Ортопедиялық стоматология және балалар стоматологиясы кафедрасы

Басшылық

Еслямғалиева Ардақ Манапқызы

кафедра меңгерушісі
м.ғ.к., доцент, жоғары дәрежелі балалар дәрігер – стоматологы;

Кадрлық құрам

Замураева Алма Уахитовна

Профессор
Кафедраның МАҚ бойынша жауапты

Алдабергенова Тауржан Қалибекқызы

Доцент, м.ғ.к.
ғылыми жұмысқа жауыпты

Кульмирзаева Айжан Бахытжанқызы

Доцент

Кенбаева Лаура Омарханқызы

Доцент

Калиева Айжан Завихуллаевна

ассистент

Орынбаева Биби-Айша Шубайқызы

ассистент

Абдикаримова Альмира Алтынбекқызы

ассистент

Қойшыманов Әділбек Бейсенұлы

ассистент

Кенжин Бауыржан Дәлелханұлы

ассистент

Гамова Эмилия Рославовна

ассистент

Жилкибаева Жанна Бопановна

ассистент

Мусин Бауыржан Аяшұлы

ассистент

Құсайынов Әнуар Сапарұлы

ассистент

Асқарова Нұржамал Салықбайқызы

ассистент

Адильбеков Абилькасым Адильбекович

ассистент

Жумажан Меруерт Бауржанқызы

ассистент

Айтжанова Әсел Жанболатқызы

ассистент

Тургунбаева Бахтигуль Эргашевна

ассистент

Пшембаева Роза Кенжебайқызы

ассистент

Геринг Марина Петровна

ассистент

Аханова Хадиша Шариповна

Аға зертханашы

Оспанова Жанар Түсіпбекқызы

зертханашы

Жумагазина Дидар Жумағазықызы

зертханашы

Сейтмағамбетов Азамат Аманжолұлы

тіс технигі

Нурсейтова Гүлнар Серікқызы

зертханашы

Құрылу тарихы

Біздің «Астана медицина университетінің» стоматология факультеті Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрінің №535 жарлығымен 08.07.2002 жылы ашылған. 2002 жылы алғашқы 35 студенттер қабылданды. Бірінші куратор болып м.ғ.к., доцент Доненбаева Ш.Ш. тағайындалды.

2003 жылдың тамыз айында біріккен стоматология кафедрасы ұйымдастырылып, кафедраны белгілі ғалым, клиницист және ұйымдастырушы, Қазақстан стоматология Ассоциясының алғашқы президенті, дүниежүзілік стоматологтар ассоцициясының мүшесі, тістерді жартылай және толық болмауы кезінде протездеудің және емдеудің жаңа тәсілдерін енгізген автор, медицина ғылымдарының докторы, профессор Темирбаев Мақсұт Абуович басқарды. Сол жылы стоматология факультетіне 70 студент қабылданды.

Қысқа мерзімде кафедра штаты тәжірибелі клиницистермен және педагогтармен жасақталып, қызметкерлер жаңа оқу стандартына сай оқу-методикалық құжаттарды дайындады, Дүниежүзілік стандартқа сай материалды-техникалық база құру үшін кафедра қарқынды жұмыс істеді. Кафедра Еуропа, Франция, Германия, Турция (Стамбул қ.), Оңтүстік Корея (Сеул қ.) елдерінің бірқатар жоғарғы оқу орындарымен жұмыс жасады. Еуропаның ірі ғылыми және оқу-клиникалық орталығы болып табылатын атақты Тюбенгениялық университеттің (Баден, Вюртемберг, Германия) стоматологиялық орталығымен бірігіп жұмыс істеуге келісімшартқа қол қойылды.Осы келісімшарт негізінде Қазақ Мемлекеттік Медицина Академиясының стоматология факультетінің оқытушылары Тюбинген университетінде білімдерін жетілдіріп, тәжірибе алмасуы жоспарланды.

Кафедра қызметкерлері Медицина университетінің оқу-әдістемелік бөлімі мен дипломнан кейінгі білімді жетілдіретін бөліммен бірігіп жұмыс атқарды. Кафедраны ұйымдастыру барысында ғылыми жұмысқа зор үлес қосылды. Факультет қызметкерлерімен докторлық диссертация орындалу жоспарланды. Академияның 40 жылдығына арналған ғылыми конференция жұмыстарына, сонымен қатар Астана қаласының стоматология ассоциациясының жұмыстарына кафедра қызметкерлері белсенді араласты. Еуропалық стоматологиялық білім беру моделін зерттеу, үйрену мақсатында Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігімен бірлесе отырып «Темпус» бағдарламасына қатысуға сұраныс берілді.

Мақсаттар

«Стоматология» мамандығы бойынша студенттердің оқу, методикалық, клиникалық, тәрбие жұмыстары, ағымды, аралық, қорытынды бақылауы және оқу жоспары  бойынша сәйкестігін жоспарлау; 

Кәсіби теориялық және практикалық дайын дәрігер-стоматологтарды дайындау және шығару;

Жоғары мамандандырылған ғылыми-педагогикалық қызметкерлік құрамды дайындау  (магистратура,докторантурада оқу)дәрігерлік және педагогикалық санаттарды жоғарлату;

Денсаулық сақтау бағыты және аймағы бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарын жоспарлау және іске асыру,алынған нәтижелерді тәжірибеге енгізу.

Функциялар

Пән бойынша кафедра саясатын дамыту, оқу істері мен жұмыс берішулермен ішкі байланысты кеңейту және нығайту;

ЖМОС кафедраның мамандығы бойынша жоғары кәсіби және ЖОО соң  оқу бағдарламасын жүзеге асыру;

Оқу әдісі бойынша әртүрлі  әдістерді қолдану және жүргізу;

Жоспарланған және ағымды оқу сұрақтары бойынша, методикалық, клиникалық, қызметкерлердің студенттермен ғылыми және тәртіп жұмыстары бойынша кафедра отырысын өткізу;

Кафедраның пәндік оқу методикалық комплексті өндіру;

Оқу-өндірістік және оқу-тәжірибелік жұмыстарды өткізу үшін оқу құралдарымен қамтамасыз ету.

Қызмет

2006 жылы біріккен стоматология кафедрасының меңгерушісі болып доцент Еслямғалиева Ардақ Манаповна тағайындалды. Стоматология факультетінде оқитын студенттер санына және оқу жүктемесінің ұлғаюына байланысты 2007 жылы кафедраны екіге бөлді: ортопедиялық және балалар стоматологиясы кафедрасы, терапиялық және хирургиялық стоматология кафедрасы. Ортопедиялық және балалар стоматологиясы кафедрасын м.ғ.к., доцент, жоғары дәрежелі дәрігер-стоматолог Еслямғалиева Ардақ Манаповна басқарады. Ортопедиялық және балалар стоматологиясы кафедрасының оқытушылары стоматология факультетінің студенттеріне: «Тіс протездерін дайындау технологиясы», «Стоматологиялық аурулардың алдын алу», «Балалалар жасындағы стоматология пропедевтикасы және ортодонтия», «Ортопедиялық стоматология пропедевтикасы», «Балалар жасындағы стоматология», «Ортодонтия», «Ортопедиялық стоматология» пәндері бойынша білім береді. Кафедрада стоматология факультетінің 2-5 курс студенттері, жалпы тәжірибедегі интерн дәрігер-стоматологтар оқиды. 2009 жылға дейін кафедраның клиникалық стоматологиялық кабинеттері Германия, Словакия елдерінде жасалған 8 стоматологиялық құрылғымен жабдықталған. Клиникалық базада студенттер мен жалпы тәжірибедегі интерн дәрігер-стоматологтар тәжірибелік сабақтардың практикалық дағдыларын меңгеру үшін мемлекеттік тапсырыс бойынша науқастарды (балалар, мүгедектер, зейнеткерлер) қабылдау жүргізіледі. Стоматология факультетін 5 жыл оқып бітірген түлек жоғарғы медициналық білім ала отырып, дәрігер - стоматолог дипломына ие болады және де интернатураны өткеннен кейін жалпы тәжірибедегі дәрігер-стоматолог мамандығы бойынша жұмыс атқарады. 2009-2010 оқу жылында АҚШ-та жасалған заманауй 3 стоматологиялық қондырғылармен жабдықталған қосымша жаңа клиникалық кабинет ұйымдастырылды. 2009-2010 оқу жылында ортопедиялық және балалар стоматологиясы кафедрасының меңгерушісі Еслямғалиева А.М. және терапиялық және хирургиялық стоматология кафедрасының меңгерушісі Жұмаділова А.Ж. ұйымдастыруымен және «Астана медицина университетінің» қолдауымен «Дентальды имплантологияда және стоматологияда жаңа технологиялар, Астана 2010» I Халықаралық конференция өткізілді. Конференцияға алыс және жақын 15 шет елдің ғалымдары қатысты. Кафедра базасында тіс техниктеріне арналған «Валл- пласты қолдану» атты мастер класс өткізілді.

2010-2011 оқу жылында ортопедиялық және балалар стоматологиясы кафедрасының меңгерушісі Еслямғалиева А.М. және терапиялық және хирургиялық стоматология кафедрасының меңгерушісі Жұмаділова А.Ж. «Астана медицина университетінің» қолдауымен «Ортопедиялық стоматологияда және тістехникалық тәжірибесінде заманауй технологиялар» II Халықаралық конференция ұйымдастырды. Конференцияға алыс және жақын шет елдің ғалымдары қатысты. 2011 жылдың мамыр айында Алматы қаласында С.Д. Асфендиаров атындағы Ұлттық медицина университетінің базасында халықаралық қатысумен ортопедиялық стоматология бойынша жоғарғы оқу орындары арасында олимпиада өтті. Онда 503 топ студенті Филиппов Артем барлық сайыскерлердің арасында 1 орын алды, сонымен қатар 503 топ студенті Чхаидзе Важа «одонтоегеу» сайысы бойынша 1 орынды иеленді, жетекшілері кафедра ассистенттері Жилкибаева Ж.Б., Гамова Э.Р. Қазіргі уақытта ортопедиялық және балалар стоматологиясы кафедрасында 14 – оқытушы, 2 – тіс технигі, 6 - лаборант жұмыс істейді.

Жетістіктер


kods3.jpg  kods2.jpg


kods1.jpg  kods.jpg

Байланыс деректері

Астана қ.Сарыарқа к-сі 33, 4-ші қабат
тел.8(7172) 44-42-06 
e-mail:
yeslyamgaliyeva.a@amu.kz

kaf.ort.stom@gmail.com