Университет тарихы

        Қазақстанның КП Орталық комитеті және Республиканың Министрлер кеңесі 1964 жылы 26 қазанда (ССРО Министрлер кеңесінің 1964 жылғы 31 шілдедегі шешіміне сәйкес) Целиноград қаласында Медицина институтын ұйымдастыру туралы қаулы қабылдады.
       1964 жылдың қазан-қараша айларында Целиноград мемлекеттік медицина институтына Алматыдағы институттан бір топ оқытушылар, яғни Алматы медицина институтының түлектері келді. 5 қарашада институтта 15 оқытушы болды, оның ішінде 4 ғылым кандидаты бар. 1964-65 жылы бірінші курсқа 300 адам, екінші курсқа 100 адам қабылдау керек деген жоспар құрылды. Қалыпты анатомия, латын тілі, биология, КПСС тарихы, шет тілдер, бейорганикалық химия, денешынықтыру кафедралары ашылды. 1965 жылдың ақпан айында екінші курсқа Алматы, Қарағанды, Семей және басқа да қалалардағы институттардан 100 студент ауысып келді. Гистология, қалыпты физиология, философия, микробиология, биохимия кафедраларында сабақ басталды. 1965 жылы үшінші курс үшін патологиялық анатомия, фармакология, патологиялық физиология, ішкі аурулар пропедевтикасы жалпы хирургия, оперативтік хирургия кафедралары ашылды. 1969 жылы қажетті кафедралардың барлығы қалыптасты. 1973 жылы алғаш рет кафедрааралық ғылыми-зерттеу зертханасы ұйымдастырылды. 1974 жылы (институттың құрылғанына 10 жыл) қызметкерлер 15 докторлық және 72 кандидаттық диссертация қорғады, 39 кафедрада 226 оқытушы, оның ішінде, 4 ғылым докторы және 86 медицина ғылымдарының кандидаты жұмыс істеді, студент саны 2400-ге жетті. 2 тоғызқабаттық жаңа жатақхана ғимаратының құрылысы басталды. 1979 жылы педиатрия факультеті ашылды. 1989 жылы орта медицина қызметкерлерін даярлау жөніндегі факультет ашылды. Бұл уақытта үш факультеттің 34 кафедрадасында 2759 студент білім алып жатты. 250 оқытушының ішінде 19 ғылым докторы және 131 медицина ғылымдарының кандидаты жұмыс істеді. 1990 жылы кафедрааралық зертхананың базасында орталық ғылыми-зерттеу зертханасы ашылды. Құрылыс аяқталып, 8 қабаттық оқу ғимараты қолданысқа берілді. 1989/90 оқу жылы қазақ бөлімі ашылды. 1992 жылдан бастап «Патологиялық физиология» мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғау жөніндегі диссертациялық кеңес жұмыс істейді. 1997 жылы ЖОО институттан академия болып қайта құрылды. Осы кезеңде академияда 3 диссертациялық кеңес ашылды. Академия базасында ғылыми орталықтар мен ғылыми-зерттеу институттарының 10 филиалы ашылды. Академияға Степногорск қаласында орналасқан «Медициналық-биологиялық іс» факультеті қосылды. Академия алғаш рет республикалық маңызға ие «Астана медициналық журналы» және «Валеология» атты тоқсан сайынғы ғылыми-практикалық журналдарды шығара бастады. ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 28 қыркүйектегі №1469 қаулысының негізінде 1999 жылы емдеу ісі және педиатрия факультеттерінің түлектері үшін интернатура ашылды. Стоматологиялық факультет үшін интернатура 2007 жылы ашылды. 2001 жылы дәрігерлердің білімін жетілдіру факультеті ашылды. 2002 жылы «Фармация», «Стоматология», «Шығыс медицинасы» факультеттері ашылды. «Хирургия», «Травматология», «ЛОР-аурулары» мамандықтары бойынша докторлық диссертация қорғау жөніндегі Диссертациялық кеңес ашылды; «Микробиология», «Сот медицинасы» мамандықтары бойынша кандидаттық диссертация қорғау жөніндегі Диссертациялық кеңес ашылды. 2003 жылы жаңа «Медициналық-профилактикалық іс» факультеті жұмыс істей бастады.

        2004 жылы астаналық академияда 56 ғылым докторы және 150 ғылым кандидаты жұмыс істеді. Академия жанында ҚР медициналық ЖОО-ларының Оқу-әдістемелік бірлестігі (ОӘБ) құрылды. Мемлекеттік тілді дамыту бөлімі ашылды. Республикалық маңызға ие тоқсан сайынғы ғылыми-практикалық «Оториноларингология» журналы шығарыла бастады. Жас оқытушылар мектебі ашылды. Онда барлық оқытушылар еңбек өтілі 5 жылға толғанға дейін алғашқы дайындықтан өтеді. 2006 жылы Қазақ мемлекеттік медицина академиясы Халықаралық саммит аясында Мәскеуде «2006 ж Ұлттық экономика көшбасшысы» халықаралық құрмет белгісін алды. 2007 жылы «Жалпы медицина», «Мейірбике ісі», «Қоғамдық денсаулық сақтау» факультеттері ашылды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 13 мамырдағы №451 қаулысымен ҚР ДСМ «Қазақ мемлекеттік медицина академиясы» РМҚК жарғылық капиталда мемлекеттің жүзпайыздық қатысуымен «Қазақ медицина академиясы» акционерлік қоғамы болып қайта құрылды. 2009 жылдың қаңтар айынан бастап «Қазақ медицина академиясы» АҚ «Астана медицина университеті» АҚ болып қайта құрылды.