Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасы

Басшылық

Омарова Бибіжамал Қожахметқызы

кафедра меңгерушісі
2017 жылғы қыркүйек айынан Қазақстан тарихы және философия кафедрасы меңгерушісі қызметін т.ғ.к., профессор м.а., Бибіжамал Қожахметқызы Омарова атқаруда. Бибіжамал Қожахметқызы Омарова Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің тарих факультетін бітірген.

Кадрлық құрам

Даулбаева Жаннат Ибрагимқызы

Доцент, м. ғ. к.
доцент, философия ғылымдарының кандидаты

Қамзаев Бекжан Қанатұлы

аға оқытушы
аға оқытушы, тарих ғылымының магистрі

Әминова Жанар Талғатбекқызы

Аға оқытушы

Айсабеков Дулат Талғатбекұлы

Аға оқытушы

Калменова Бақытгүл Тулаққызы

Аға оқытушы

Карбозов Әлібек Ерденұлы

Аға оқытушы

Бектаева Индира Балтабайқызы

Аға оқытушы

Аязбаева Сауле Құлатайқызы

Аға оқытушы

Колғанатова Света Бөлекқызы

Аға оқытушы

Рахимжанова Бақытбала Хазирқызы

Аға оқытушы

Рахимова Гүлжазира Илялқызы

Аға оқытушы

Бектаева Меруерт Баймаханқызы

Аға оқытушы

Талғатбеков Адлет Фархатұлы

Аға оқытушы

Кошатаев Асқар Жаукенұлы

Аға оқытушы

Канжил Шакирт

Аға оқытушы

Байжиенова Қымбат Тілегенқызы

Аға оқытушы

Урустембаева Жазира Төлебайқызы

Аға оқытушы

Құрылу тарихы

 Кафедраның тарихы 1965-1966 оқу жылынан басталады, алғашында ол философия кафедрасы болып құрылған болатын. Кафедраның қалыптасуы мен дамуына сол кездегі кафедра меңгерушілері т.ғ.к., доцент Токарева М.А., т.ғ.к., доцент  Попова Р.И, ф.ғ.к. Краснов Г.П, Гагарин Н.С., Пак Н.Д. зор үлестерін қосқан. Олар осы құрылымдық бөлімді 1965-1981 жылдар аралығында басқарған.

1982-1984 жылдар аралығында кафедраны ф.ғ.к. Виктор Константинович Шапров басқарды. Оның басшылығымен кафедра қызметінің ауқымы едәуір кеңейіп, оқытушылар ғылыми және тәрбие жұмыстарына белсене кірісті.

1984-1996  жылдар аралығында кафедра меңгерушісі болып ф.ғ.к. Любовь Васильевна Саницкая қызмет атқарды.

1996-2002 жылдар аралығында кафедра меңгерушісі болып э.ғ.к., доцент Тамара  Григорьевна Шляхтич қызмет еті.

2002-2003 оқу жылы ф.ғ.к. Гүлнар Шәйдайқызы Насилина кафедра меңгерушісі болып тағайындалды. Гүлнар Шәйдайқызы Насилина А. Жданов атындағы ЛМУ философия факультетінің түлегі, бірнеше ғылыми еңбектердің авторы.

2003 жылы ақпан айынан бастап кафедра саяси-қоғамдық пәндер кафедрасы болып бөлініп шығып кафедра меңгерушісі болып с.ғ.к., доцент Имакова Ғазиза Османқызы тағайындалды.

2003-2004 жылдары кафедраны аға оқытушы Айтбаева Р.Т. басқарды.

2004-2006 жылдары кафедраны Семей педогогикалық институтының түлегі ф.ғ.д., профессор Қалимаш Қабсаматқызы Бегалинова басқарды. Ол кісі медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған бірқатар кітаптар мен оқу құралдарының авторы.

2006-2007 жылдары  кафедра меңгерушісі болып М.В Ломоносов атындағы ММУ түлегі,  ф.ғ.к., доцент Иманғали Сарбасов тағайындалды.

2007 жылғы ақпаннан 2008 жылғы қарашаға дейін ӘГП кафедрасын Е. Букетов атындағы Қарағанды МУ түлегі, ф.ғ.к. Никира Асылбекқызы Омарова басқарды.

2008 жылғы қарашадан 2009 жылғы тамыз айына дейін ӘГП кафедрасы меңгерушісі қызметін т.ғ.к., доцент Талғатбек Махметұлы Әминов атқарды. Талғатбек Махметұлы Әминов Алматы жоғары партия мектебі мен Алматы халық шаруашылық институтының түлегі.

2009-2010 оқу жылынан бастап философия және социология кафедрасы бөлініп шықты. 2009 жылғы тамыз айынан 2017 жылдың тамызына дейінт.ғ.к., профессор Т.М. Әминов кафедра меңгерушісі болды.

2017 жылғы қыркүйек айынан Қазақстан тарихы және философия кафедрасы меңгерушісі қызметін т.ғ.к., профессор м.а., Бибіжамал Қожахметқызы Омарова атқаруда. Бибіжамал Қожахметқызы Омарова Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің тарих факультетін бітірген.

Мақсаттар

Тарихшы емес болашақ мамандарды тарихи біліммен қаруландыру, студенттерді патриотизм мен гуманизмге тәрбиелеу; бүгінгі Ұлы Дала елі  аумағындағы тарихи үдерістің бастаулары, негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы объективті мағлұмат беру; студенттерге тарихтың іргелі  мәселелерінің мәнін жеткізу; тарихи танымның ғылыми әдістерін пайдалануға студенттерді үйрету және олардың ғылыми көзқарасы мен азаматтық ұстанымын қалыптастыру.


Қызмет

- Оқу жоспарларында бекітілген кафедра пәндері бойынша оқу нысандарында оқу процесін жүзеге асыру;

- Кафедра жоспарына сәйкес ағымдық сұрақтарды кафедра отырысында талқылау.

Оқу-материалдық базасы:

Кафедраның қарамағында сегіз сабақ жүргізу аудиториясы мен екі кабинет (кафедра меңгерушісі мен оқытушыларға арналған), сондай-ақ екі шаруашылық (қосалқы) жайы бар. Олардың жалпы ауданы 268,4 шаршы метр.

Кафедрада принтері қосылған 8 компьютер, 1 сканер жұмысқа қосылған.

Оқу-әдістемелік жұмысы:

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің нұсқамалылық хатына сәйкес кафедрада іс-қағаздарының барлық құжаттары бар. Соның ішінде: кафедра және профессор-оқытушылардың қызметі туралы ереже, барлық мамандықтардың студенттері үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған типтік және жұмыс бағдарламалары, студенттер мен оқытушыларға арналған әдістемелік ұсыныстар, педагогикалық және кафедралық журналдар, қосымша сабақ беру журналдары бар.

Кафедраның тарихы туралы арнайы стенд жасалған. Бұған қоса, оқу-әдістемелік, ғылыми, ұйымдастырушылық және тәрбие жұмыстары көрсетілен стендтер бар. Стендтер дәріс беру және практикалық сабақтар жүргізу кезінде кеңінен пайдаланылады.

Кафедрада «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» және «Современная история Казахстана» пәні бойынша мемлекеттік емтихан өткізуге, «Философия» пәні бойынша ағымдағы емтихан өткізуге байланысты  ұйымдастырушылық-әдістемелік іс-шаралары уақтылы жүзеге асырылады.

Ғылыми жұмысы:

Кафедрада студенттердің ғылыми үйірмесі ұйымдастырылып, жұмыс істейді. Университет студенттерінің қорытынды ғылыми конференциясына үйірменің атынан жыл сайын 5-7 ғылыми баяндама ұсынылып отырады, кейінірек олар ғылыми журналдарда жарияланады.

2010 жылғы сәуір айында Қазақстан тарихы кафедрасы, философия және социология кафедрасымен бірлесіп, «2010 стратегиялық жоспары: Қазақстанның қазіргі кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы» деген тақырыпқа студенттердің ғылыми конференциясын өткізді. Онда 40-тан астам студент баяндама жасады. Ең жақсы деген бағаға ие болған 9 баяндамашы  үйлестіру комитетінің құрмет грамоталарымен марапатталды, ал қалған баяндамашыларға алғыс хаттар табыс етілді. Конференцияда жасалған баяндамалар топтастырылып,  жинақ болып университет баспасынан шығарылды. 

Сондай-ақ  2010-2011 оқу жылы  22 сәуірде «Тәуелсіз Қазақстанға - 20 жыл:  Республиканың қазіргі кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы» атты  студенттердің    ғылыми конференциясы ұйымдастырылып өткізілді. Онда 85-тан астам студент баяндама жасады. Ең жақсы деген бағаға ие болған  баяндамашы  жүлделі орындар, ал қалған баяндамашыларға алғыс хаттар табыс етілді.

2012-2013 оқу жылғы желтоқсан айында «Тәуелсіз Қазастанның жарқын болашағы жолындағы 20 қадам» деген тақырыпқа, 2013-2014 оқу жылғы 12 желтоқсанда «Халық тарих толқынында: Тәуелсіздік жолындағы ұлт-азаттық қоғалыстар» деген тақырып бойынша студенттермен ғылыми конференциялар өткізілді.

2015-2016 оқу жылғы 23 қазан айында «Қазақ хандығының 550  жылдығы- Қазақстан мемлекеттілігі тарихының маңызды кезеңдері» атты оқытушылар мен студенттерге арналған халықаралық ғылыми – практикалық конференция өткізілді.

2016-2017  оқу жылғы 9 желтоқсан айында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік және Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуы» атты халықаралық деңгейдегі ғылыми – практикалық конференция өткізілді.

2017-2018 оқу жылғы 4 желтоқсан айында «Алаш Ордаға 100 жыл» атты ғылыми – танымдық дөңгелек стол ұйымдастырылды.

2018 жылы 11-12 сәуірде Университет қабырғасында жас ғалымдар мен студенттердің халықаралық 60-шы мерейтойлық ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына кафедра оқытушылары белсене қатысты.

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференцияларға  қатысып, баяндамалар жасайды.

Жыл сайын республикалық баспаға кафедра оқытушыларының 10-15 ғылыми мақалалары жарияланады. Профессор-оқытушылар құрамы халықаралық және республикалық конференцияларға белсене қатысып баяндамалар жасайды.

Т.ғ.к., Т.М. Аминов 2008-2009 оқу жылында «Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін)» оқу құралын шығарды. Профессор, т.ғ.д., С.З. Баймағамбетов «Развитие здравоохранения Республики Казахстан в 1980-2000 гг.» атты оқу-әдістемелік құралын шығарған болатын. Аға оқытушы Карбозов А.Е. «Саясаттану пәні бойынша интерактивті әдістерді қолдану» атты оқу құралын шығарды.

Кафедра доценті, т.ғ.к., Б.К. Омарова мен аға оқытушы, тарих ғылымдарының магистрі Б.К. Камзаев 2011 және 2013 оқу жылында барлық мамандықтарға арналған  «Қазақстан тарихы» атты оқу құралын шығарды.

Профессор,т.ғ.к., Т.М. Аминов 2017 жылы үш тілде жазылған «Қазіргі Қазақстан тарихы», «Современная история Казахстана» және «Modern history of Kazakhstan» атты оқу құралдарын шығарды.

Кафедра доценті ф.ғ.к., Ж.И. Даулбаева 2017-2018 оқу жылында «Философия» атты оқу құралын баспадан шығарды.

Тәрбие жұмысы:

Кафедра оқытушылары  Университет тарапынан жүргізілетін және Астана қаласының әкімдігі ұйымдастыратын барлық іс-шараларға, яғни студенттердің шығармашылық қабілетін танытуға арналған  іс-шараларға белсенді қатысады.

Студенттер арасындағы тәрбие  жұмысы тек сабақта ғана емес, сонымен қатар сабақтан тыс уақытта да жүргізіледі. Студенттер арасындағы тәрбие жұмысы сабақ кезінде кафедра қызметінің ерекшелігіне сәйкес жүргізіледі. Әрбір дәріс және семинарлық сабақтардың негізгі мазмұнын ашумен қатар тәрбиелік тұрғыдан оқытылады. Студенттер әлеуметтік – гуманитарлық пәндерді оқу барысында «Қазақстан – 2030», «Қазақстан – 2020»,«Қазақстан – 2050» стратегиясының негізгі басымдықтарымен, Президенттің Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауларымен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің тарихымен,  Қазақстан жерінде тұратын ұлттық-этникалық топтардың салт-дәстүрлерімен танысады. Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні бойынша өткізілетін семинар сабақтары аясында  І курс студенттері Президенттің мәдени орталығына, Сәкен Сейфуллиннің тарихи  музей-үйіне саяхат жасайды. Сонымен қатар студенттер семинар сабақтарына Қазақстан қоғамының  әлеуметтік-саяси өміріндегі аса маңызды оқиғаларына арналған рефераттар дайындайды.

Кафедра оқытушылары 1, 2 курс студенттерінің топ кураторлары болып табылады. Жылда конкурс бойынша анықталатын  «Үздік куратор»  номинациясын кафедра оқытушылары Ж.Т.Аминова және С.Б.Қолғанатова жеңіп алды.

Оқу жылы барысында кураторлар жатақханада тұратын студенттерімен жиі-жиі кездесіп, олармен қоғамдық-саяси тақырыптарына арналған  әңгімелер мен дәрістер  өткізеді.

Кафедраның тәрибе жұмысы жоспарына салауатты өмір салтын қалыптастыруға, соның ішінде студенттердің бос уақытын мәдени тұрғыдан ұйыдастыруға, олармен спорт жарыстарын өткізуге арналған іс-шаралар енгізіледі.


Жетістіктер

Кафедраның оқу-әдістемелік, ғылыми және тәрбие жұмыстары білім беру саласындағы  нормативтік – құқықтық құжаттарға, ҚР Медицина жоғары оқу орындарының  ОӘК  нұсқамалық хаттарына сәйкес жүргізілуде.

Кафедраның оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстары едәуір жақсарды, бұл туралы осы ақпараттың тиісті бөлімдерінде нақты айтылған.

Осының барлығы оқу процесінің сапасын арттыруға оң әсерін тигізеді. Мәселен, студенттер биылғы оқу жылының қысқы сессиясында «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні бойынша өткізілген мемлекеттік емтиханда негізінен «жақсы» және «өте жақсы» деген бағалар алды.

Жыл сайын халықаралық деңгейдегі ғылыми-практикалық конференциялар табысты өткізілді, соның ішінде Қазақ хандығының 550-жылдығына және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған конференциялар аса жоғары деңгейде өтті. 2017 оқу жылында  Алаш Орданың 100 жылдығына байланысты дөңгелек стол ұйымдастырылды. Ғылыми жұмыстағы жетістіктері үшін кафедра 2017 жылы «АМУ» АҚ Ректорының Алғыс хатымен марапатталды.


DSC_0001.JPG

DSC_0010.JPG



Байланыс деректері

Бейбітшілік көшесі, 53, 5 қабат.
Байланыс телефоны: 53-95-31