Кәсіптік дамыту және қосымша білім беру орталығы

Басшылық

Сапарова Ләйлім Тасболатқызы

Орталық Басшысы

2007 жылғы қаңтардан бастап бүгінгі күнге дейін Кәсіптік дамыту және қосымша білім беру орталығын басқарып келеді. Целиноград мемлекеттік медицина институтын «Педиатрия» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1999 жылдан бастап Қазақ мемлекеттік медицина академиясының отбасылық медицина кафедрасының ассистенті, 2003 жылы кандидаттық диссертация қорғаған, 2004 жылдан балалар ауруларының пропедевтикасы курсы және №1 балалар аурулары кафедрасының доценті, 2008 жылдан бастап №2 жалпы дәрігерлік практика кафедрасының доценті. Дәлелдемелі медицина курсы және жалпы дәрігерлік практика кафедрасының қауымдастырылған профессоры.

Құрылымдық бөлімшенің басшысы ретінде өзінің кәсіптік шеберлігін Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар шетелдерде Лондон (Англия),  Тель-Авив (Израиль) жетілдіреді. Халықаралық және республикалық басылымдарда жарық көрген 80-нен астам ғылыми жұмыстың, 3 оқу құралының және әдістемелік оқу құралының авторы.

Кадрлық құрам

Барлыбаева Айша Ермухановна

бас маман

Ибраева Алтынай Ибрайқызы

бас маман

Абдуллина Жупар Хайратовна

жетекші маман

Шаймерденова Анара Амангельдиновна

маман

Мухтарова Индира Бағдатқызы

жетекші маман

Құрылу тарихы

Кәсіптік дамыту және қосымша білім беру орталығы 2002 жылдың қаңтар айында ректораттың 07.01.2002 жылғы шешіміне сәйкес дәрігерлердің біліктілігін жетілдіру факультеті болып құрылды.

2009 жылдың қаңтар айынан бастап «Қазақ мемлекеттік медицина академиясы» РМҚК «Астана медицина университеті» АҚ болып  қайта құрылуына байланысты факультет атауы үздіксіз кәсіптік дамыту және қосымша білім беру факультеті болып өзгертілді. 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап университет құрылымының өзгеруіне байланысты факультет атауы Кәсіптік дамыту және қосымша білім беру орталығы болып өзгертілді. Университет стратегиясы Қазақстан  Республикасының білім алушылары мен медициналық кадрларының кәсіптік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға, біліктілікті арттыруға және үздіксіз кәсіптік дамуға деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Ал бұл стратегияны кәсіптік дамыту және қосымша білім беру орталығы 17 жылдан бері жүзеге асырып келеді.

Мақсаттар

Кәсіптік дамыту және қосымша білім беру орталығы қызметінің мақсаты үздіксіз кәсіптік дамыту және қосымша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруға бағытталған білім беру қызметі.

Қызмет

Денсаулық сақтау басқармаларының өтінімдері негізінде кәсіптік дамыту және қосымша білім беру орталығы 005 "Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау" бағдарламасы бойынша мемлекеттік тапсырыс бойынша біліктілікті арттыру және қайта даярлау циклдерін, сондай-ақ шарттық циклдерді жоспарлайды және өткізеді. Кәсіптік дамыту және қосымша білім беру орталығы Медицина қызметкерлеріне қосымша білім берудің барлық түрлерін (күндізгі, қашықтықтан оқыту) жүзеге асырады: біліктілікті арттыру - 2 кредиттен (60 сағат) 10 кредитке (300 сағат) дейін, сертификаттау курстары - 15 (450 сағат) 60 кредитке (1800 сағат) дейін. ҚР медициналық ұйымдарының өтінімдері бойынша Мастер-кластар, семинарлар.

Медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыру ҚР ДСМ 2020 жылғы 30 қарашадағы № 218 Бұйрығы; ҚР ДСМ 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 303 бұйрығы; ҚР ДСМ 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 305 бұйрығы 51 дәрігерлік мамандық бойынша бұйрықтарға сәйкес жүргізіледі

1. Авиациялық және ғарыштық медицина.

2. Акушерлік және гинекология ересектер, балалар.

3. Аллергология және иммунология ересектер, балалар.

4. Ангиохирургия ересектер, балалар.

5. Ересектер, балалар анестезиологиясы және реаниматологиясы.

6. Гастроэнтерология ересектер, балалар.

7. Гематология (ересектер).

8. Гериатрия.

9. Дерматовенерология ересектер, балалар.

10. Балалар хирургиясы.

11. Жұқпалы аурулар ересектер, балалар.

12. Кардиология ересектер, балалар.

13. Ересектер, балалар кардиохирургиясы.

14. Кинезиотерапия.

15. Клиникалық фармакология.

16. Еңбек медицинасы (кәсіби патология).

17. Төтенше жағдайлар мен Апаттар медицинасы.

18. Медициналық генетика.

19. Неврология ересектер, балалар.

20. Нейрохирургия ересектер, балалар.

21. Неонатология.

22. Шұғыл медицина ересектер, балалар.

23. Нефрология ересектер, балалар.

24. Жалпы дәрігерлік практика.

25. Жалпы хирургия.

26. Онкология.

27. Балалар онкологиясы және гематологиясы.

28. Онкология радиациялық.

29. Химиотерапиялық Онкология.

30. Оториноларингология ересектер, балалар.

31. Офтальмология ересектер, балалар.

32. Патологиялық анатомия.

33. Педиатрия.

34. Пластикалық хирургия ересектер, балалар.

35. Ересектер, балалар психиатриясы.

36. Пульмонология ересектер, балалар.

37. Радиология.

38. Ревматология ересектер, балалар.

39. Отбасылық медицина.

40. Мейірбике ісі.

41. Стоматология.

42. Сот-медициналық сараптама.

43. Терапия.

44. Травматология-ересектер, балалар ортопедиясы.

45. Урология ересектер, балалар.

46. Физикалық медицина және оңалту ересектер, балалар.

47. Фтизиатрия ересектер, балалар.

48. Жақ-бет хирургиясы ересектер, балалар.

49. Эндокринология ересектер, балалар.

50. Эрготерапия.

51. Ядролық медицина.

Жетістіктер

- Педагогикалық шеберлік жетілдіріліп отырады, практикалық денсаулық сақтаумен байланысты кеңейту үшін инновациялық білім беру тәсілдерін енгізу арқылы оқытудың икемді түрлері қолданылады: тұтынушыға бағдарланған өңірлік компонентті ескере отырып оқыту бағдарламаларын модульдік құру (оқытуда қолданылатын қашықтықтан оқыту технологиялары);

- Өңірлік білім беру нарығында көшбасшылықты қамтамасыз ету үшін және сапалы білім беру қызметтерін ұсынуда инновацияларды енгізу ұшін ақпараттық-коммуникациялық байланыс дамып келеді;

- Кәсіптік дамыту және қосымша білім беру орталығы Қазақстан Республикасын және ТМД елдерін жоғары білікті мамандармен қамтамасыз етіп келеді;

- Орталықтың қонақүй  типтес 30 орындық жеке жатақханасы бар.

Байланыс деректері

Мекен жайы: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 49а.

Тел:(7172) 53-95-45, 53-95-23, 53-94-38