«Медицина негіздері» кафедрасы

Басшылық

Қуанышбаева Гаухар Серикқызы

кафедра меңгерушісі
PhD., кафедра меңгерушісі. 2006 жылы "Емдеу ісі" мамандығы бойынша «Астана медицина университетінің» АҚ бітірген. Дәрігер: эндокринолог, терапевт - диетолог. "Қоғамдық денсаулық сақтау" мамандығы бойынша магистратура; "Қоғамдық денсаулық сақтау" мамандығы бойынша докторантура бітірген. «Коммуникативті дағдылардың білікті жаттықтырушысы» бағытында сертификатталған жаттықтырушы. «Теориялық пәндердің үздік оқытушысы» номинациясының жеңімпазы («АМУ» АҚ 2018 ж.). Халықаралық және республикалық грант, жобаларға қатысып отырады. Халықаралық және республикалық басылымдарда 36-дан астам ғылыми еңбектер жарық көріп, әдістемелік құралдар, монографиялар шығарылды, авторлық объектіге құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы 2 куәлігі бар.

Кадрлық құрам

Каркабаева Айсулу Джасановна

профессор
профессор, м.ғ.д., ҚР ДСӘДМ-нің штаттан тыс бас ревматологі, Қазақстан ревматологтар кеңесінің президенті, Ревматизмге қарсы күрес жөніндегі халықаралық лига мүшесі, Ресей Федерациясының ревматологтар қауымдастығының мүшесі, МББК және Ғылыми кеңес мүшесі. Педагогикалық жұмыс өтілі - 20 жыл. Емдеу жұмыс өтілі- 35 жыл. Дәрістерді мен семинарларды қазақ және орыс тілінде береді. Профессор жетекшілігімен халықаралық және ұлттық гранттар құрылды. Денсаулық сақтау ісінің үздігі тасбелгісімен марапатталды, «ЖОО-ның 2010 жылғы үздік оқытушысы» грантының иегері. Бірнеше рет құрмет грамоталарымен марапатталған. Ол 300-ден астам еңбек жариалады. 8 монография, 17 оқулық, оның ішінде мемлекеттік тілде де бар. А.Д.Каркабаева басшылығымен 5 кандидаттық диссертация қорғалды.

Казбекова Гулнар Казбековна

доцент
м.ғ.к, кафедра доценті, педиатр-дәрігер, 1977 жылы Семей мемлекеттік медицина институтын бітірген. Жалпы еңбек өтілі – 42 жыл. Халықаралық және республикалық басылымдарда 150-ден астам ғылыми еңбектер жарық көрді, дәрігерлер мен студенттерге арналған әдістемелік құралдар мен ұсыныстар авторы, өнертабысқа патенті бар. Денсаулық сақтау министрлігінің құрмет грамоталарымен, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Алтын дәрігер» төсбелгілерімен марапатталды.

Шоланова Мадина Касымовна

профессор
м.ғ.к., кафедра профессоры, дәрігер - кардиолог, клиникалық фармаколог, 1985 жылы Ақмола мемлекеттік медицина институтын бітірген. Жалпы жұмыс өтілі: 34 жыл, 2003-2004 ж.ж. Астана медициналық университетінде «Жалпы және клиникалық фармокология» кафедрасында меңгеруші қызметін атқарды. Халықаралық және республикалық басылымдарда 30-дан астам ғылыми еңбектері, дәрігерлер мен студенттерге арналған әдістемелік нұсқаулықтар мен ұсыныстар жарық көрді, өнертабысқа патенті бар. Университет пен Денсаулық сақтау министрлігінің құрмет грамоталарымен марапатталған.

Шлымова Райхан Олжабаевна

доцент
м.ғ. к., кафедра доценті, Қарағанды мемлекеттік медицина институтын бітірген. 2004-2010 жж. ҚазҰМУ – де бөлім меңгерушісі, емдеу жұмысы юойынша бас дәрігерінің орынбасары қызметін атқырады. 2011 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін КЕАҚ «АМУ» жұмыс істейді. 34-тен астам мақала жарияланды, әдістемелік құралдар, 2 патент бар.

Мусина Гүлзат Базарбайқызы

Аға оқытушы
аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі, кафедраның оқу ісіне жауапты, завуч. Сапа жөніндегі уәкілетті. КІБ және ОПҚ СӨҚ журналдарын бақылау жауапты. Оқу және әдістемелік құжаттарды , тесттерді, ситуациялық есептерді орыс тілдерінде толықтыруға жауапты. Л.Н.Гумелев атындағы ЕҰУ бітірген. 2015 жылдан бастап осы уақытқа дейін «Астана медициналық университетінде» қызмет атқарады. 15-тен астам мақала жарияланған.

Тайжанова Ләззат Евгеньевна

ассистент
кафедра ассистенті, Целиноград мемлекеттік медициналық институтын бітірген, дәрігер қызметінде жұмыс істеген, ішкі аурулар циклдік комиссиясының төрағасы, Астана қаласы медициналық колледжінде меңгеруші, директорының бірінші орынбасары, МО «Эмили» институтының Астаналық филиалы Мейіргер ісі факультетінің деканы қызметтерін атқарды. 2007-2019 жылдары «Астана медицина университеті» КЕАҚ «Жалпы медицина» факультеті деканының орынбасары болып жұмыс істеді. 2015-2016 оқу жылының қорытындысы бойынша «клиникалық пәндердің үздік оқытушысы» номинациясының жеңімпазы.

Терлікпаева Сымбат Қалмағамбетқызы

ассистент
Ақмола мемлекеттік медицина академиясын 1999 жылы педиатр мамандығы бойынша, 2000ж интернатураны бітірді. № 3 емхананың учаскелік дәрігері, «Рамада» фармацевтикалық компаниясының маманы қызметінде болды. 2009 жылдан бастап Астана медицина университетінде «жалпы және клиникалық фармакология» кафедрасының ассистенті, 2016 жылдан бастап «клиникаға кіріспе» кафедрасының ассистенті қызметінде, педагогикалық өтілі 10 жыл.

Кадирова Бахтыгуль Есенгельдиновна

ассистент
1993 жылы Мәскеу қаласында Ресей мемлекеттік медицина университетін бітірді. Облыстық клиникалық ауруханада балалар хирургы болып жұмыс істеді. 1995 жылы клиникалық ординатураны бітірді. Ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі 26 жылды құрайды. 20-дан астам студенттермен бірлескен ғылыми жұмыстары, 26 мақаласы жарияланған.

Хамзина Макпал Бектемировна

аға оқытушы
психология ғылымдарының магистрі, кафедраның аға оқытушысы, ағылшын тіліндегі оқу-әдістемелік құралдармен тесттік, ситуациялық есептерді дайындауға және толықтыруға жауап беред.і Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «ағылшын тілі мұғалімі» мамандығы бойынша, магистратура "Педагогика психология"мамандығы бойынша білім алган. Еңбек өтілі 14 жыл. 15-тен астам мақалалары жарияланған.

Сатыбалдина Макпал Балтабаевна

аға оқытушы
педагогика ғылымдарының магистрі, кафедраның аға оқытушысы. Л.Н.Гумелев атындағы ЕҰУ «Педагогика және Психология» мамандығы бойынша магистратураны бітірген. 2015 жылдан бастап осы уақытқа дейін «Астана медициналық университетінде» қызмет атқарады. 13 - тен астам мақала жарияланған.

Мықанова Айнур Маратқызы

оқытушы
педагогика ғылымдарының магистрі, кафедра оқытушысы, кафедраның ҒЗЖ, СҒЗЖ мен ғылыми - ақпараттық жұмысқа, оқу - әдістемелік құралдармен тестілік, ситуациялық есептерді қазақ тілінде даярлау мен толықтыруға жауапты. Шаруашылық іс - әрекеттік жабдыққа жауапты. «Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін» магистратурасын бітірген. Еңбек өтілі 7 жыл. 5-тен астам мақала жарияланған.

Құрылу тарихы

«Медицина негіздері» кафедрасы 2019 жылы теориялық және клиникалық пәндерді қамтитын кафедра болып құрылды.

 Кафедрада келесі пәндер бойынша 1,2,3 курстарды дайындайды: «Клиникаға кіріспе», «Психология», «Медициналық практика және коммуникативтік дағдылардың негіздері», «Клиникалық медицина», «Дәрігерге дейінгі алғашқы көмек».

Студенттерден басқа, 1 жылдық оқу магистранттары мен докторанттары білім алады.

Кафедраның профессорлық - оқытушылар құрамы : м.ғ.д. - 2 , м.ғ.к. - 2 , PhD -1, ассистенттер -11 , аға оқытушылар -3 , оқытушылар-2 , лаборанттар - 2.

Мақсаттар

- Оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес студенттерді оқытудың ағымдағы, аралық және қорытынды бақылауы, оқу, әдістемелік, клиникалық, тәрбие жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру және жүзеге асыру; 
- Ғылыми-зерттеу жұмыстарын және инновациялық технологияларды жоспарлау және жүргізу

Қызмет

Кафедра меңгерушісі Қуанышбаева Г.С. 2017- 2018 оқу жылында «Астана медициналық университеті» АҚ «Үздік оқытушы» номинациясы бойынша лауреат дипломымен марапатталды.Кафедраның аға оқытушысы Сатыбалдина М.Б. 2017- 2018 оқу жылында «Астана медициналық университеті» АҚ «Үздік дәріскер» номинациясы бойынша лауреат дипломымен марапатталды. 
  • - кафедраның дайындық бағыттары мен мамандықтары бойынша Даму стратегиясын әзірлеу, жұмыс берушілермен және білім беруді басқару органдарымен сыртқы байланыстарды нығайту және дамыту;
  • - Мамандарды даярлау сапасының кафедраішілік жүйесін әзірлеу;
  • - Оқытудың түрлері бойынша оқу сабақтарының барлық түрлерін өткізу;
  • - Педагогикалық жүктемеге сәйкес кафедра қызметкерлерінің Электрондық үлгерім журналын жүргізуі;
  • - Қызметкерлердің оқу, әдістемелік, клиникалық, ғылыми жұмыстары мен студенттермен тәрбие жұмысының жоспарланған және ағымдағы мәселелерін талқылау мәселелері бойынша кафедра отырысын өткізу;
  • - Кафедра пәндері бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеу;
  • - Кафедралардың бейіндері бойынша оқу үдерісін кешенді оқу-әдістемелік және ұйымдастыру – әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру, оқу және өндірістік практикалардың профедиясын жүргізу;

Жетістіктер

Kafedra osnov mediciny.jpg

Байланыс деректері

Бейбітшілік 49 а, тел 51-13-87
Қабанбай батыр 29/1, тел 53-96-11