Басшылық

Түсіпов Руслан Аткелтірұлы

Департамент директорының орынбасары

Құрылу тарихы

1964 жылы Медициналық институт құрылған күннен бастап шаруашылық қызмет ұйымдастырылды, 1997 жылдан бастап Әкімшілік - шаруашылық бөлім (ӘШБ), 2004 жылы – Шаруашылық басқарма, 2009 жылы – Сервистік-шаруашылық бөлім, 2011 жылғы 1 ақпаннан бастап Сервистік - шаруашылық басқарма, 2015 жылғы 1 наурыздан бастап Сервистік - шаруашылық қызмет көрсету департаменті, 2019 жылғы 9 қыркүйектен бастап Инфрақұрылымды дамыту департаменті болып атауы өзгертілді.

Миссия және мақсаттар

Университеттің инфрақұрылымы мен өндірістік ортасын жұмыс жағдайында дамыту және қолдау; ғимараттар мен құрылыстарды үздіксіз пайдалануды қамтамасыз ету; тұрғын емес үй-жайларды жалға алу процестерін басқару; оқу процесінің жағдайын жақсарту үшін тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу.

Университеттің құрылымдық бөлімшелерін материалдық-техникалық ресурстармен, автокөлікпен қамтамасыз ету; жұмысты ұйымдастырудың жаңа әдістерін, оның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдану негізінде жетілдіру және енгізу; Университеттің материалдық-техникалық базасын кеңейту және нығайту; баспа өнімдерін өндіруге арналған материалдық және еңбек шығындарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету; баспа өнімдерін шығаруды және сатуды ұйымдастыруды қамтамасыз ету.

Қызмет

Жоспарлы кезеңдер бойынша Университеттің жөндеу-пайдалану және басқа да мұқтаждықтарына қажеттіліктерді анықтау; Университеттің ғимараттары мен үй-жайларын күтіп ұстау және оларды қолданыстағы санитариялық-гигиеналық және өртке қарсы нормалар мен ережелерге сәйкес тиісті жағдайда ұстау; университеттің ғимараттарын, үй-жайларын, сумен жабдықтау жүйелерін, ауа құбырларын және басқа да құрылыстарды қайта жаңарту, күрделі және ағымдағы жөндеудің ағымдық және перспективалық жоспарларын қалыптастыру; Университет объектілерін пайдалану бойынша жабдықтар мен механизмдерді техникалық жарамды күйде ұстау бойынша жұмыс істеу.

Университеттің бекітілген бюджеті мен мемлекеттік сатып алу жоспарына сәйкес университеттің құрылымдық бөлімшелерін материалдық - техникалық ресурстармен қамтамасыз ету; аумақты абаттандыру, көгалдандыру және жинау, ғимараттар мен холлдардың қасбеттерін мерекелік, көркем безендіру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; университеттің ішкі бөлімшелерінің тауарлық-материалдық құндылықтар мен қызметтерге деген қажеттіліктеріне сәйкес даму жоспарын және мемлекеттік сатып алу жоспарын жасау бойынша қызметті жүзеге асыру; мемлекеттік сатып алу өткізу, университеттің құрылымдық бөлімшелерінен келіп түскен өтінімдерді орындау жұмыстарын ай сайын мониторингілеу; университеттің құрылымдық бөлімшелеріне автокөлікпен қызмет көрсету бойынша қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз ету; еңбек жағдайының қауіпсіздігін қамтамасыз ету; баспа өнімдерін өндіру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; қажетті баспа өнімдерін жоғары сапада шығаруды қамтамасыз ету; көшіру, тираждау, ұсақ баспа өндірісі бойынша қызметтерді ұсыну.

Бөлім құзыретіндегі мәселелер бойынша ұйымның ішкі регламенттеуші құжаттарын әзірлеу және келісу жұмысына қатысу; бөлім қызметкерлерінің өкілеттілігі мен жауапкершіліктерін құжаттарда белгілеу (Бөлім ережесін және бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлеу); университеттің миссиясын, болжамын және стратегиялық мақсаттарын орындауға қатысу;

Халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес университеттегі менеджменттің интеграцияланған жүйесі элементтерінің қолданылуын қамтамасыз ету.

Материалдық - техникалық қамтамасыз ету бөлімінің жұмысын тиімді ұйымдастыру; материалдық – техникалық құралдар мен қызметтерге деген қажеттіліктерді анықтау, Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінен оларды сатып алу үшін және қызмет көрсету үшін берілген өтінімдерді қабылдау.

Баспа өнімдерін шығару: газеттер, кітаптар, мерзімді басылымдар, іскерлік бланкілер, құттықтау ашық хаттар және қосалқы қызмет: түптеу ісі, баспа формаларын жасау және суреттерді өңдеу; жұмыс әртүрлі технологиялар мен әртүрлі материалдарды пайдалана отырып орындалады.

Жетістіктер

Overhaul of the sports hall. Annually current and daily cosmetic repairs audience and educational buildings corridors.

Systematic monitoring of the implementation process. Development plan, monitoring the execution of applications from structural units (furniture repair, production of stands, seals, tablets, tables for the educational process for foreign students, production of fashion products, manufacturing of covers, wardrobe numbers, table flags, greeting cards, diplomas and folders). Uninterruptedly, work is being done by cleaning companies on cleaning the internal and adjacent territories, all objects are timely deratization, pest control, Industrial waste and Garbage removal, as part of city events, festive decoration of the facade is carried out, we make timely provision of goods and materials of the structural divisions of the University.

Timely execution of applications for the satisfaction of structural divisions and faculty for the provision of printed materials.

Байланыс деректері

Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі 51, 51-корпус, 2-қабат 203 кабинет

телефоны: 8 (7172) 53-95-46

Ішкі тел: 308