•Бекітілген нысанға сәйкес құрылымдық бөлімшелерден тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды ынталандыру үшін құжаттарды қабылдау;
•Ықшамдалған тендер арқылы тауарлар, жұмыстар мен қызметтер сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу;
•тауарлар, жұмыстар мен қызметтер сатып алу бойынша ашық тендерлер ұйымдастыру мен өткізу;
•тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді тікелей сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу;
•сақтау және банктік кепілдіктерді қайтару процедурасын ұйымдастыру, сонымен қатар қолданыстағы заңнамаға және тендерлік құжаттарда қарастырылған шарттарға сәйкес жабдықтаушының тендерлік өтінімді қамтамасыз ету қайтару процедурасын іске асыру;
•тауарлар, жұмыстар мен қызметтері сатып алу бойынша материалдарды әзірлеу мен дайындау;
•тауарлар, жұмыстар мен қызметтері сатып алу процедуралары бойынша ақпараттарды (хабарламалар) ақпарат құралдарына және Қоғам веб-сайтына беру;
•қажетті ішкі жоспарлау және есеп беру құжаттарын әзірлеу мен енгізуге қатысу, Қоғам қызметіне қатысты ортада автоматтандырылған басқару жүйесі құралдарын енгізуге көмек көрсету;
•бөлім қызметкерлері лауазымдық нұсқауларды әзірлеу және түзету;
•өкілетті органдармен және басқа да мемлекеттік органдармен, сонымен қатар бөлім міндеттеріне кіретін мәселелер бойынша мүмкін болатын жабдықтаушылармен хат алмасу;
•өткізілген сатып алу қорытындыларын басшалыққа ұсыну;
•бөлім міндеттеріне кіретін мәселелер жөніндегі мәселелер бойынша кеңестерге, жиналыстарға, семинарларға, курстарға және басқа да шараларға қатысу;
•Қоғам құрылымдық бөлімшелерінде құжаттармен жұмыс жасау бекітілген ережелерінің орындалуын бақылау;
•Жүктелген барлық міндеттер мен функцияларын қамтамасыз ету есебімен Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінен бөлім жұмысына қажетті мәліметтерді алу;
•Жасасқан келісімшарттардың орындалуын бақылау.
Басқа құрылымық бөлімшелермен байланысы
Басқа құрылымдық бөлімшелермен қарым-қатынас жасауда Бөлім оң шаруашылық нәтижеге қол жеткізу үшін күштерді біріктіру принципін басшылыққа алады және осы мақсатпен:
Бөлім функциясын іске асыру үшін қажетті мәліметтерді, анықтамалар мен басқа құжаттарды, сонымен қатар Қоғамның басқа құрылымдық бөлімшелерінен коммерциялық құпия болып саналатын құжаттарды да алуға құқығы бар;
Бөлім басқа құрылымдық бөлімшелерге өз міндеттерін атқару үшін бөлім құзыретіндегі ақпаратты ұсынады.