Қоғамдық денсаулық және менеджмент факультеті

Басшылық

Даленов Ерболат Дербісәліұлы

Декан

Профилактикалық медицина және нутрициология кафедрасының меңгерушісі, Қазақстан Республикасы профилактикалық медицина академиясының академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор.

Профессор Е.Д.Даленовтың барлық еңбек және ғылыми қызметі Целиноград медициналық институтымен, қазір «Астана медицина университеті» КеАҚ-пен (1969 жылдан) байланысты.

1972 жылы кандидаттық диссертацияны қорғағаннан кейін патологиялық физиология кафедрасында ассистент, аға оқытушы, доцент, профессор болып жұмыс істеді. 1983-1987 жылдар аралығында емдеу факультеті деканының орынбасары, «жедел жәрдем ауруханасының реаниматология бөлімінің» ғылыми кеңесшісі қызметін қоса атқарды. Институттың, қаланың және облыстың жас ғалымдар кеңесінің төрағасы ретінде (жас ғалымдар құрамында СӨС ПФ ҒО құрудың негізін қалаушылардың бірі болды, ҚР-да СӨС ПФ ҒО Ақмола филиалын басқарды, 1976 жылы КСРО-ның 4 штатында болды), Аудандық және облыстық комсомол комитетінің мүшесі болды (70-ші жылдар).

1993 жылы Томск қаласында докторлық диссертация қорғады. Терминалдық және экстремалды жағдайлардың патогенезін, аурудың дамуы мен денсаулықтың жалпы механизмдерін зерттеумен, оларды бағалаумен және түзетумен байланысты ғылыми қызығушылықтары бар, нутрициология саласындағы ғылыми ізденістермен белсенді айналысты, саламатты және тағаммен емдеу мәселелерін ғылыми әзірлеуге, ҚР солтүстік аймағы халқының нақты тамақтануы мен тағамдық статусын зерттеуге елеулі үлес қосты. 5 ғылым докторы, 24 ғылым кандидаты, 21 магистр және PhD-докторлар дайындады.

ҚР халқының денсаулық сақтау ісіне сіңірген айрықша еңбегі үшін ҚР Президентінің Алғысхаттарымен, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің (2004 ж.) және ҚР БҒМ (2004 ж.) Құрмет грамоталарымен марапатталған. 2010-2011 оқу жылында «Теориялық кафедралар арасындағы үздік тәлімгер», «2011 жылғы ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағын алды. 2013 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.

2019 жылғы 9 қыркүйектен  бастап профессор Е.Д.Дәленов фармация, қоғамдық денсаулық сақтау, мейірбике ісі және стоматология факультеттері қайта құрылғаннан ашылған Қоғамдық денсаулық және менеджмент факультетінің деканы болып тағайындалды.

Кадрлық құрам

Баймагамбетова Айгерм Аскаровна

Деканының орынбасары
PhD Факультет деканының орынбасары

Шварц Валерий Валентинович

деканның орынбасары

м.ғ.к.

Факультет деканының орынбасары

Шолыкбаева Ауес Жумабаевна

бас маман

Айымбекова Карлыгаш Сыдыковна

маман

Құрылу тарихы

Факультет 2002 жылы құрылған. Факультеттің бейіндеуші кафедралары -  профилактикалық медицина және нутрициология кафедрасы және қоғамдық денсаулық кафедрасы.

2012 жылдан бастап 2019 жылға дейін «қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы «өоғамдық денсаулық сақтау, мейіргер ісі, фармация және стоматология» факультетінің құрамына кірді, осы уақыт аралығында факультет деканы, м.ғ.к., доцент А.А.Карибжанов болды. 24.07.2019 ж. «Астана медицина университеті» КеАҚ Басқармасының №7 шешімімен факультет «Қоғамдық денсаулық және менеджмент» факультеті болып құрылды.

Тапсырмалар

-     Қазіргі қоғамдық денсаулық сақтау жағдайында сапа мен қауіпсіздіктің ұлттық және халықаралық стандарттарына сәйкес білікті, бәсекеге қабілетті, инновациялық технологияларды, кәсіби білімді меңгерген медициналық қызмет көрсететін мамандар даярлаудың сапасын қамтамасыз ету;

-     Ғылым, білім және практика үштұғырлығына негізделген медициналық білім, практикалық денсаулық сақтау саласында менеджменттің және сапаны басқарудың инновациялық жүйелерін енгізу;

-     Әлемдік жетекші медициналық жоғары оқу орындарымен, қоғамдық денсаулық сақтау мектептерімен және ғылыми орталықтармен халықаралық әріптестік  орнату.


Миссия және мақсаттар

Факультеттің миссиясы: денсаулық сақтау, білім, ғылым және тәжірибе интеграциясы негізінде мамандардың үздіксіз кәсіптік дамуы жүйесінде жоғары білікті бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауың кешенді тәсілін қолдану.

Қызмет

Деканат жұмысы ҚР БҒМ және ҚР ДСМ бұйрықтары мен ережелеріне, факультет және деканат туралы ережеге, деканаттың бекітілген жұмыс жоспарына, лауазымдық және функциялық нұсқаулықтарға сәйкес жүргізіледі. Деканаттың жоспарлы отырыстарында кафедралардың жаңа оқу жылына дайындығы, студенттердің үлгерімі мен сабаққа қатысуы, емтихан сессияларының талдауы мен нәтижелері, оқу-әдістемелік, тәрбие жұмыстарын орындау, студенттердің тұрмыс жағдайы мен бос уақытын өткізу, кураторлық және тәлімгерлік жұмыстар және т.б. мәселелер қарастырылады. Деканат қызметкерлері үлгерімі төмен студенттермен студенттердің сабақтан қалу себептерін анықтау бойынша жұмыс істейді. Деканаттың мәліметтері мен шешімдері, тәртіп бұзушылықтар бойынша қабылданған шаралар студенттер мен кафедра қызметкерлеріне уақытында жеткізіледі.

Қазіргі таңда факультет кафедралары оқу процесіне оқытудың инновациялық әдістерін, бақылаудың жаңа түрлерін, аурулардың алдын алу мен емдеудің қазіргі заманғы әдістерін белсенді енгізіп жатыр, шетелдік серіктестермен білім беру және клиникалық қызмет бойынша халықаралық ынтымақтастықты кеңейтіп жатыр, студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына тартады.

«Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша (бакалавриат) МЖМБС осы мамандық шеңберінде «Денсаулық сақтаудағы саясат және менеджмент» және «Эпидемиология және профилактика» екі бағыт бойынша мамандарды дайындауға мүмкіндік береді.

Бакалавриатты бітіргеннен кейін бітіруші 5В110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша денсаулық сақтау бакалавры академиялық дәрежесі бар диплом алады.

«Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша денсаулық сақтау бакалавры біліктілігі келесі қызметтерді атқаруға құқығы бар: денсаулық сақтау менеджері (медициналық қызмет сапасы бойынша, медициналық қызмет көрсету стратегиясы мен маркетингі бойынша, медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру мен әдіснамасы бойынша), денсаулық сақтау саласындағы персоналмен жұмыс істеу жөніндегі менеджер (hr-менеджмент), қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы маман.

2018-2019 оқу жылынан бастап «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша жоғары білім базасында қашықтықтан оқыту технологиясы элементтерін қолдану және жаңа білім беру бағдарламасы бойынша жеделдетілген оқыту енгізілді.

2019-2020 оқу жылында жаңа МЖМБС сәйкес «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының жаңа білім беру бағдарламасы енгізілді.



Байланыс деректері

Нұр-Сұлтан қ. Бейбітшілік көш. 49а, 215 каб.

тел.: 8 (7172) 53-94-58, 53-94-80,

ішкі 226

e-mail: baimagambetova.a@amu.kz

   shvarts.v@amu.kz

             sholykbaeva.a@amu.kz

   aiymbekova.k@amu.kz