Стоматология және бет-жақсүйек хирургиясы кафедрасы

Басшылық

Кадрлық құрам

Құрылу тарихы

Терапиялық және хирургиялық стоматология кафедрасы 2007 жылдың 1 наурызында РМҚК «Қаз ММА» ректоры, проф. Ж.А. Досқалиевтың бұйрығымен ұйымдастырылды. Кафедра меңгерушісі – стоматология ғылымдарының PhD докторы Анар Жақсыбайқызы Жұмаділова. Кафедрада 19 қызметкер, оның ішінде 1 PhD докторы, 4 доцент, медицина ғылымдарының 8 кандидаты, медицина ғылымдарының докторы ғылыми атағын алу үшін ізденіп жүрген 4 ізденуші, медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми атағын алу үшін ізденіп жүрген 3 ізденуші қызмет етеді. Сонымен қатар кафедрада 6 зертханашы жұмыс істейді. 

Қызмет

Оқу әдістемелік жұмыс
Терапиялық және хирургиялық стоматология кафедрасының оқыту процесінде инновациялық технология әдістерінен – студенттерді оқытудың интерактивті әдісі, ПБО әдісі, ОҚКЕ әдісі – қолданылады. Кафедра топтарды командалық әдіспен де оқытады, бұл әдіс студенттерді ұйымшылдыққа тәрбиелейді және командада жұмыс істеуді үйретуге көмектеседі. Стоматологиялық 3МSP компаниясымен ынтымақтастық шеңберінде студенттерге оқу практикасында қолдану үшін соңғы үлгідегі пломб материалдары, тегістеу дискілері, матрицалар үш айда 1 рет беріледі. Стоматологиялық 3МSP компаниясымен ынтымақтастық аясында кафедра базасында шетелдік стоматолог-профессорлар дәріс оқып, семинар өткізеді, семинарға қатысқан студенттерге семинар тақырыбын өткендігі туралы халықаралық сертификат беріледі.

Оқыту жұмысы мен ғылыми жұмыс
2007 жылдың желтоқсанында стоматологиядан ғылыми семинар ұйымдастырылды. Семинар төрағасы – ЛОР аурулары кафедрасының меңгерушісі, профессор Толебаев Р.К., төрағаның орынбасары – терапиялық және хирургиялық стоматология кафедрасының меңгерушісі, PhD доктор А.Ж. Жұмаділова. 2008 жылдың желтоқсанында терапиялық және хирургиялық стоматология кафедрасы ассистенттерінің алғашқы екі ғылыми жұмысы апробациядан өтті.
Кафедрада стоматологияның түрлі бағыттары бойынша ғылыми үйірме ұйымдастырылған, оған барлық курстардың студенттері қатысады. Сондай-ақ университеттің кәсіподақ ұйымымен бірге кафедраның бастамасымен университет қызметкерлерін профилактикалық стоматологиялық тексеру және емдеу жобасы дамытылуда. Хиросима Университетімен бірге Азия мен Африка халықтарының стоматологиялық ауруларына мониторинг жүргізу жөніндегі халықаралық жоба орындалды, сонымен қатар «Астана медицина университеті» АҚ-тың радиобиология ғылыми орталығымен бірге уранөндіруші аймақ тұрғындарының стоматологиялық ауруларына мониторинг жүргізілді. Кафедра қызметкерлері ғылыми жұмыстарын медициналық журналдарда, ғылыми басылымдарда жиі жариялайды. 

Жетістіктер

2009 жылы желтоқсанда 3 курс студенттері арасында «Терапиялық стоматологияның фантомдық курсы» атты ісшара өткізілді.
2010 жылдың ақпан айында 4 курс ( жеделдетілген оқу) және 5 курс түлектері арасында терапиялық және хирургиялық стоматология бойынша интеллектуалдық викторина өткізілді. 2010 жылдың 16-17 сәуірінде ең алғаш ұйымдастырылған халықаралық стоматологиялық көрме және «Стоматологиядағы және дентивті имплантологиядағы қазіргі технологиялар, Астана-2010» атты конференция өтті.