Ақпараттық технологиялар бөлімі

Басшылық

Жеңіс Асығат Аманкелдіұлы

Бөлімінің бастығы

Кадрлық құрам

Яковлев Олег Викторович

Бас инженер

Сергеева Наталья Сергеевна

Жетекші инженер

Сеильгазинов Алемжан Асемгазинович

Киберқауіпсіздік бойынша бас маман

Мукашев Аслан Даулетханович

Жетекші маман - желілік әкімші

Курмангалиев Думан Болатбекович

Инженер

Нурбалин Нурболат Серикбаевич

Инженер – жүйелік техник

Құрылу тарихы

Бөлім 2009 жылғы қаңтар айында ашылды. Бөлімді алғаш басқарған – Алдонғар Жасталап. 2012 жылы Маралов Алмаз Амантайұлы бөлім бастығы болып тағайындалды. Бөлімді 2021 жылдан бастап Яковлев Олег Викторович басқарады.

Мақсаттар

- Заманауи IT-инфрақұрылымды қалыптастыру, оның қолжетімділігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету, оның негізінде сапалы цифрлық қызметтерді ұсыну;
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде медициналық білім беру сапасын арттыру;
- Ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылымның, ақпараттық және телекоммуникациялық жүйелердің жұмыс істеу қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- Жүйелер мен жабдықтардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмыс процесінде туындайтын бұзушылықтарды жою бойынша жедел шаралар қабылдау. Қолданылатын техникалық құралдарды жаңғырту. Ұйымдастыру техникасының, компьютерлік, серверлік және желілік жабдықтардың жай-күйін мониторингілеу;
- Университеттің жергілікті желісін жұмысқа қабілетті күйде ұстау;
- Университеттің мәдени-бұқаралық, білім беру және әкімшілік іс-шараларын өткізу кезінде ақпараттық-коммуникациялық қолдау.

Функциялар

Университеттің ақпараттық технологиясын дамыту және жетілдіру. Ол келесі тәсілдер арқылы жүзеге асырылады:

- әкімшілік-басқару және білім беру процесіне жаңа ақпараттық-коммуникациялық жүйе енгізу;

- ақпараттық-коммуникациялық жүйені ақпараттық ортадағы жаңа технология талаптарына сай модернизациялау;

- қолданылатын техникалық құралдарды модернизациялау.

Қызмет

- Университеттің жергілікті желілерінде орналастырылған ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық қамтамасыз етуді қамтитын ақпараттық ортаны ұйымдастыру, қабылдау және техникалық қолдау;
- Университеттің бағдарламалық-аппараттық жағдайын талдау және құрылымдық бөлімшелердің компьютерлік және ұйымдастыру техникасына қажеттіліктеріне өтінімдер жиынтығын жасау;
- Жабдықтың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, жабдықтың жұмыс процесінде туындайтын ақауларды жою бойынша жедел шаралар қабылдау, қажет болған жағдайда ұйым өкілдерінің жабдықты жөндеуі немесе сервистік қызмет көрсету жұмысын ұйымдастыру;
- Пайдаланушылардың жұмыс станцияларында бағдарламалық қамтылымды орнату, баптау;
- Ақпараттық технологияларды, есептеу техникасы құралдарын, ұйымдастыру техникасы мен байланыс құралдарын пайдалануды бақылау бойынша іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;
- Қолданылатын техникалық құралдарды жаңғырту;
- Компьютерлік жабдықтарды жөндеу үшін қажетті шығыс материалдарының тізбесін жасау;
- Компьютерлік желілер мен коммуникациялық және серверлік жабдықтардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, ол келесі тәсілдер арқылы жүзеге асырылады:
- ЖЕЖ кабельдік жүйесін дамыту;
- ЖЕЖ оперативті басқару;
- белсенді желілік жабдықтарға қызмет көрсету және оларды жаңғырту;
- серверлік паркке қызмет көрсету және жаңғырту;
- желінің сенімділігі мен бұзылуға тұрақтылығын арттыру;
- серверлік бағдарламалық қамтылымды және қолданбалы желілік бағдарламаларды қолдау;
- желі пайдаланушыларына ұсынылатын қызметтер тізімін кеңейту;
- желілік инфрақұрылым және қосылу сызбасы туралы ақпаратты жинақтау;
- Желілік қажеттіліктерді талдау және пайдаланушыларды қолдау;
- Желі пайдаланушыларына логиндер мен қолжетімділік құқықтарын тағайындау;
- Университеттің мәдени-бұқаралық, білім беру және әкімшілік іс-шараларын өткізу кезінде ақпараттық-коммуникациялық техникалық қолдау;
- Келесілерді сатып алу үшін техникалық өзіндік ерекшеліктерді дайындау:
- серверлер;
- компьютерлік техника және құрамдас бөлшектер;
- белсенді желілік жабдықтар;
- желілік инфрақұрылымды бақылау және басқару құралдары;
- перифериялық жабдықтар;
- компьютерлік және ұйымдастыру техникасына арналған шығыс материалдары;

Жетістіктер

- Компьютерлердің жалпы саны – 1106 дана, Интернет желісіне қосылуды және университеттің корпоративтік желісінің жұмыс істеп тұруын қамтамасыз ететін 6 сервер бар.
- Медициналық университеттің білім алушылары мен қызметкерлері барлық ақпараттық ресурстарға қол жеткізе алады.
- Медициналық университеттің оқу корпустары мен студенттер жатақханасы 2020 жылы 200мб/с жылдамдықпен ТОБЖ құралы бойынша Интернет желісіне қосылды.
- Университеттің дәріс залдары презентациялық, акустикалық және проекциялық құрал-жабдықтармен, дәріс оқитын трибуналармен жабдықталған.

Байланыс деректері

Нұр-Сұлтан қ.
Бейбітшілік көш., 49а
4-қабат, 409-каб.
тел.: 8 (7172) 577 901
e-mail: sit@amu.kz