Психиатрия және наркология кафедрасы

Басшылық

Ракишева Ак-Уке Салимжановна

кафедра меңгерушісі

Кадрлық құрам

Кулмуканова Коралай Какешевна

Доцент, м.ғ.к.

Мукашева Галия Резибековна

ассистент

Джантлиева Альфия Маратовна

ассистент

Пешкова Татьяна Яковлевна

ассистент

Шамарданова Ольга Минневакифовна

ассистент

Айтжанова Алия Досымбековна

ассистент

Джакубалиев Тимур Маратович

ассистент

Койшыбеков Тохтар Толеуханович

ассистент

Дженгарина Жанна Ерсаиновна

ассистент

Дегтярь Татьяна Ивановна

ассистент

Таратайченко Ирина Александровна

ассистент

Бекарисова Шолпан Сапаргалиевна

ассистент

Кабыкенова Айнаш Балгабаевна

ассистент

Ауесбаева Гульмира Макеновна

аға зертханашы

Магзумова Набира Аиповна

Аға зертханашы

Құрылу тарихы

Психиатрия және наркология кафедрасы Целиноград мемлекеттік медициналық институт құрылғаннан бері ұзақ және жемісті қалыптасу жолын өтті. 2005 жылға дейін кафедраның меңгерушісі болған Удовиченко Александр Степанович 1969 жылы кафедраның негізін қалаушылардың бірі. А.С. Удовиченко өз заманының психиатриядағы алдыңғы қатарлы сараптамашысы мен клиницистерінің бірі. Соның бастамасымен Целиноградтық психиатриялық ауруханада базалық клиникалық бөлімшелер ұйымдастырылған, студенттермен сабақ жүргізіліп қызметкерлер ғылыми-зерттеу жұмыстарын атқарған. А.С. Удовиченко клиникалық психиатрияның маңызды мәселелеріне арналған 40 ғылыми жұмыстардың және әдістемелік нұсқаулардың авторы.

2005-2007 жылдары психиатрия курсы бойынша қызметтікміндетін м.ғ. к. К.К. Кулмуканова атқарған.

2007-2012 жылдары м.ғ.к. А.К. Сулейменова психиатрия және наркология кафедрасының меңгерушісі болды, оның 20 ғылыми басылымдары шыққан.

2012-2014 жылдары кафедра меңгерушісі м.ғ.к. А.С. Ракишева болды.

Қазіргі уақытта кафедра меңгерушісінің міндетін атқарушы м.ғ.д А.С.Қаражанова.

Доцент Н.В. Магай 1984-2015 жылдары кафедраның жұмысына үлкен үлесін қосты. Ол 25 ғылыми және әдістемелік жұмыстар басып шығарған, республикалық маңызыға ие екі өнертабысы бар, депрессивті жағдайды және апиындық абстиненцияны тоқтатудың жаңа әдістерін енгізген.

Қазір кафедрада 9 штаттағы ассистент қызмет атқарады. Барлығы жоғары кәсиби, практикалық медицинада да, педагогикалық қызметте де тәжірибелі мамандар.

Кафедр ассистенті, PhD, оқу ісінің меңгерушісі Ким Михаил Евгеньевич дәлелдемелі медицина саласынан білімі бар, медициналық қызметті стандартизациялауда, клиникалық хаттамаларды құрастыруда тәжірибесі мол. Психикалық бұзылыстардың клиникасы, диагностикасы мен емі бойынша ғылыми қызығушылығы басым.

Ассистент Мұкашева Ғалия Резибековна – жоғары санатты психиатр-дәрігер, Университеттің қоғамдық өміріне қатысушы,Астана қ. «ПДПМО» МҚКМ дәрігерлік-кеңестік комиссиясының мүшесі, Астана қ. «ПДПМО» МҚКМаудиторлық комиссиясының мүшесі, соттық-психиатриялық сараптамаға, МФҚБК тексерістеріне қатысады, оқытудың инновациялық әдістерін қолданады.

Пешкова Татьяна Яковлевна психиатрия саласындағы білікті маман, Санкт-Петербург қаласының Психология академиясының түлегі, оқытудың инновациялық әдістерін қолданады, сонымен қатар МФҚБК тексерістеріне қатысады,№ 22 мектепте салауатты өмір салтын қалыптастыру жұмыстарымен айналысады. Медициналық университет жинағында ғылыми мақалалар жариялап тұрады.

Кафедра ассистенті Шамарданова Ольга Минневакифовна 1994 жылдан бастан кафедрада еңбек етуін клиникалық ординатураға түсуден бастаған. Сол уақыттан бастап білікті маман ретінде өзін көрсеткен. МФҚБК тексерістеріне қатысады, оқытудың инновациялық әдістерін қолданады. Кафедраның дамуына үлесін қосып келе жатқан білікті маман.

Айтжанова Алия Досымбековна кафедра ассистенті, инновациялық процестер бойынша Жоғары мектепте оқыған, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтарды алдын алу мақсатында полиция инспекторларымен тығыз қарым-қатынаста, Ішкі Істер Министрлігінің қызметтік бөлімшелерінде кеңестік жұмыстар мен семинарлар өткізуге, медициналық, фармацевтикалық қызмет көрсетуді бақылау комиссиясының тексерістеріне қатысады.

Кафедра ассистенті Джантлиева Альфия Маратовна, психиатрқызметі бойынша еңбек өтілімі 34 жыл, соның ішінде кафедрадағы қызметі 14 жыл, кәсіби қызығушылық аумағы:әйелдер маскүнемдігі, егде жастағыларың психикалық бұзылыстары.

Кафедра ассистенті Джакубалиев Тимур Маратович психиатрия және наркология бойынша Австрияда тағылымдамадан өтті, психиатрия саласында арнайы мамандармен халықаралық қарым-қатынас тәжірибесі бар.Жалпы жұмыс өтілі 22 жыл, Алматы мемлекеттік медициналық университетінде 5 жыл, психиатрия және наркология кафедрасында 2012 жылдан бастап қызмет атқарады. Тәжірибелік және ғылыми қызығушылығы: шекаралық психиатрия, психотерапия.

Дженгарина Жанна Ерсаиновна – жоғары санатты психиатр дәрігері, балалар психиатриясы саласының маманы. Балалар жасындағы соттық психиатрия сараптамасын жүргізуге қатысады. Мүмкіндігі шектеулі балалардың психокоррекциясымен айналысады.

Кабыкенова Айнаш Балгабаевна психиатрия және наркология кафедрасының ассистенті болып 2013 жылдан бастап қызмет атқарады, психотерапия саласы бойынша маманданған, психотерапиялық топтармен жұмыс жасайды.

Кафедра лаборанттары Ауесбаева Гульмира Макеновна менМагзумова Набира Аиповнаның кафедра қызметіне қосқан үлестері зор.

Мақсаттар

–Жоспарлау, оқу жоспары мен бағдарламаларға сәйкес оқыту, әдістемелік, тәрбиелеу, студенттердің оқуын ағымдық және қорытынды бақылауын ұйымдастырып жүргізу.

–Жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау, олардың біліктілігін магистратурада жоғарылату.

–Практикалық денсаулық сақтауға фундаментальды, басым ғылыми зерттеулерді жоспарлау және оны жүргізу, алынған ғылыми зерттеулік жұмыстардың нәтижелерін тәжірибеге енгізу.

Жетістіктер

Кафедра қызметкерлері соңғы 10 жылда оқытылатын пәндер бойынша оқу процесін оқу құралдарымен қамтамасыз етіп келе жатыр. Студенттерге арналған 35 әдістемелік нұсқаулар құрастырылып, ЖОО-ға арналған «Психиатрия» (2010) оқулығы шығарылған.

Кафедра үлкен оқу-әдістемелік жұмыс атқарды. Оның қызметкерлері психиатрия және наркология пәнінен студенттерге, интерндерге арналған типтік бағдарламалар құрастырған, мемлекеттік және орыс тілінде оқытуды жетілдірді (мультимедиялық материалдар). Оқытудың заманауи әдістері – аудио матералдар және видео материалдар мен интерактивті техникалар кеңінен қолданылады. Сонымен қатар оқытушылар арнайы топтарда ағылшын тілінде сабақ өткізеді.

Кафедра «Психиатрия және наркология» мамандығы бойнша келесі факультеттерде оқытады:

–жалпы медицина факультеті (5-курс);

–стоматология факультеті (3-курс);

–«Ішкі аурулар және жалпы практикалық дәрігерлер» интернатура факультеті (6-курс).

Психиатрия және наркология кафедрасында жыл сайын 2500-ден астам студенттер білім алады. Кафедраның жұмыс жасау уақытында 300-ден астам жас мамандар оқытылып шығарылған. Психатр, нарколог, психотерапевт дәрігерлердің көбі интернатураны біздің кафедрада өтіп, қазіргі уақытта Астана қ. «ПДПМО» МҚКМ-да сәтті қызмет атқаруда.

Психиатрия және наркология кафедрасында жас мамандарды оқытудың заманауи әдістерін қолдану болашақ дәрігерлердің дағдылары мен біліктілігін сапалы және оңтайлы дамытуға септігін тигізеді. Оқытудың инновациялық технологиялары мен оқыту процесінің менеджменті кең қолданылуда, бұл жоғары білімді кадрларды дайындау мақсатында сапалы білім берудің деңгейін арттырады.

Chair of Psychiatry and Narcology.jpg


Байланыс деректері

Астана қ., Жансүгіров көшесі,12 каб 51, 52.
тел.:87019995457, 87014554842
e-mail:psixnar@mail.ru