Филология пәндері кафедрасы

Басшылық

Жарықова Дидар Рымжанқызы

кафедра меңгерушісі

«Астана» медицина университетінде 1991 жылдан қызмет атқарып келеді, 2007 жылдан бастап кафедра меңгерушісі лауазымында.

Филологиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к,доцент Жарықова Дидар Рымжанқызы 1968 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы қаласында дүниеге келді.

1991 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетінің Қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің оқытушысы квалификациясын алды.

1991 жылы мемлекеттік жолдамамен Целиноград мемлекеттік медицина институтына оқытушы лауазымына қабылданды.

Осы жылдар аралығында аға оқытушы лауазымынан доцент, кафедра меңгерушісі лауазымына дейін көтерілді.

2010 жылы педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды.

1991 жылдан күні бүгінге дейін университетте қызмет атқарып келеді, 2007 жылдан бастап кафедра меңгерушісі лауазымында.

Осы уақыт аралығында университет көлемінде де, жалпы Республика, қала аумағында мемлекеттік тілді дамытуда өз үлесін қосып келеді. Астана қаласы тілдер басқармасының құттықтау грамотасымен және «Құрметті ұстаз» төс белгісімен марапатталды. Ол «Қазақ тілі», «Шипагерлік баян тағылымдары», «Қазақ тілінен жаттығу жұмыстары» атты оқу-әдістемелік құралдардың авторы. Алыс-жақын шетелдерге бірнеше ғылыми мақалалары жарық көрді. Евразия телеарнасының «Сөз орамы» бағдарламасына үнемі тұрақты түрде тіліміздің этимологиясына қатысты сұхбат беріп келеді

Кадрлық құрам

Қайырбаева Құралай Төлеуханқызы

Доцент, м. ғ. к.
филология ғылымдарының кандидаты, доцент, кафедраның ғылыми жұмыстарына жауапты.

Дюсембаева Гүлхан Өмірбайқызы

Доцент
Филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Доскенова Қорлан Аралбаевна

аға оқытушы

Абдрахманова Көпей Купешовна

Аға оқытушы
гуманитарлық ғылымдар магистрі

Қосдәурова Жанар Жұмабекқызы

аға оқытушы
педагогика ғылымдарының магистрі

Қойлыбаева Кенжегуль Қабиқызы

Аға оқытушы
педагогика ғылымдарының магистрі

Молдағалиева Раушан Шамжановна

Аға оқытушы

Неталин Дархан Карымсакович

Аға оқытушы

Сәуле Иманғалиқызы Ізбасарова

аға оқытушы

Фазылова Айгүл Иманғазықызы

аға оқытушы

Топанова Майра Секеновна

аға оқытушы

Алькеева Сәуле Мұхамеджанқызы

Аға оқытушы

Баймағамбетова Күлбаршин Нұрбайқызы

Аға оқытушы

Мукатаева Айсулу Құланбайқызы

Аға оқытушы

Елубек Салтанат

оқытушы

Нұрсадықова Жанар Дулатқызы

оқытушы

Тәжібаева Жанагүл Ешманқызы

аға оқытушы

Шаймерденова Гульсана Оралкызы

аға оқытушы

Жамалиева Әлия Қаратайқызы

аға оқытушы

Қарбаева Айман Сериковна

аға оқытушы

Тулекеева Сания Аскаровна

аға оқытушы
педагогика және психология ғылымдарының магистрі.

Секбаева Жупар Дюсембаевна

аға оқытушы

Коляева Людмила Сергеевна

оқытушы

Рысқұлова Әлия Шымкентқызы

оқытушы

Айткужина Айжан Жангелдинқызы

Аға оқытушы

Бабжанова Гүлнара Жетпісбайқызы

аға оқытушы

Сматова Арайлым Женисбаевна

оқытушы

Казкенова Анар Маратовна

зертханашы

Құрылу тарихы

Шетел тілдері кафедрасы 1964 жылдан бері жұмыс істейді. Целиноград медицина институтының шетел тілдері кафедрасының бірінші меңгерушісі И.П. Сердюк болды. Одан кейін кафедраға Л.П.Абрамов жетекшілік етті. 1984 жылы кафедраны филология ғылымдарының кандидаты, доцент Е.Я. Шафаренко басқарды. 1999 жылы «Шетел тілдері» курсының меңгерушісі болып аға оқытушы Г.П. Левус тағайындалды. 2008 жылдың 1 қыркүйегі мен 2009 жылдың 15 мамыры аралығында кафедраны филология ғылымдарының кандидаты, доцент, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері А.К. Калиева басқарды. 2009-2011 жылдар аралығында  кафедра меңгерушісі қызметін педагогика ғылымдарының магистрі Г.М. Ахметова атқарды. 2011 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі аралықта  кафедраны А.К. Калиева басқарды.
Филологиялық пәндер кафедрасы «Қазақ тілі», «Латын және орыс тілдері» кафедраларынан бастау алады. «Қазақ тілі» кафедрасының іргетасы 1990 жылдың қыркүйек айында медицина университетінде қазақ тілі  оқытыла бастаған кезде қаланды. 
1990-1992 жылдары кафедра Қазақ және орыс тілдері кафедрасының құрамына кірді, ал 1992 жылдың маусым айында Қазақ тілі кафедрасы мәртебесін алды. 
1990-1991 жылдары Орыс және латын тілдері кафедрасын аға оқытушы А.М. Шляпова басқарды. 
1992-1997 жылдары  аға оқытушы Қ.А. Доскенова «Қазақ тілі» кафедрасының меңгерушісі болды. 
1997-1999 жылдары  «Қазақ тілі» кафедрасын филология ғылымдарының кандидаты, доцент М.Қ. Қожанов басқарды.  
1999-2001 жылдары Қ.А. Доскенова «Қазақ тілі» кафедрасының меңгерушісі болды.  
2001 жылы тіл білімі кафедраларының бірігуі нәтижесінде «Қазақ тілі және шет тілдері кафедрасы» құрылды, кафедра меңгерушісі болып А.М. Шляпова тағайындалды; қазақ тілі курсының меңгерушісі – К.А. Доскенова болды.
2005-2007 жылдары «Қазақ тілі» кафедрасын аға оқытушы К.А. Доскенова басқарды. 
2007 жылдан бастап «Қазақ тілі» кафедрасын педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Д.Р. Жарикова басқарып келеді. 
2014 жылдан бастап «Қазақ тілі» кафедрасы мен «Орыс және латын тілдері» кафедрасы «Филологиялық пәндер» кафедрасы болып біріктірілді.  
2014 жылдан бастап «Филологиялық пәндер» кафедрасын педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Д.Р. Жарикова басқарады. 
2019 жылдың қыркүйек айынан бастап «Филологиялық пәндер» кафедрасы мен  «Шетел тілдері»  кафедрасы  біріктіріліп, кафедра меңгерушісі болып педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Д.Р. Жарикова тағайындалды. Қазіргі уақытта кафедрада 32 оқытушы және 1 зертханашы жұмыс істейді. Кафедра тәрбие жұмысымен қатар оқу-әдістемелік жұмыстарды да атқарып келеді. 

Мақсаттар

- Оқытушылардың кәсіби-педагогикалық біліктілігін арттыру.
- Оқыту сапасын арттыру.
- Оқу процесіне жаңа инновациялық әдістерді енгізу. 
- Ғылыми-әдістемелік конференциялар мен семинарларға қатысу.
- Студенттер арасында оқу және тәрбие жұмыстарының тығыз байланысын жүзеге асыру.
-  Кәсіби қазақ, орыс және ағылшын тілдері бойынша оқу-әдістемелік құралдарды жарыққа шығару. 
- Студенттерді шет тілдерінде еркін сөйлеуге үйрету. 
- Студенттерге медициналық терминологияны жетік меңгерту.     
- Шет тілінде өткізілетін тәрбиелік іс-шаралар арқылы студенттердің ой-өрісін кеңейту. 
- Семинарларға, оқу-әдістемелік конференцияларға қатысу, курстарда оқу.
- Семинарлар, ашық сабақтар, шеберлік сағаттарын өткізу, оқу-әдістемелік құралдарды жетілдіру.
- Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданы әкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасымен бірлесіп жұмыс істеу. 

Функциялар

  • -          Заманауи  білім  беру  туралы  семинарлар, оқу-әдістемелік конференцияларға, курстарға  қатысу;
  • -          Семинарлар, ашық сабақтар, шеберлік сағаттарын, оқу-әдістемелерін жетілдіру;
  • -          Интербелсенді технологиясы негізінде ашық сабақтар жүргізу;
  • -          Кітапханалармен келіссөз жасау.

Қызмет

Филологиялық пәндер кафедрасы университеттің ғылыми және мәдени өміріне белсенді қатысады. Кафедра оқытушылары халықаралық, республикалық, ЖОО ішіндегі ғылыми конференцияларға қатысады.
Филологиялық пәндер кафедрасы қоғамдық жұмыстарға үлкен жауапкершілікпен қарайды.   
Университет тарихында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мәселесі ерекше орын алады. Кафедра мемлекеттік тілді меңгеру бойынша  университет саясатының ажырамас бөлігі болып табылады. Қойылған міндеттерге байланысты мемлекеттік тілде іс жүргізу, университет студенттері мен шетелдік студенттерге  қазақ тілін жүйелі түрде оқыту өзекті мәселенің бірі болып саналады. 

Жетістіктер

2011 жылы кафедра меңгерушісі Д.Р. Жарикова,  аға оқытушы А.М. Шляпова «Құрметті ұстаз» төсбелгісімен марапатталды. Астана қаласының Тілдер басқармасы аға оқытушылар Қ.А. Доскенованы, С.К. Бекенованы көп жылғы жемісті еңбегі үшін «Құрмет грамотасымен» марапаттады. Кафедра оқытушылары бірнеше рет ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің және Университет ректорының Алғысхаттарымен марапатталды. 
«Филологиялық пәндер» кафедрасы үздіксіз даму жолында.  Қазіргі уақытта филологиялық пәндер кафедрасында өз пәнін жетік меңгерген оқытушылар жұмыс істейді.  «Филологиялық пәндер» кафедрасында 3 ғылым кандидаты, 3 доцент, 14 магистр, 26 аға оқытушы, 3 оқытушы, 1 зертханашы бар.  
Кафедра қызметкерлері оқу-әдістемелік құралдар шығарады, жыл сайын ғылыми мақалалар жариялайды. Кафедраның оқытушылар құрамы  жыл сайын студенттерді ғылыми конференцияларға дайындайды. Студенттер халықаралық, республикалық, ЖОО ішіндегі ғылыми конференцияларға, түрлі конкурстарға белсене қатысады.

Кафедра филологических дисциплин.jpg

Байланыс деректері

Нұр-Сұлтан қаласы, Сарыарқа көшесі 33, 5 қабат 
тел: 44-41-32
е-mail:didar6868@mail.ru