Интернатура және резидентура орталығы

Басшылық

Сыздықова Айнұра Сайлаубайқызы

Басшысы

медицина ғылымдарының кандидаты
1999 жылы Семей мемлекеттік медицина академиясын "Педиатрия" мамандығы бойынша бітірді. 1999 жылдан бастап 2002 жылға дейін СММА балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасында аспирантурада оқыды.
2003 жылдан бастап 2009 жылға дейін СММА ДЖФ Павлодардағы филиалының балалар аурулары кафедрасында ассистент болып жұмыс істеді. 2004 жылдың сәуір айында «Балалар арасындағы бронх демікпесінің таралуы және спецификалы иммунотерапияның тиімділігін арттыру» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 2010 жылдың қаңтар айынан бастап «Астана медицина университеті» АҚ клиникасында ассистент, содан кейін Клиникаға кіріспе кафедрасында доценттің міндетін атқарушы болып жұмыс істеді.
2010 жылғы қыркүйек айынан бастап 2019 жылғы тамыз айына дейін «Астана медицина университеті» КеАҚ интернатура және жұмысқа орналастыру деканы болып қызмет атқарды, 2019 жылғы қыркүйек айынан бастап Дипломнан кейінгі білім беру орталығының басшысы, 2020 жылғы шілде айынан бастап Интернатура және резидентура орталығының басшысы.

Кадрлық құрам

Қуанышқалиева Айнура Қайратқызы

Бас маман

Аманбекова Аймира Аманбекқызы

Бас маман

Анарбекова Гүлнұр Жаппарқызы

Жетекші маман

Жунусова Қуаныш Өмірзаққызы

Жетекші маман

Абжалиева Ұлпан Асылбекқызы

Жетекші маман

Құрылу тарихы

Интернатура және резидентура орталығы (бұдан әрі - ИжР орталығы) интернатура және жұмысқа орналастыру жөніндегі деканатты және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деканатын қайта ұйымдастыру есебінен құрылды.
Интернатура және резидентура орталығы – ЖОО департаменттері мен кафедралардың өзара іс-қимылын ұйымдастыратын және жоғары оқу орнынан кейінгі (интернатура мен резидентура) білім беру бағдарламаларын іске асыратын кафедралардың оқу процесін үйлестіретін құрылымдық бөлімше.
2009 жылы «Астана медицина университеті» АҚ құрылымының өзгеруіне және «АстМУ» АҚ Директорлар кеңесінің 2009 жылғы 4 ақпандағы № 2 шешіміне байланысты интернатура секторы интернатура және жұмысқа орналастыру бөлімі болып қайта құрылды. 2010 жылы «АстМУ» АҚ Директорлар кеңесінің 2.08.2010 ж. шешімімен интернатура және жұмысқа орналастыру бөлімі интернатура және жұмысқа орналастыру жөніндегі деканат болып қайта құрылды. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығы 2019 жылдың 9 қыркүйегінде интернатура және жұмысқа орналастыру жөніндегі деканатты және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деканатын қайта құру арқылы құрылды.
Интернатура және резидентура орталығы Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген «Астана медицина универстиеті» КеАҚ-тың жаңа ұйымдық құрылымына сәйкес 2020 жылдың шілде айында құрылды.

Нормативтік-реттемелеуші құжаттар


Мақсаттар

Денсаулық сақтау саласын медицина кадрларымен қамтамасыз ету мақсатында интернатура мен резидентурада жоғары білікті мамандар даярлау.
Негізгі міндет жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру бағдарламасын іске асыруға және интернатура мен резидентура студенттерінің практикалық дайындығын жақсартуға, олардың кәсіби деңгейін және дербес дәрігерлік қызметке дайындық дәрежесін арттыруға бағытталған білім беру процесін ұйымдастыру болып табылады.

Қызмет

ИжР орталығының негізгі қызметі факультеттегі оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз ету болып табылады. ИжР орталығы қызметінің түрлері:
- оқу процесін жоспарлау, ұйымдастыру, мониторингілеу және бақылау;
- интерндер мен резиденттерге оқыту сұрақтары бойынша ақпараттық-анықтамалық кеңес беру;
- білім алушыларды даярлау сапасын жетілдіру, жаңа білім беру технологияларын енгізу;
- отырыстарда білім беру қызметінің сапасы мәселелерін жүйелі түрде қарау, талдау жүргізу, түзету және алдын алу іс-әрекеттерін, процестерді жақсарту бойынша ұсынымдарды қабылдау;
- факультет қызметінің сапасын мониторингілеу, талқылау, талдау және кемшіліктерді жою мен процестерді жақсарту бойынша іс-әрекеттер жасау.

Жетістіктер

Интернатурада және резидентурада оқу кезінде білім алушылар академиялық ұтқырлық шеңберінде (Словения, Италия, Жапония, Түркия және т.б.) халықаралық алмасу бағдарламаларына тұрақты қатысады, сондай-ақ спорттық және ғылыми қызметті дамытуға белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болады.
Жыл сайын «Астана медицина университеті» КеАҚ практикалық денсаулық сақтау саласына 1000-нан астам жас маман даярлайды. Барлық түлектер сұранысқа ие және Қазақстан Республикасының барлық өңірлеріне жұмысқа орналасады, сондықтан жұмысқа орналасу көрсеткіші 90% -дан асады.

Байланыс деректері

Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а,
2-қабат, 51-корпус, 211-212-кабинет
тел. 53-94-45 (интернатура)
27-22-82 (резидентура)
27-01-75 (ИжР орталығының басшысы)