Материалдық-техникалық қамтамасыз ету және ғимаратты пайдалану басқармасы

Басшылық

Женисов Данияр Жеңісұлы

Бөлім бастығы

1986 жылы 7 қаңтарда дүниеге келген, жалпы еңбек өтілі 10 жылдан астам. 2008 жылы ҚазМЗУ Алматы заң академиясын құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек қызметі:
01.2017- 04.2017 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі "Қазақстан ГАЖ орталығы" АҚ, Шарт және талап-арыз жұмысы бөлімінің бастығы.
04.2017 ж. - 07.2019 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі "Қазақстан ГАЖ орталығы» АҚ, Жобаларды пайдалану және сүйемелдеу департаменті директорының орынбасары.
Қосымша оқу: Moscow Business School (Заң қызметінің басшысы, Корпоративтік заңгер), Оқуды бітіргені туралы сертификат.
Астана Өрлеу (Электрондық мемлекеттік сатып алуды тиімді ұйымдастыру және басқару), оқуды бітіргені туралы сертификат.
15.07.2019 - 09.09.2019 ж.ж – «Астана медицина университеті» КеАҚ ғимараттарды пайдалану бөлімінің бастығы.
09.09.2019 – 02.09.2020 ж.ж «Астана медицина университеті» КеАҚ материалдық – техникалық қамтамасу ету және ғимараттарды пайдалану басқармасының жетекшісі.
02.09.2020 ж.ж. «Астана медицина университеті» КеАҚ материалдық – техникалық қамтамасу ету бөлімінің бастығы.

Кадрлық құрам

Абдикулов Батыржан Дауылулы

Бас маман

Абжанова Гульфариза Муханбаровна

бас маман

Умиржанова Луиза Назымбековна

Бас маман

Байгошкаров Саламат Баулетович

Бас маман

Рахимбекова Жанат Каллемовна

жетекші маман

Ермуханова Карлыгаш Курмановна

жатақхананың шаруашылық жұмысының меңгерушісі

Усин Сайран Сейілбекұлы

қойма меңгерушісі

Ибрагим Жұлдыз Әкімжанқызы

дизайнер

Кущугулова Айнура Сабыржановна

маман

Елубаева Лайли Бериккызы

Маман

Құрылу тарихы

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету және ғимараттарды пайдалану басқармасы «Астана медицина университеті» КеАҚ-тың құрылымдық бөлімшесі. 2020 жылы 14 шілдедегі құрылымдық өзгерістерге байланысты Басқарма екі бөлімге бөлінді: Материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімі және Инженерлік-техникалық қамтамасыз ету бөлімі.

Нормативтік-реттемелеуші құжаттар


Мақсаттар

Оқу процесінің жағдайын жақсарту үшін Қоғамның құрылымдық бөлімшелерін материалдық-техникалық құндылықтармен қамтамасыз ету.
Университеттің әкімшілік, оқу және тұрғын үй-жайларына тиімді шаруашылық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету және оларды қолданыстағы санитариялық-гигиеналық нормаларға сәйкес тиісті жағдайда ұстау. Университеттің тұрғын және тұрғын емес үй-жайларын жалға беру үшін жалға алушыларды (инвесторларды) тарту. Студенттердің, соның ішінде шетелдік студенттердің тұруы мен оқуы үшін қолайлы тұрмыстық жағдай жасау.
Университеттің өндірістік процестерінің қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында баспа-полиграфия қызметін нәтижелі басқару.

Қызмет

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің жұмысын ұтымды ұйымдастыру. Өндірістік санитария және өртке қарсы қорғану ережелері мен нормаларына сәйкес (университеттің бөлімшелері орналасқан әкімшілік, оқу, іргелес аумағы бар тұрғын үй-жайлар) университет объектілеріне шаруашылық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету және тиісті жағдайда ұстау; құрылымдық бөлімшелерді тауарлармен, жабдықтармен, жиһаздармен, кеңсе керек-жарақтарымен, жуу құралдарымен қамтамасыз ету және оларды бөлімшелер арасында бөлу; жалға алу шарттарын жасау үшін қажетті құжаттарды уақытында ресімдеу, уақытында және кестеге сәйкес тендерлерді өткізу үшін, университеттің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін қызметтерді сатып алу үшін Құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру бөліміне техникалық өзіндік ерекшеліктерді тапсыру, тауарлық-материалдық құндылықтарды жұмсау есебін жүргізу және белгіленген есептілікті жасау; материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша университеттің құрылымдық бөлімшелерінің өтінімдерін жинау және өңдеу; университеттің нормативтік-өкімдік актілерімен белгіленген тәртіпте сатып алудың алдын ала жоспарын құру; аумақты абаттандыру, көгалдандыру және жинау, ғимараттардың холдары мен қасбеттерін мерекелік безендіру бойынша жұмыстарды жүргізу; Университет өткізетін кеңестерді, іскерлік кездесулерді, семинарларды және басқа да іс-шараларды қамтамасыз ету және сүйемелдеу; ішкі үй-жайлар мен іргелес аумақтарды жинау бойынша клинингілік компанияның жұмысын күн сайын бақылау; аудиторияларда, дәріс залдарында, кабинеттерде, жертөлелерде және техникалық қабаттарда тазалықтың сақталуын бақылау; университетте бар мүліктерді есепке алуды жүргізу және оларды мерзімділікпен қарап-тексеру және сақталуын қамтамасыз ету; жалға алу шарттарының талаптарына сәйкес тұрғын емес үй-жайларды жалға алушылардың қызметіне жетекшілік ету.
Баспа өнімдерін өндіруді, ғылыми-техникалық, оқу, өндірістік, жарнамалық және өзге де сипаттағы ақпараттық қызметті, көшірме жасау, тираждау және ұсақ баспа өндірісі бойынша қызметтерді қамтамасыз ету; полиграфиялық өнімнің сапасын арттыру мақсатында қазіргі заманғы электрондық баспа жүйелерінде қолданылатын бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу және жетілдіру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.

Жетістіктер

Даму жоспарының орындалу процесін мониторингілеу, құрылымдық бөлімшелерден түскен өтінімдердің орындалуын мониторингілеу (жиһазды жөндеу, стендтер, мөрлер, тақтайшалар, шетелдік студенттер үшін оқу процесіне арналған кестелер дайындау, имидждік өнімдер дайындау, куверткаларды, гардероб нөмірлерін, үстел жалаушаларын, құттықтау ашық хаттарын, дипломдар мен папкаларды дайындау) жүйелі түрде жүргізіледі. Барлық объектілер бойынша дератизация, дезинсекция, ҚТҚ шығару, ТМҚ кәдеге жарату уақытында жүргізіледі, қалалық іс-шаралар аясында қасбет мерекелік безендіріледі, Университетттің құрылымдық бөлімшелерін ТМҚ уақытында қамтамасыз етеді.
Баспа өнімдерімен қамтамасыз ету бойынша құрылымдық бөлімшелер мен оқытушы-профессорлар құрамын қанағаттандыру үшін өтінімдер уақтылы орындалады.

Байланыс деректері

Нұр-Сұлтан қ., Бейбітшілік көшесі 49А, 51-корпус, 2-қабат, №210, №205 кабинеттер.
Телефон нөмірлері: 8 (7172) -53-95-30; 57-78-96; 57-06-48; 57-78-96; 27-01-76.
Ішкі телефондар : 280, 358, 329, 285, 396.
Полиграфия телефоны: 8 (7172) – 57-78-96, 95-24-13 (7172) 95-24-13:
Ішкі телефон : 399.