фармацевтика ғылымдарының докторы, 2008 жылдан осы уақытқа дейін фармацевтикалық пәндер кафедрасының меңгерушісі. Алматы мемлекеттік медицина институтының 1982 жылғы түлегі. 1991 жылы «Ликорин гидрохлорид в химико-токсикологическом отношении» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғаған (БФҒЗИ, Мәскеу қ.). 2010 жылы «Разработка и стандартизация лекарственных средств с противовирусной активностью на основе растительного сырья» тақырыбында докторлық диссертация қорғады («Фитохимия» ХҒӨХ, Қарағанды қ.). А.Б. Шүкірбекованың жетекшілігімен 1 ғылым кандидаты (М.Т. Джаканова, 2007ж.) және 2 магистр (А.О.Амренова, 2012ж.; Р.М. Искакова, 2014ж.) дайындалды. Оның 300 - ден астам ғылыми және оқу әдістемелік жарияланымдары, оның ішінде 1 монография, 1 оқулық, 4 оқу құралы, 5 алдын-ала патенті және инновациалық зияткерлік меншікке 1 инновациялық патенті бар. Халықаралық және республикалық маңызы бар 3 ғылыми-техникалық бағдарламалардың бірлескен әзірлеушісі. А.Б. Шүкірбекова 040500 – «Фармация» мамандығына арналған ҚР МЖБС-ының көпдеңгейлі білім беру оқу бағдарламаларының әзірлеушісі және 2 типтік оқу бағдарламаларының бірлескен авторы. 040500 – «Фармация» мамандығына арналған «Токсикологиялық химия», 090200 – «Әлеуметтік саладағы менеджмент (фармация)», 040900 – «Өндірістің химиялық технологиясы» (2005ж.) типтік оқу бағдарламаларының авторы. А.Б. Шүкірбекова 051103 – «Фармация» (бакалавриат) ҚР МЖБС-ына сәйкес 4 пәндердің типтік оқу бағдарламаларының әзірлеушісі. «Фармация Казахстана» журналының редколлегия мүшесі. А.Б. Шүкірбекова ҚР ДСМ-нің (2002ж.) Құрмет грамотасымен, «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі» (2004 ж.) төс белгісімен марапатталды; «Жоғары оқу орнының 2010 жылғы үздік оқытушысы» республикалық конкурсының жеңімпазы.
Дамыту міндеттері:
· Ұсынылатын білім беру қызметтерінің тізбесін кеңейту;
· Іске асырылатын білім беру бағдарламаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
· Факультет кафедраларының оқытушы-профессорлар құрамының ғылыми-зерттеу жұмыстарын оңтайландыру;
· Оқытушылардың жарияланымдық белсенділігін арттыру;
· Студенттік ғылыми қоғамдардың белсенділігін арттыру;
· Көрсетілетін ақылы қызметтер тізбесін кеңейту;
· Студенттердің абсолюттік үлгерімін арттыру;
· Деканат және факультет кафедраларының оқытушы-профессорлар құрамының жұмысын оңтайландыру;
· Факультеттің магистранттары мен докторанттары арасынан жас мамандарды тарту;
· Факультет оқытушылары қатарынан PhD докторларын дайындау;
· Университеттің басқа құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп жұмыс істеу.
Дамыту қағидалары:
· Практикалық бағыттылығы;
· Жеке тұлғаға бағытталған тәсіл;
· Интеграция деканат-Оқытушы-студент.
Нұр-Сұлтан қ.
Бейбітшілік көшесі, 49а
(Бас ғимарат),
2-қабат, 209-каб.
Байланыс тел.: 8(7172) 53-94-32,
e-mail: sadvakasova.a@amu.kz