Медициналық генетика және молекулалық биология кафедрасы

Басшылық

кафедра меңгерушісі

Кадрлық құрам

Құрылу тарихы

Биология кафедрасы 1964 жылы ұйымдастырылған. Кафедраның алғашқы меңгерушілері доцент Р.П.Гагарина, аға оқытушы Л.Г.Скитева (биология пәнінен) болған. Кейінгі жылдары кафедра меңгерушісі қызметін профессор Э.П.Мироедова (1979-1997 жж.), гистология профессоры А.Н.Бажанов (1977-1997 жж.), доцент Р.М.Маусымбаева (1999-2001 жж.), академия ректоры, профессор П.К.Казымбет (2001-2004 жж.) атқарған.
Оқу процесінің ұйымдастырушылық негізін қалаған, материалдық базаны құруға үлес қосқан, студенттерді оқытуда әдістемелік материалдармен қамтамасыз еткен алғашқы оқытушылардың қатарында аға оқытушылар В.И.Федоров, Л.П.Аполосова, М.Т.Нурманова, доцент В.С.Плещеевтер болған.
Оқытушылардың алғашқы буынының ғылыми-педагогикалық тәжірибесінің сабақтастығы кейінгі жас буынның, дарынды оқытушылар мен ғылыми зерттеушілердің қалыптасуына алғышарт болды.
Аспирантураны, магистратураны бітіріп, кандидаттық диссертацияларын ойдағыдай қорғаған медицина ғылымдарының кандидаты Б.С. Мамбетпаева, биология ғылымдарының кандидаттары Б.С.Имашева және М.М. Бахтин кафедрада қызмет ете бастады.
2004 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін кафедраны доцент Б.С.Мамбетпаева басқарады. 

Тапсырмалар

Радиобиология және радиациялық медицина курсы 2009 жылы «Астана медицина университеті» АҚ жанындағы Радиобиологиялық ғылыми орталығы (РҒО) негізінде студенттерді қазіргі заманғы жабдықтарды пайдалана отырып оқыту мақсатында оқу бағдарламаларына сәйкес радиобиологиядан, радиоэкологиядан және радиациялық қауіпсіздік бойынша жоғары білікті кадрларды дайындау үшін құрылған.
Қазіргі уақытта курста тәжірибелі профессорлар, биология ғылымдарының докторлары және PhD С.М.Шайхин, Б.С.Имашева, М.М.Бахтин, Д.С.Жарылгановалар сабақ береді. Олар үнемі ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысып, оқу-әдістемелік бағдарламалар әзірлеуге қатысады және университеттің қоғамдық өміріне де қатысып отырады.
2010-2011 оқу жылында оқу жүктемесіне сәйкес 2-ші және 3-ші курс студенттеріне «Жалпы медицина», «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандықтары бойынша «Радиациялық әсер және радиациялық қауіпсіздік» элективті курсы оқытылады. «Медициналық-биологиялық іс» мамандығы бойынша 6-курс студенттеріне «Радиациялық гигиена» пәні оқытылады.
Осы оқу жылында РҒО негізінде 6М110100 – «Медицина» мамандығы бойынша магистрантар сабақ береді. РҒО кызметкерлері магистранттарға арналған профильді және базалық пәндер бойынша жұмыс бағдарламаларын әзірлеген. Осы пән бойынша толық әдістемелік жинағы бар: типтік бағдарлама, жұмыс бағдарламасы, күнтізбелік-тақырыптық жоспар, әдістемелік ұсыныстар және нұсқаулар (дәріс, практика, СӨЖ, СОӨЖ).

Оқытудың инновациялық білім беру технологиялары компьютерлік техниканы, мультимедиялық аппаратураны пайдалану арқылы ойдағыдай енгізілуде. Курста фильмдер көрсетуге арналған электрондық дерекқоры бар. Сондай-ақ, электронды түрдегі оқу құралдары мен оқулықтар да жеткілікті. Барлық дәрістік материалдар және ақпараттық дидактикалық топтама электрондық нұсқада (Power Point) дайындалған және оларды студенттер оқу процесінде қолдана алады.

Радиобиология және радиациялық медицина курсының мақсаты адам организміне иондаушы сәулелердің ерекше әсерлері туралы студенттердің ғылыми білімдерін қалыптастыру және ішкі-сыртқы сәулелену жағдайында организмнің сәуледен қорғанысы және халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы мағлұмат беру;
2008-2012 жылдары «Медициналық ғылымды реформалау концепциясын» жүзеге асыру бойынша ісшаралар жоспарына сәйкес радиобиология, радиоэкология және радиациялық медицина саласы бойынша жоғары білікті медицина мамандарын дайындау үшін курс ұжымының алдында ауқымды жұмыс тұр.
Кафедрада практикалық сабақ жүргізуге арналған жаңа микроскоптар бар, олармен әр студент жұмыс істей алады. Оқу процесінде макропрепараттар, микропрепараттар және кестелер кеңінен қолданылады. Компьютерлік техниканы, мультимедиялық аппаратураны, сканерді пайдалану арқасында оқытудың инновациялық білім беру технологиялары ойдағыдай енгізілуде. 

Қызмет

Қызмет бағыты
Қазіргі уақытта биология кафедрасында «Эксперимент кезіндегі патологиялық жағдайда кейбір стероидтты және стероидтты емес гормондардың метаболизміне өкпе тінінің әсерін зерттеу» ғылыми-техникалық жобасы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Кафедрада студенттер үйірмесі жұмыс істеп тұр, оны Б.С.Мамбетпаева басқарады. Кафедра оқытушылары студенттік топтарға жетекшілік етеді, тәрбие жұмыстарына көп көңіл бөледі, сондай-ақ университеттік және қалалық ісшаралар мен акцияларға белсене қатысып отырады.


Тәрбие жұмыстары
Кафедрада жастарды тәрбиелеу бойынша үлкен жұмыстар жүргізіледі: дәрістер оқу, сұхбаттар жүргізу, Қазақстан Республикасының айтулы күндерін атап өту. Кафедрада мемлекет тарихы, мемлекеттік тіл, ЖИТС профилактикасы, шылым шегу, токсикаманиялар бойынша стендтер үнемі жаңартылып отырады. Жыл сайын кафедра қызметкерлері кураторлық топтарда жұмыс істейді. Кафедра қызметкерлері студенттермен бірге сенбілік, жексенбіліктерге және т.б. ісшараларға белсене қатысады. 2010 жылдың 5 қантарында биология кафедрасында талапкерлерге арналған дайындық курстары алғашқы рет ашылған. «Астана медицина университетінде» оқығым келеді жобасы жұмыс істей бастады. 

Байланыс деректері

нұр-Сұлтан қаласы,
тел.: 53-95-36
e-mail: mambetpaeva.s@amu.kz