылғы үздік оқытушысы» құрмет грамотасымен, алғыс хаттармен марапатталды. Инфекционистердің Еуро-Азиялық қоғамының мүшесі.


h1_kuramy.png


Конкаева М.Е. - доцент, м.ғ.к.
Тусупова К.Н. - доцент, м.ғ.к.
Смагулова З.К. - доцент, м.ғ.к.
Мусин Б.С. - аға оқытушы
Абдрахманова Г.А. - оқытушы, м.ғ.к.
Абдрахманова Ж.У. - ассистент
Ильясов Б.Б. - оқытушы
Чайко В.К. - ассистент
Батырхан А.Т. - ассистент
Байбосыноы Д.М. - оқытушы
 

20.jpg

IMG_7181.JPG IMG_7182.JPG

IMG_7179.JPG IMG_7180.JPG
              


h1_baylanys.png

map_for_contacts.jpg


Астана қаласы,

ҚЖА – Манас к, 22/3,

тел 577896 (498).,   kaf.inf@amu.kz

 

 h1_tarikhy.png

Жұқпалы аурулар кафедрасы 1967 жылы ұйымдастырылды. Алғашқы кафедра меңгерушісі, 1974жылға дейін м.ғ.к. доцент В.П. Осипов болды. 1974 жылдан 1983 жылға дейін кафедраны доцент И.Н. Гнутов басқарған, 1983 жылы АММИ Ғылыми Кеңесі кафедраның басшылығын м.ғ.к. Котлярова И.Ф. тапсырды.  1988 жылдан бастап, 10 жыл бойы, шығармашылық ұжымды  доцент Е.Н. Колос басқарды. 1999 жылдың қараша айынан 2013жылдың қаңтар айына дейін кафедраны м.ғ.д., профессорГульнара Укмановна Алшинбаева басқарды, 2013 жылдың қаңтар айынан 2014 жылдың ақпан айына дейін - доцент Имамбаева Гульсара Газизовна; 2014 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін - м.ғ.д. Құлжанова Шолпан Адлгазыевна кафедрада басшылық жасайды.

«Астана медицина университеті» АҚ эпидемиология және жұқпалы аурулар кафедрасы қалалық жұқпалы аурухана(Астана қ., Манас көшесі 22/3) базасында орналасқан. Кафедра қарамағында меңгеруші кабинеті, 12 оқу бөлмелері бар (6 бөлме «Эпидемиология» пәніне Кабанбай батыр қиылысында, 29/1, блок Б, 1оқу бөлмесі – Астана қаласының Аумақтық ауруханасында, 1оқу бөлмесі – қорғаныс Министрлігі ауруханасында және 4 оқу бөлмесі ҚЖА).


3каз.JPG

–Жұқпалы ауруларды диагностикалауға, емдеуге, алдын алуға студенттерді, интерндерді, резиденттерді оқыту; 

Жұқпалы аурулардың диагностикасы мен емі бойынша әдістемелік нұсқауларды, студенттер мен резиденттерді оқытуға арналған оқу құралдарын құрастыру;

Қазақстан Республикасы мен Астана қаласының емдеу мекемелеріне кеңестік-әдістік көмек;

Кафедра жұмысына қызығушылық танытқан тараптардың қанағаттанушылық көрсеткіштерін жақсарту;

ЕАМ білікті және бәсекеге қабілетті мамандарға деген сұраныстарын қанағаттандыру;

Кафедраны кадрлармен қамтамассыз ету;

Кафедраның ПОҚ біліктілігін, ғылыми әлеуетін арттыру;

Кафедрадағы оқу процессінің сапасы мен тиімділігін арттыру;

Кафедра пәндері бойынша оқытудың инновациялық әдістерін енгізу;

Қазіргі кездегі жұқпалы аурулардың диагностикасы мен емін жетілдіру, эпидемиологиясы мен иммунопатогенезін оқыту бойынша ғылыми зерттеулерді жүргізу, халықаралық ғылыми жобаларға қатысу; 

Инфекционистердің Еуро-Азиялық қоғамының халықаралық жыл сайынғы конференцияларын, республикалық және халықаралық конференциялар мен конгресстерді өткізуге қатысу;


3.jpg

Реценцияланатын ғылыми басылымдардағы жарияланымдар саны (көрсету ISSN) – 10 :

ҚР және алыс, жақын шетелдер журналдарындағы жарияланымдар саны (көрсету ISSN) – 10

Алыс, жақын шетелдердің халықаралық конференцияларына қатысу - Семинар  «Postgraduate Education Course New Perspectives in Infection Control»,ESCMID, Kayseri, Turkey, 12-14 March 2015.

Республикалық маңызы бар конференцияларға қатысу:

1.м.ғ.д. Құлжанова Ш.А -баяндама: «Қазіргі кезеңдегі ересектердегі қызылшаның клиникалық-эпидемиологиялық ерекшеліктері», «Инфектологияның, эпидемиология мен медициналық паразитологияның өзекті мәселелері: эпидбақылау, диагностикалау, емдеу мен алдын алу жүйелерінің қазіргі кездегі технологиялары» атты жұқпалы аурулар бойынша Еуро-Азиялық қоғаммен өткізілген халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда (Алматы қ., сәуір 16-17, 2015ж.).

2.м.ғ.д. Құлжанова Ш.А. –баяндама: «Қазақстандағы описторхоз», «Орталық-Азиялық гастроэнтерологиялық апта 2015» атты халықаралық конгрессте (Алматы қ., 30 қыркүйек-3 қазан 2015ж.);

3.м.ғ.д. Құлжанова Ш.А. –дәріс-баяндама «Инфекциялық-токсикалық шок, себептері және жедел көмек», «Жедел ішек жұқпалары (балалар мен ересектердегі), диагностикалау мен емдеудегі қазіргі кездегі тәсілдер» атты Республикалық оқу семинарында (Қарағанды қ., 10-11 маусым 2015ж.).

Доцент Конкаева М.Е. оқу құралы, тақырыбы:  «ЕММ қан арқылы жұғатын жұқпаларға жұқпалық бақылау».

Доцент Смагулова З.К.оқу құралы, тақырыбы: «Бөртпелердің ажыратпалық диагностикасы».

Жобалар бойынша берілген өтінімдер саны: гранттық қаржыландыру шеңберінде (отандық грант берушілер тарапынан): «Жүкті әйелдердегі жатырішілік жұқпалардың (цитомегаловирустық, герпестік жұқпалардың) қолайсыз нәтижелерін болжаудағы молекулярлық-генетикалық негіздер».

Гранттық қаржыландыру шеңберінде: (шетелдік грант берушілер тарапынан): «Қызылшаға қарсы екпені қабылдағандардың арасында егуден кейінгі иммунитет деңгейін анықтау».

Ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша сараптамалық ұйымдарға қатысу.