Биостатистика, биоинформатика және ақпараттық технологиялар кафедрасы

Басшылық

Абдикадыр Жанат Нысанбеккызы

Бөлім бастығы
Физика магистрі, кафедрада 2001 жылдан бастап жұмыс атқарады. Ол биостатистика, медициналық биологиялық физика, информатика және деректерді статистикалық талдау пәндері бойынша практикалық сабақтардың әдістемелік жұмыстарын дайындады. 20-дан астам ғылыми және оқу әдістемелік жарияланымдардың авторы. 
2015-2016 оқу жылындағы жобаға қатысу. «Астана медицина университеті» АҚ Радиобиология және радиациялық қорғау институтында м.ғ.д., профессор Қазымбет Полат Қазымбетұлының басшылығымен «Қазақстан Республикасының уран өнеркәсібінің қызметкерлері арасында кәсіби ауруға шалдығу қаупін азайту» жобасына статистикалық талдау жасау. 
2016-2017 оқу жылы. «Жұмыс істеудің, еңбекке жарамсыздықтың және денсаулықтың халықаралық классификациясы ережелерін ескере отырып, мүгедектікті анықтау критерийлерінің балдық жүйесін әзірлеу» жобасына статистикалық талдау жасау. 
2018-2020 оқу жылы. «Негізгі жүрек-тамыр ауруларының кешенді профилактикасы және өңірдің климаттық-метеорологиялық, экологиялық факторларын ескере отырып, біріншілік медициналық-санитариялық көмек көрсету жағдайында өлімге ұшырау оқиғаларының санын азайту» атты ғылыми жобаның статистикалық талдау жасау.

Кадрлық құрам

Алтаева Айгуль Умурзаковна

Аға оқытушы, Ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша Магистр
Магистратураны аяқтаған соң, Астана медицина университетінің "биостатистика, биоинформатика және ақпараттық технологиялар" кафедрасында жұмысын жалғастырды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институтының "ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалану саласындағы кәсіби құзыреттілікті дамыту" циклы бойынша толық курсын тыңдады. Ғылыми конференцияларда студенттердің ғылыми жетекшісі. Ғылыми мақалалар мен әдістемелік ұсыныстар саны -10. Стоматология факультетінде білім беру бағдарламасы бойынша сапаны қамтамасыз ету комитетінің мүшесі, жалпы медицина факультетінің кеңесіне кіреді.

Арипбаева Айнура Ахметхановна

Аға оқытушы, «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша Магистр.
«АМУ» КеАҚ жалпы 19 жыл еңбек өтілі бар. Инновациялық технологиялардың заманауи үлгісіне сай, қоғам талап ететін креативті педагог сұлбасына сай болу мақсатында бірнеше біліктілікті арттыру курстарын талапқа сай өтіп отырады. 
Жаңа оқу технологиясын енгізуге бағытталған жаңаша оқыту үрдісін жүзеге асыруда. Жас ғалымдарға жетекшілік етеді. Ғылыми мақалалар саны – 7. Кафедраның құрамында оқу –әдістемелік  жұмыстарға ынталы түрде ат салысады. 

Баймаханбетова Асем Канатовна

аңа оқытушы
«Математика және Информатика» мамандығы/бағыты бойынша Оқытушы біліктілік дәрежесіне ие.
«АМУ» КеАҚ жалпы 13 жыл еңбек өтілі бар. Инновациялық технологиялардың заманауи үлгісіне сай, қоғам талап ететін креативті педагог сұлбасына сай болу мақсатында бірнеше біліктілікті арттыру курстарынан бекітілген талапқа сай өтіп отырады. 
 «Информатика пәні бойынша тесттік тапсырмалары» әдістемелік құралын және «Медициналық-биологиялық зерттеулердегі статистикалық жорамалдарды тексеруге арналған компьютерлік бағдарламаларды қолдану» оқу құралының бірлескен авторы. Жаңа оқу технологиясын енгізуге бағытталған жаңаша оқыту үрдісін жүзеге асыруда. Ғылыми конференцияларда студенттердің ғылыми жетекшісі.   Ғылыми мақалалар саны – 4. Кафедраның құрамында оқу - әдістемелік  жұмыстарға ынталы түрде атсалысады. 

Бактиярова Назира Акжигитовна

аға оқытушы
Астана медицина университетінің "Биостатистика, биоинформатика және ақпараттық технологиялар" кафедрасында 2010 жылдан бастап жұмыс істейді. Ғылыми конференцияларда студенттердің ғылыми жетекшісі. Ғылыми мақалалар мен әдістемелік ұсыныстар саны -6.

Джаулыбаева Эльвира Бейсембаевна

Аға оқытушы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі, Мамандығы «050601-Математика».
Математика курсына және кафедраның тәрбие жұмысына жауапты. Жалпы еңбек өтілі - 11 жыл. Биостатистика, биоинформатика және ақпараттық технологиялар кафедрасында 2010 жылдан бастап жұмыс істейді. Кафедраның оқу-әдістемелік құжаттамасын ұйымдастыруға және жүргізуге қатысады. 10-нан астам ғылыми жұмыстардың авторы және ғылыми конференцияларда студенттердің ғылыми жетекшісі. Бірнеше біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

Джаулыбаева Жазира Бейсембаевна

Аға оқытушы, Жаратылыстану ғылымдарының магистрі.
Магистратураны аяқтаған соң, еңбек жолын Атырау мұнай және газ университетінде “Автоматтандыру және басқару” кафедрасында оқытушы қызметін атқарды. Астана медицина университетінде “Биостатистика, биоинформатика және ақпаратық технологиялар” кафедрасында аға оқытушы қызметін жалғастыруда. Ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысуда белсенді. Шет тілін жетік меңгерген. Ақпараттық коммуникациялық технологиялар пәні бойынша шет ел студенттеріне дәріс беруде.

Жүнісова Ұлжалғас Мұратбекқызы

Аға оқытушы, техника ғылымдары магистрі.
Жалпы еңбек өтілі: 11 жыл. "Астана медицина университеті" КЕАҚ, «Биостатистика, биоинформатика және ақпараттық технологиялар» кафедрасында 2013 жылдан бастап жұмыс істейді. Еңбек қызметі барысында педагогикалық, кәсіби, ғылыми-зерттеу қызметі бойынша біліктілікті арттырудың түрлі бағдарламаларына қатысқан және сертификаттар мен куәліктерге ие. 13 ғылыми жарияланымдардың авторы, оның ішінде 10 мақала SCOPUS базасындағы журналдарда жарияланған. Хирш Индексі-1. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген. IELTS сертификаты бар. Шетелдік студенттерге ағылшын тілінде "ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" және "биостатистика негіздері" пәндерінен сабақ береді. «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының білім беру бағдарламасы бойынша сапаны қамтамасыз ету комитетінің мүшесі.

Каипова Асемгуль Шабиденовна

Кафедраның оқу ісі бойынша меңгерушісі, аға оқытушысы, Ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша Магистр.
Еңбек өтілі 19 жыл. Орыс және қазақ тілдеріндегі бірнеше оқу құралының авторы. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институтының "ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалану саласындағы кәсіби құзыреттілікті дамыту" мамандығы бойынша толық курсын тыңдады. Ғылыми конференцияларда студенттердің ғылыми жетекшісі. Ғылыми мақалалар мен әдістемелік ұсыныстар саны -15.

Калиева Жаныл Ахметовна

Аға оқытушы
Жалпы еңбек өтілі: 37 жыл. КеҚ «Астана медицина университетінде» Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің қалыптасу күнінен 1991 жылдан бастап жұмыс істейді және сол жылдары ЦММИ қабырғасында алғаш рет қазақ бөлімшесін ашылуына үлесін қосқан. Қалиева Ж.А. медбиофизика курсының меңгеруші қызыметін, оқу ісінің меңгеруші жұмысын және кафедра меңгерушісінің міндеттерін атқарды. Жұмыс істеген кезеңінде Қалиева Ж.А. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биофизика бойынша тағылымдамадан өтті. «Медициналық биофизика» оқулығының авторы, медициналық биофизика бойынша 15-ке жуық оқу құралдары жарық көрді. Республикалық, халықаралық журналдарда 100-ге жуық ғылыми жарияланым жарық көрді. Медбиофизика, АКТ, биостатистика пәндері бойынша оқу-әдістемелік кешендер әзірленді. Кафедрада инновациялық технологияларды енгізу бойынша жұмыстар жүргізілді және жауапты. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін біледі.

Мұхамеджанова Әсел Узбекқызы

Аға оқытушы, қолданбалы математика мен информатика магистрі.
Кафедрада ғылыми-зерттеу жұмыстарына жауапты. Орыс, қазақ тілдерін жетік біледі, ағылшын тілі сөйлеу деңгейінде.

Оспанова Галия Карталовна

Аға оқытушы, Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша Магистр.
Магистратураны бітіргеннен кейін «Биостатистика, биоинформатика және ақпараттық технологиялар» кафедрасында жұмысын жалғастырды. Оқытудың жаңа технологияларын тиімді түрде енгізеді. Мультимедиялық оқулықтың апробациясына қатысты. Ғылыми конференцияларға қатысушы студенттердің жетекшісі. Ғылыми мақалалар мен әдістемелік нұсқаулар - 10.

Султанова Жанна Джиенгельдиновна

Аға оқытушысы, Ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша Магистр.
Магистратураны аяқтаған соң, Астана медицина университетінің "биостатистика, биоинформатика және ақпараттық технологиялар" кафедрасында жұмысын жалғастырды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институтының "ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалану саласындағы кәсіби құзыреттілікті дамыту" мамандығы бойынша толық курсын тыңдады. Ол «Облыстың климаттық, метеорологиялық және экологиялық факторларын ескере отырып, алғашқы медициналық-санитарлық көмек кезінде негізгі жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім-жітімді төмендету және комплекстік профилактика" ғылыми жобасына қатысты (жетекшісі Т.З. Сейсембеков), басқа оқытушылармен бірге «Шымкент қаласының тұрғындары арасындағы церебральды инсультпен ауыратын науқастардың өлім-жітімнің маусымдық динамикасы» объектінің авторлық құқық туралы куәліктің иегері болып табылады. Ғылыми мақалалар мен әдістемелік ұсынымдар – 10. Шетелдік студенттерге АҚТ және биостатистика пәндерінен сабақ жүргізеді

Тастанова Айнур Сериковна

Аға оқытушысы, Ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша Магистр
2001ж. – 2008 ж. С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жұмыс істеген. 2008 жылдан бері Астана медицина университетінің "биостатистика, биоинформатика және ақпараттық технологиялар" кафедрасында жұмысын жалғастыруда. 2015 жылы “Үздік куратор” номинациясы бойынша лауреат дипломымен марапатталған. 20 дан аса ғылыми-мақалалардың авторы. Кафедраның құрамында оқу –әдістемелік жұмыстарға ынталы түрде ат салысады

Шоханова Гульмира Маратовна

зертханашы

Бобринская Вера Николаевна

Лаборант

Құрылу тарихы

Тапсырмалар

–Информатика, математика және биостатистика пәндерінің оқу жоспарларына және бағдарламаларына сәйкес студенттердің ағымдық, аралық және қорытынды бақылауларын ұйымдастыру, оқу үдерісінің жаңа талаптарына сүйене отырып әдістемелік, тәрбиелік жұмыстарды жоспарлау.

–Жаңа ақпараттық технологияларды оқу процесіне енгізу тұрғысында ғылыми зерттеулерді жоспарлау және өткізу.

Мақсаттар

«Жалпы медицина», «қоғамдық денсаулық сақтау», «стоматология», «фармация», «мейірбике ісі» мамандықтары бойынша бакалавриат және магистратура бағдарламалары үшін жоғары білікті медициналық кадрларды даярлау мақсатында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, жоғары математика және биостатистика пәндері бойынша кафедрада оқу процесін ұйымдастыру.
Оқу процесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу. Кафедраның ОПҚ біліктілігін, ғылыми әлеуетін арттыру.
Кафедрадағы оқу процесінің сапасы мен тиімділігін арттыру.
Тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыру арқылы студенттердің дүниетанымын кеңейту.

Қызмет

Кафедраның оқу ісі бойынша қызметі
оқу сабақтарының барлық түрлерін оқыту нысандары бойынша өткізу;
қызметкерлердің оқу - әдістемелік, ғылыми жұмыстары және студенттермен тәрбие жұмысының жоспарлық және ағымдық мәселелерін талқылау үшін кафедра отырысын өткізу;
кафедрадағы пәндер бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеу;
кафедра бейіні бойынша оқу процесін оқу-әдістемелік және ұйымдастырушылық-әдістемелік кешендерімен қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
оқулықтарды, оқу құралдарын және басқа ғылыми / оқыту, оқу-әдістемелік әдебиеттерді баспадан шығару
Кафедраның ғылыми қызметі
Кафедра оқытушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыбы: 
Оқу процесіне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және ғылыми зерттеу. Статистикалық бағдарламалардың көмегімен ғылыми-зерттеу деректерін өңдеу, ғылыми зерттеулер мен оқу деректерінің нәтижелерін компьютерде визуализациялау және әдістемелік нұсқауларды құрастыру жүзеге асырылады. Зерттеу бағыты - биомедициналық, клиникалық және профилактикалық мәселелермен байланысты жаңа ақпараттық технологиялар мен процестер.
«Облыстың климаттық, метеорологиялық және экологиялық факторларын ескере отырып, алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету кезінде негізгі жүрек-қан тамыр ауруларынан болатын өлім-жітімді алдын-алу және азайту» (2018-2020 жж.).
Кафедраныңтәрбие жұмысы
Кафедра оқытушыларының студенттермен тәрбие жұмысына белсенді қатысуы;
Студенттің азаматтығын, парасаттылығын, дербестігін, ар-намысын және өмірлік ұстанымды анықтауда, кәсіби шешім қабылдауда жеке жауапкершілік сезімін дамыту;
Білім алушыға әсер етудің жаңа технологияларын іздеу және енгізу, оларды жүзеге асыру үшін жағдай жасау;
Мәдени-көпшілік шараларды, конференцияларды, семинарларды ұйымдастыру.

Жетістіктер

Қазіргі таңда ақпараттық коммуникациялық технологиялар және биостатистика кафедрасында «ақпараттық коммуникациялық технологиялар», «биостатистика» және басқа да электив пәндері бойынша сабақтар жүргізіледі. Кафедрада университеттегі барлық мамандықтардың 1, 2 және 4-курс студенттеріне сабақ өткізіледі, биостатистика пәні бойынша магистранттар, докторанттар және резиденттер оқытылады. Медициналық жабдықтар мен құрылғылар, медицинадағы ақпараттық технологиялар, денсаулық сақтаудағы ақпараттық жүйелер, визуализациялау әдістері және деректерді презентациялау бойынша электив пәндердің топтамасы әзірленді.
«Ақпараттық коммуникациялық технологиялар»пәндері бойынша практикалық сабақтар өткізуге арналған ЭЕМ–мен жабдықталған 8 кабинет бар. Мұнда оқу-материалдық базаны жабдықтау және кафедра оқытушыларының біліктілігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізіледі. Кафедрадағы оқу процесін дамыту үшін 1, 2, 3-курс студенттеріне арналған келесі компьютерлік заманауи бағдарламалар енгізілді: мәліметтерді статистикалық өңдеуге арналған SPSS, Statistics 6.0, студенттерді тестілеу бағдарламалары.
Оқу процесіне ақпараттық жаңа технологияларды енгізу, студенттерге арналған жаңа әдістемелік нұсқауларды әзірлеу, барлық тақырыптардың және пәндердің тест тапсырмаларын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Студенттер үшін ақпараттық коммуникациялық технологиялар, медицинадағы ақпараттық технологиялар және биостатистика пәндері бойынша тест тапсырмаларының базасы құрылды және ЭЕМ-да сұрақ–жауап алу тестілерінің электрондық нұсқалары жасалды. Пәндер бойынша ақпараттық-дидактикалық блоктардың электрондық нұсқалары әзірленді. Дәріс материалдары дәріс мәтіні түрінде, мультимедиалық презентация, слайдтар жиыны түрінде көрсетіледі. Дәрістердің, практикалық сабақтардың, өздік жұмыстардың концепт-карталары әзірленіп жатыр. Ақпараттық коммуникациялық технологиялар, биостатистика пәндерінен қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сабақ өткізу үшін әдістемелік материалдарды жасау жұмыстары жүргізілуде.
Соңғы 5 жыл ішінде ақпараттық коммуникациялық технологиялар, медициналық биофизика, биостатистика пәндері бойынша студенттерге арналған оқу әдістемелік нұсқаулардың 10 жинағы шықты. Оқытушылардың барлығы визуализациялаудың инновациялық әдістерін, тест тапсырмаларының әдістемесі сияқты біліктілікті арттыру курстарын оқыды. Кафедра меңгерушісі Ж.Н.Абдикадыр және аға оқытушы Ж.Д.Сұлтанова оқу бағдарламаларын жасауға қатысты және үлгілік бағдарламалардың бірлескен авторлары.

Байланыс деректері

Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 49а, 6-қабат, 604 каб. тел.: 8(7172) 53-95-44