Инженерлік-техникалық қамтамасыз ету бөлімі

Басшылық

Куанышев Камбар Ниетуллаевич

Бөлім бастығы

1964 жылғы 15 желтоқсанда дүниеге келген. 1989 жылы Алматы Сәулет-құрылыс институтын  жылугазбен жабдықтау және желдету мамандығы бойынша бітірген. Біліктілігі – инженер-құрылысшы.

Еңбек қызметін 1989 жылы бастаған.

1992-1997 жж. – шебер, прораб, «Мерей» АҚ , Алматы.

1998-2010 жж. – Бас инженер ,
"Теміржолмүлік" АҚ филиал ының д иректоры

2010-2012 ж. ж. - « Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ» РМК П ерспективалық жоспарлау және күрделі құрылыс б өлімінің бастығы .

2012-2016 ж. ж. - « Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ» РМК Бас инженер

2016-2018 жж. « Билдинг – Строй НС » ЖШС д иректоры

2018-2019 ж. ж. –  «Astum Group AG » ЖШС директорының орынбасары

2019-2020 ж. ж. – «Санаторий Щучинский» АҚ басқарушы директоры

Кадрлық құрам

Алмабаев Мухтар Избасарович

Бас маман

Абдуев Бейбіт Абдуевич

Бас маман

Лузянина Елена Владимировна

Мед. жабдықтар бойынша жетекші маман

Насыров Амангельды Махсутович

Маман

Атаханов Нурмаханбет Кадиртаевич

Инженер - құрылысшы

Бекешев Рустам Анварбекович

Инженер-энергетик

Аманғажы Ансаган Арманұлы

Инженер-жылу технигі

Абильдина Алтынай Жандосқызы

Инженер-сметчик

Савин Сергей Иванович

Инженер-байланысшы

Қалиев Жандос Ерланұлы

Инженер-байланысшы

Құрылу тарихы

1964 жылы Медицина институты құрылған күннен бастап шаруашылық қызмет ұйымдастырылды, 1997 жылдан бастап Әкімшілік - шаруашылық бөлім (АХБ), 2004 жылы – Шаруашылық басқармасы, 2009 жылы Сервистік-шаруашылық бөлім, 2011 жылғы 1 ақпаннан бастап Сервистік - шаруашылық басқарма деп аталды, 2015 жылғы 1 наурыздан бастап Сервистік - шаруашылық қызмет көрсету департаменті, 2019 жылғы 9 қыркүйектен бастап Инфрақұрылымды дамыту департаменті болып өзгертілді. 2020 жылғы 14 шілдеде Инженерлік-техникалық қамтамасыз ету бөлімі құрылды.

Мақсаттар

Университеттің құрылымдық бөлімшелерін инженерлік-техникалық жұмыстармен үздіксіз қамтамасыз ету, оқу процесін жақсарту, университеттің инфрақұрылымы мен өндірістік ортасын дамыту үшін жағдайлар жасау.

Қызмет

Жоспарлы кезеңдер бойынша Университеттің жөндеу-пайдалану және басқа да қажеттіліктерін айқындау; Университеттің ғимараттары мен үй-жайларын күтіп ұстау және оларды қолданыстағы санитариялық-гигиеналық және өртке қарсы нормалар мен қағидаларға сәйкес тиісті жағдайда ұстау; Университет ғимараттарын, үй-жайларын, сумен жабдықтау жүйелерін, ауа құбырларын және басқа да құрылыстарды қайта жаңартудың, күрделі және ағымдағы жөндеудің ағымдағы және перспективалық жоспарларын қалыптастыру; Университет объектілерін пайдалану бойынша жабдықтар мен механизмдерді техникалық жарамды күйде ұстау бойынша жұмыс.

Жетістіктер

Спортзалды, бас корпустың цокольдік қабатының санитарлық тораптарын күрделі жөндеу, сондай-ақ лифт жабдықтарын сатып алу және орнату. Жыл сайын оқу корпустарының аудиториялары мен дәліздеріне ағымдағы және күнделікті косметикалық жөндеу жүргізіледі. Университеттің қолда бар барлық техникалық тораптары мен құралдарын үздіксіз пайдалануға қол жеткізілді.

Байланыс деректері

Нұр-Сұлтан қ, Бейбітшілік көшесі 51, 51-корпус, 2 қабат 202 кабинет. телефон: 8 (7172) 53-95-30