ЛОР аурулары кафедрасы

Басшылық

Тулебаев Райс Кажкенович

Кафедра меңгерушісі

Кадрлық құрам

Жусупов Болатбек Зиябекұлы

профессор
м.ғ.д., профессор, жоғары санатты дәрігер, Астана қаласының денсаулық сақтау тәуелсіз сарапшылар қауымдастығының мүшесі. 1990 жылы ол «№ 2 қалалық балалар ауруханасында» балал ар ЛОР бөлімшесінің ашылуын ұйымдастырды. 1973 жылдан қазіргі уақытқа дейін оториноларингологияның барлық бөлімін үйрет іп келеді . Марапаттар мен жүлделері: -2008 жыл «Алтын скальпель» жеңімпазы; -«Медициналық борышына және азаматтардың денсаулық сақтауға конституциялық құқықтарын сақтауға адалдығы үшін» Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның 2011 жылғы 27 сәуірдегі алғысхаты; -2011 жылғы 10 қараша «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі; -2012 жылы 7 маусым «Астана медицина университеті» АҚ – тың «Құрметті ұстаз» төсбелгісі; -2014 жылы 5 қыркүйек «Астана медицина университеті» АҚ «Астана медицина университетіне 50 жыл» төсбелгісімен; -18.06.2015ж. «Almamater-ге адал қызметі үшін – 2015» дипломының лауреаты; -2016 жыл Сарыарқа ауданы әкімінің алғысхаты; -2016 жыл Ресей, Кемерово қаласында «Авиценна» заманауи медициналық зерттеулердің 6-шы халықаралық конференциясында 1 дәрежелі дипломмен марапатталды.

Аженов Талапбек Мұратұлы

профессор
м.ғ.д. (2010ж.), жоғары білікті санатты оториноларинголог. Мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі 20 жыл. Білімі: • 1998 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясын емдеу ісі мамандығын аяқтаған. • 1998-2001 жж. Қазақ Мемлекеттік Медицина Академиясының ЛОР бөлімі базасында «Оториноларингология» мамандығы бойынша күндізгі аспирантурасында оқыған. Медицина ғылымдарының кандидаты. • 2006-2009 жж. «Оториноларингология және сәулелік диагностика» бойынша күндізгі докторантурада білім алған. Медицина ғылымының докторы. Орындаған процедуралары: Эндоскопиялық риносинусохирургия FESS; қатерсіз ісіктерді эндоларингеальдық жолмен жою; Эндоскопиялық ринодакриоцистотомия; Эндоскопиялық аденотомия және жалпы анестезиямен тонзилллэктомия коблатормен бірге.

Касенова Динара Сериковна

Оқу ісінің меңгерушісі
Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысына жауапты, м.ғ.к., доцент, жоғары санатты дәрігер. Резиденттерді даярлауға және біліктілігін арттыруға, оқыту курстарын ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысады, кафедраның пәндердін оқуөәдістемелік кешеның жүргізілуін бақылайды, Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандығынан білім бағдармалары беру жөніндегі комитетінің мүшесі (член Комитета по Образовательным Программам Специальностей по послевузовским дисциплинам). Касенова Д.С. инновациялық оқыту әдістерін кафедраға енгізеді. Ғылыми, педагогикалық және терапевтік қызметтерін табысты орындап келеді. Кәсіби қызметінің негізгі бағыттары: ЛОР ағзасы ауруларын консервативті және хирургиялық емдеу, фарингологиялық патологиясы бар науқастарды жүргізу: созылмалы тонзиллит, ұйқының обструктивті апноэ синдромы. FESS - хирургия, эндоларингеалдық хирургия, құлақ микрохирургиясы техникаларын меңгерген.

Имангалиев Ермек Елемесович

доцент
Кафедрада доцент қызметін м.ғ.к., жоғары дәрежелі дәрігер, «№2 қалалық аурухана» ШЖҚ МККоториноларингология бөлімшесінің меңгерушісі -Имангалиев Ермек Елемесұлы атқарады. Е.Е. Имангалиев жоғары технологиялық FESS – хирургиясын, дакриоцисториностомиясын, құлақ микрохирургиясын пайдалана отырып жаңа емдеу түрлерін меңгерумен айналысады. Кафедраның клиникалық жұмыстарына жауапты, осы кафедрада оқитын резиденттер мен курсанттардың тәжірибелік жұмыстарын ұйымдастырады.

Айгожина Баян Хасенқызы

Ассистент

Оториноларингология кафедрасының ассистенті 01.10.2018 жылдан жұмыс істейді, жоғары санатты дәрігер. Экономикалық қызмет бойынша магистр дәрежесі бар. Мамандығы бойынша жалпы еңбек тәжірибесі 12 жыл. Резиденттердің жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру кафедрасында жауапты маман.

Білімі

2003 жылы емдеу ісі мамандығы бойынша «Семей мемлекеттік медицина академиясын» аяқтаған.

2003 - 2004 жылдар аралығында «Дәрігер-оториноларинголог» мамандығы бойынша интернатура.

2006 жылдан 2011 жылға дейін "№2 Психолог-медициналық – педагогикалық консультация" мемлекеттік мекемесінде дәрігер-сурдолог.

2012 - 2018 жылдары Астана қаласы "№8 қалалық емхана " ШЖҚ МКҚК-да дәрігер-оториноларинголог.

Абилев Арман Амангелдіұлы

Ассистент

01.05.2018 ж. бастап Абилев Арман Амангелдіұлы Оториноларингология кафедрасының ассистенті болып жұмыс істейді. Астана қаласы  «№2 қалалық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК Оториноларингология бөлімінің меңгерушісі, бірінші санатты дәрігер.

2008 жылы Астана қаласы «Қаз ММА» аяқтаған. 2008 жылдан 2009 жылға дейін «Астана медицина университеті» АҚ оториноларингология кафедрасында интернатураны оқыды. 2009 жылдан 2012 жылға дейін "Оториноларингология, соның ішінде балалар оториноларингологиясы" мамандығы бойынша резидентураны оқыды Астана қаласы, "№1 қалалық аурухана" ШЖҚ МКК Оториноларингология орталығының дәрігер-оториноларинголог ординаторы. FESS - хирургия, эндоларингеалдық хирургия, құлақ микрохирургиясы, соның ішінде ересектер мен балалар кохлеарлық имплантациясы.

Орумбаева Алмагуль Сабитовна

ассистент
оториноларингология кафедрасының ассистенті, бірінші санатты дәрігер. 2007-2008 жж «ЛОР және көз аурулары» кафедрасында интернатурадан өткен. 2008ж. "№ 3 емхана " МКҚК ЛОР-дәрігері. 2008-2010 жылдар "Аудиоклиник" ЖШС ЛОР дәрігер–сурдолог. 2010 жылдан қазіргі уақытқа дейін" Алматон 2 " ЖШС дәрігер–сурдолог. 2018 жылдың қыркүйегінен бастап оториноларингология кафедрасының магистранты. Магистрлік диссертация тақырыбы:"Жоғары технологиялық медициналық көмекке мұқтаж есту кемістігі бар пациенттерді іріктеу критерийлері". Клиникалық қызметтің негізгі бағыты – аудиология және сурдология.

Ли Денис Владиславович

ассистент

2017 жылдан бастап оториноларингология кафедрасының ассистенті, «Астана қаласының онкологиялық диспансері» ШЖҚ МКК бас және мойын бөлімінің жоғарғы санатты хирург-онкологі. Бас пен мойын ісіктерін диагностикалау және хирургиялық емдеу техникаларын, соның ішінде реконструктивтік операцияларын меңгерген.

 

Кудайбергенова Асель Узеновна

ассистент
оториноларингология кафедрасының ассистенті. Дәрігер-оториноларинголог (сурдолог) (ересектер, балалар). "№2 қалалық балалар ауруханасы" ШЖҚ МКК оториноларинголог-сурдолог дәрігер, сондай-ақ "Радуга звуков" жақсы есту орталығының сурдолог-аудиолог (ересектер, балалар) дәрігері. Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас сурдологі. 2008 жылы Астана қаласындағы «Қазақ мемлекеттік медицина академиясын» бітірген. 2008-2010 жылдар резидентура «Оториноларингология, оның ішінде балалар оториноларингологиясы» 2017 жылы Ресей, Санкт-Петербург қаласында сурдология бойынша 576 сағаттық оқудан өтті. ЛОР ғылыми зерттеу институтында дауыстық және сөйлеу білім алған. Кәсіби қызметі: есту қабілеті бұзылған пациенттерге кеңес беру (ересектер мен балалардың есту аппараттарын тексеру, таңдау және баптау), нәрестелердің есту қабілетін скринингілеу және кохлеарлық имплантациядан кейінгі балаларды оңалту реабилитациялау

Байланыс деректері

г. Нур-Султан, 
тел.8(7172) 27 20 34, 39-41-77 
e-mail: rais007@yandex.ru