Дерматовенерология және дерматокосметология кафедрасы

Басшылық

Батпенова Гульнар Рыскельдыевна

кафедра меңгерушісі
бөлім басшысы, жоғары санатты дерматовенеролог дәрігері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің басты штаттан тыс дерматовенерологі, медицина ғылымдарының докторы, профессор, “Қазақстандық дерматовенерологтар және дерматокосметологтар” бірлестігінің президенті, Еуропалық Дерматология және Венерология Академиясының (EADV) мүшесі, Халықаралық Дерматологтар Қоғамының (ISD) мүшесі, ТМД елдері арасындағы дерматовенерологтардың координациялық кеңесінің мүшесі, Ресей Федерациясының «Вестник дерматологии и венерологии» журналының халықаралық редакциялық кеңесінің мүшесі, Өзбекстан дерматовенерологтар ассоциациясының құрметті мүшесі. Профессор Батпенова Гүлнар Ырыскелдықызы 2002 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен, 2003 жылы «Қазақстан Республикасының денсаулық ісінің үздігі» төс белгісімен, 2008 жылы ҚР-дың Білім және ғылым министрлігі атынан “Қазақстан Республикасының білім саласының дамуына үлесін қосқан үшін», Медицина қызметкерлері күніне орай ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының, ҚР-дың Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамоталарымен марапатталды. 2013 жылының қыркүйек айында, Алматы қаласындағы «АМБДЖИ-ға 50 жыл» төс белгісімен марапатталды; 2015 жылы «Құрметті ұстаз» төсбелгісімен марапатталды.

Кадрлық құрам

Котлярова Татьяна Владимировна

м.ғ.д., профессор
оқу ісінің меңгерушісі

Пшембаева Сауле Амангельдиновна

Доцент, м.ғ.к.

Туир Гульназ Заманбековна

Доцент, м.ғ.к.

Таркина Татьяна Викторовна

Доцент
м.ғ.д., кафедра доценті. Дипломнан кейінгі білім беру факультетінде оқу мен оқу-әдістемелік құжаттар үшін жауапты, материалдық құндылықтарға, кәсіби қауіпсіздікке жауапты.

Джетписбаева Зульфия Сейтмагамбетовна

Доцент
м.ғ.к., қауымдастырылған профессор. Ғылыми жұмыстарға, СҒҚ, СҒЗЖ-на жауапты.

Амантаев Дархан Мырзабекович

ассистент

Цой Наталья Олеговна

ассистент PhD

Құрылу тарихы

КСРО Денсаулық сақтау мингистрлігінің 1966 жылғы 14 маусымдағы №460 бұйрығы бойынша Целиноград мемлекеттік медициналық институтында тері және венерологиялық аурулар кафедрасы ашылды. Бірінші меңгерушісі медицина ғылымдарының кандидаты Левков Александр Александрович болды.

1967-1979 жылдары кафедраны Ұлы Отан соғысына қатысқан, доцент Вощенкова Александра Павловна басқарды.

1979-1984 жылдар аралығында кафедра меңгерушісі доцент В.В. Калугин болды. 1984 жылы кафедраны доцент Н.И. Мамин басқарды.

1994 жылы кафедра жетекшісі болып тағайындалған Батпенова Гүлнар Ырыскелдіқызы салт−дәстүрлерді сақтай отырып кафедраның әрі қарай дамуына жаңа толқын әкелді.

Тапсырмалар

- оқу жоспарына және бағдарламасына сәйкес оқу, әдістемелік, клиникалық, тәрбиелеу жұмыстарын, студенттерді ағымдағы, аралық және қорытынды бақылауды жоспарлау, ұйымдастыру және іске асыру.

- жоғары білімді ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау, олардың біліктілігін резидентурада, магистратурада, доктарантурада жоғарылату.

- практикалық денсаулық сақтау саласының негізгі және басты бағыттары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлау және ұйымдастыру, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен инновациялық технологиялардың нәтижелерін енгізу.

Функциялар

-      мамандықтар бойынша кафедраның даму стратегиясын әзірлеу, жұмыс берушілер мен білім беруді басқару органдарымен сыртқы қарым қатынасты дамытып нығайту;

-      кафедра бейіні бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі және кәсіби білім бойынша МЖБС білім беру бағдарламаларын іске асыру;

-      мамандарды дайындаудың кафедраішілік сапа жүйесін құрастыру;

-      оқыту формалары бойынша сабақтардың барлық түрлерін жүргізу;

-      педагогикалық жүктемеге сай кафедра қызметкерлерінің электрондық журнал жүргізуі;

-      қызметкерлердің білім беру, әдістемелік, клиникалық, ғылыми жұмыстар жоспарланған мәселелері бойынша және студеттермен тәрбиелік жұмыс жүргізу бойынша кафедра жиналыстарын өткізу;

-      кафедра пәндері бойынша білім беру бағдарламаларын дайындау;

-      оқу және өндірістік практикаларды өткізу, оқу процесін кафедра бейіні бойынша оқу әдістемелік және ұйымдастыру әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету;

-      кафедра жұмысының жоспары мен оқытушылардың жеке жұмыс жоспарларын құру;

-      сабақтарының барлық түрлерін жүргізу, магистранттар мен PhD докторанттардың ғылыми зерттеу жұмыстарына және диссертацияларына жетекшілік ету;

-      кафедрада ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу және иновациялық технологияларды апробациялау;

-      оқулықтар мен оқу әдістемелік құралдарды және басқа да ғылыми/оқыту, оқу әдістемелік әдебиеттерді шығару;

-      ғылыми жұмыстардың нәтижесін практикалық денсаулық сақтау саласына енгізу (патенттерді, практикалық денсаулық сақтау саласына енгізу актілерін, қорғалатын құжаттарын алу);

-      Университетте оқитындар мен қызметкерлердің ғылыми жұмыстарының нәтижесі бойынша әдістемелік оқуі құралдары мен оқу әдістемелік оқулықтарды шығару;

-      білім алушыларды ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге (СҒҚ, ЖҒЖ, орындалып жатқан ғылыми зерттеу жобалары) тарту; білім алушылардың ғылыми жұмыстарының жариялануын, соның ішінде халықаралық рецензиялық журналдарда жариялануын қамтамасыз ету; қорғалатын құжаттарды білім алушылардың қатысуымен алу; білім алушылардың олимпиадаларға, ғылыми практикалық конференцияларға және ғылыми жұмыс байқауларына қатысуын қамтамасыз ету;

-      ғылыми зерттеу қызметінің нәтижелілігін қамтамасыз ету: республикалық маңызы бар монографияларды басып шығару (ISBN индексімен); мақалаларды импакт факторлы журналдарда бастыру; мақалаларды ҚР да, ТМД да, алыс шетелдерде, халықаралық басылымдарда шығару;

-      ғылыми нәтижелерді мамандық бойынша рецензияланатын баспаларда жариялау, халықаралық және республикалық деңгейдегі қызметкерлер жиналыстарында баяндау мүмкіндіктерін қамтамасыз ету;

-      ғылыми педагогикалық қызметкерлерге профессор, доцент атағын беру жөнінде өтініш беру, үздік оқытушылардың еңбек тәжірибесін зерттеу және жария ету, жұмысын жаңадан бастаған оқытушыларға педагогикалық шеберлікті игеруге көмек көрсету;

-      жұмыс сапасын және кафедра оқытушыларының жеке жоспарларының орындалуын, қызметкерлердің басқа жұмыс түрлерін бақылау;

-      жоғары және орта медициналық білімі бар қызметкерлердің және жоғары білікті ғылыми педагогикалық қызметкерлердің дайындығын, қайта дайындығын және біліктілігін арттыруын жүзеге асыру;

-      емдік жұмыстарды бейіні бойынша жүзеге асыру (науқастарды күту, әртүрлі емдік диагностикалық іс шаралар);

-      университет басшылары мен деканаттың ұйымдастыруымен қоғамдық және мәдени бұқаралық іс шараларға қатысу;

-      дайындық бағыттары бойынша университетішілік және университетаралық деңгейлердегі оқу әдістемелік комиссиялардың жұмыстарына қатысу;

-      кафедра сапа саласындағы мақсатарды анықтау және бекіту, кафедра сапа саласындағы мақсатарды орындау үшін іс шаралар әзірлеу;

-      түзететін және ескертетін іс әрекеттерді әзірлеу;

-      кафедра қызметкерлерін қажетті құралдармен қамтамасыз ету: олардың материалдық техникалық қажеттіліктерін анықтап алып, өтініш жазу.

 

Жетістіктер

Бүгінгі күнде кафедра қызметкерлерінің ғылыми дәрежелілігі 75%-ды құрайды, 3 медицина ғылымдарының докторы, 3 медицина ғылымдарының кандидаты, 2 phD докторант, 1 магистрант, оқытудың 1-жылындағы 8 резидент, оқытудың 2-жылындағы 1 резидент. Кафедраның қызметкерлері “Еуропалық Дерматология және Венерология Академиясының” (EADV), Халықаралық Дерматологтар Қауымдастығының (ISD), Қазақстан дерматовенерологтар және дерматокосметологтар ассоциациясының мүшелері.

1998 жылдан бері профессор Г.Р. Батпенованың басқаруымен 16 кандидаттық, 2 докторлық, 2 магистрлік диссертация,1 PhD диссертация қорғалды. Сонымен қатар кафедрада клиникалық ординаторларға білім беру жүргізілуде, ол бойынша 47 маман дайындалған. 1992-2001 жылдары кафедрада 6-курс субординатор-дерматовенерологтары мен интерндер білім алған. Осы жылдары барлығы 230 маман дайындалды. 2008 жылы кафедрада резидентура ашылды. 12 резидентке білім берілді. Сондай-ақ 2011 жылы магистратура, 2010 жылы PhD докторонтура ашылды. Осы уақытқа дейін 4 магистр және 1 PhD доктор дайындалды.

Кафедрадағы ғылыми жұмыстардың негізгі бағыты: акне этиопатогенезі және акнеге ұқсас терідегі аурулар, емдеу тәсілін дамыту, әртүрлі формадағы псориаздың эпидемиологиясы, псориаздың коморбидті жағдайлары, жаңа емдеу әдістерді ойлап табу, ЖЖЖА-ның клиникалық-иммунологиялық сипаттамалары және иммунокоррекциясы, шаш ауруларының клиникалық-патогенетикалық аспектілер және ең тиімді кешенді емдеу әдістерін әзірлеу, ұлты қазақ науқастардағы витилиго ағымының клиникалық-генетикалық ерекшелігі, белсіздіктің клинико-генетикалық апектілері, ұлты қазақ науқастардағы акненің клиникалық-психологиялық және генетикалық сипатамалары, Қазақстанда созылмалы дерматозбен ауыратын науқастардың клиникалық-психологиялық және генетикалық сипатамалары, жеке тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты розацеа клиникасын бағалау. Кафедра құрылғаннан бастап 450-ден аса ғылыми жарияланымдар шығарылды, соның ішінде 1 монография, 17 әдістемелік құрал, 6 өнертабыстың алдын ала патенті, 2 өнертабыс патенті алынды.

Кафедра қызметкерлері кәсіби деңгейін жоғарлату үшін Чехия, ОАЭ, Португалия, Нидерланд, АҚШ, Оңтүстік Корея және тағы басқа шетелдерде өтетін конференцияларға жүйелі түрде қатысады. 2007 жылы халықаралық білім беру бағдарламасы аясында ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындауды жүзеге асыру бағдарламасы бойынша кафедра доценті к.м.н. Г.З. Садықова Тель-Авив (Израиль) қаласында медициналық университеттерді тесттілеудің әдістемесі бойынша білім алды. 2012 жылы кафедра ассистенті Д. Ж. Азанбаева Нью-Йорк қаласында (АҚШ) «Dermatological surgery and cosmetic clinic» бағдармасы бойынша 6 ай оқыды. 2014 жылы кафедра ассистенттері Д.Ж. Азанбаева және Т.О. Алгазина Сеул қаласындағы (Оңтүстік Корея) католитиктік университет жанындағы Әулие Мария госпиталінде халықаралық стипендиялық бағдарламаға қатысты. Кафедра доценті к.м.н. Г.З. Садықова «Антимикробты резистентілік және Стюардшип бағдарламасы» жобасымен Karolinska Institute (Швеция, Стокгольм) каласында 13.10.14-21.11.14 жылдары «Болашақ» қорының бағдарламасымен тағылымдамадан өтті. Кафедра доценті А.С. Қазиева 2015 жылдың шілде айында Вена қаласының университеті мен Weil Cornell Университеті (Нью-Йорк, АҚШ) ұйымдастырған Зальцбург қаласында (Австрия) өткен медициналық семинарға қатысты. 2016 жылдың 12-14 сәуірінде кафедра ассиситенті Д.Ж. Азанбаева Global Education Award ISD грантын ұтып алып Дубай қаласында өткен 5-ші Континенттік Дерматология Конгресінде баяндама жасады. Осы жылдың наурыз айында кафедра доценті А.С. Қaзиева Американың Дерматология Академиясының Registration Scholarship ұтып алып, АҚШ-тың Вашингтон қаласында өткен 74th Annual Meeting жиналысына қатысты.

2003 жылдан бастап кафедрада дерматовенерологтар, дерматокосметологтар, дәрігер-лоборанттар қайта даярлаудан өтеді (специализация) және оларға білімді жетілдірудің тақырыптық циклі жүргізіледі. Кафедра тақырыптық циклді арнайы меңгеру үшін қызметкерлерді Алматы, Петропавл, Қостанай, Орал, Қызылорда, Тараз, Шымкент, Ақтөбе, Қарағанды, Көкшетау, Өскемен, Семей, Талдықорған қалаларына жібереді. Осы жылдары 1000-нан аса кызметкер арнайы курстарда білім алды (690 дерматовенеролог, 319 дерматокосметолог). Кафедра қызметкерлері Қазақстан Республикасының аймақтарына ғылыми баяндамалар оқу үшін жүйелі түрде барады.

Кафедра қызметкерлері ҚР ДСӘДМ ТВҒЗИ (Алматы), Мәскеу және Сенкт-Петербург қалаларында Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрлігінің Тері және венерология Орталық ғылыми–зерттеу институты, Өзбекстан Республикасының ДМ Дерматология және венерология институты (Ташкент), “Еуропалық Дерматология және Венерология Академиясының” (EADV),Халықаралық Дерматологтар Қауымдастығы (ISD) ұйымдастырған халықаралық конференцияларға қатысты. Профессор Г.Р. Батпенова Испанияда, Израилде, Австрияда, Англияда, Германияда, Чехияда, Словакияда, Данияда, Партугалияда өткен дүниежүзілік аллергология және иммунология, дермотология бойынша конгрестерге қатысты.

Кафедра қызметкерлерінің күшімен, демеушілердің қатысуымен төменде көрсетілген конференциялар өткізілді:

2000 жылы – кафедра базасында ҚР ДСӘДМ ТВҒЗИ филиалының ашылуына орай Акмола облысының дерматовенерологтарына арналған ғылыми-практикалық конференция.

2000 жылы – дерматовенерологтар және гинекологтар бірлескен ғылыми- практикалық конференция.

2002 жылы – дерматовенерологтар және урологтар бірлескен ғылыми- практикалық конференция.

2006 жылы – кафедраның 40-жылдығына арналған конференция.

2014 жылы – «Созылмалы дерматоздар терапиясының жаңа мүмкіндіктері» атты ғылыми- практикалық конференция; «Дерматоздардың жергілікті емі үшін топикалық стероидтарды оптималді таңдау» ғылыми-тәжірибелік конференциясы; «Пиодермиялар: клиникалық ағымының және емінің ерекшеліктері» ғылыми-практикалық конференциясы;

2015 жылы – кафедраның 50 жылдығына арналған конференция; Шымкент қаласындағы «Созылмалы дерматоздар терапиясының заманауи тәсілдері» ғылыми-тәжірибелік конференциясы; Павлодар, Ақтөбе және Өскемен қалаларында өткен «Созылмалы дерматоздардың сыртқы терапиясы» ғылыми- практикалық конференциясы;

Дерматовенерология кафедрасының бастамашылығымен 2007 жылдан бастап Дерматология, косметология және эстетикалық медицинаның Еуразия Конгресі және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Бұйрығына сәйкес Астана қаласында «Дерматокосметология және дерматовенерологияның жас ерекшелік аспектілері» атты ғылыми- практикалық конференциясы өткізіледі. Іс-шаралар Азия, Африка, Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Америка елдерінің медицина профессорларының қатысуымен өтеді. Жоғары кәсібі деңгейде өтетін іс-шараға 500-ден астам адам қатысады. Қазақстан Республикасының дәрігерлерімен қатар таяу және алыс шетел дәрігерлері баяндамаларын оқиды.

2012 жылдың сәуір айында кафедра қызметкерлерінің белсенді қатысуымен Қазақстан дерматовенерологтар және дерматокосметологтар ассоциациясы құрылды. Қазіргі таңда ҚДДА-ға 230-дан астам адам мүше. Ассоциация президенті – кафедра меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Батпенова Гүлнар Ырыскелдіқызы.


Байланыс деректері

Астана қаласы, Республика даңғылы 50/2, 3 қабат; «Дерматология және жыныстық жолымен берілетін аурулардың алдын алу орталығы»

тел.: 8(7172)39 61 79

e-mail: kaf.derm@amu.kz