Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деканаты«Астана медицина университеті» АҚ-тың ғылыми және әкімшілік құрылымдық бөлімшесі.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деканаты қызметінің негізгі мақсаты – оқытудың күндізгі түрі бойынша білім беру туралы заңға сәйкес Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесі үшін резидентура, магистратура, PhD докторантураның әртүрлі бейініндегі жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау және қызметін үйлестіру.

Деканаттың негізгі міндеттері магистранттардың, PhD докторанттардың өзіндік ғылыми-зерттеу және педагогикалық қызметінің машықтарын қалыптастыруға; резиденттердің, магистранттардың, PhD докторанттардың ғылыми-зерттеу қызметін үйлестіруге және оқытудың бекітілген жеке жоспарларына сәйкес олардың қызметінің жүзеге асырылуын бақылауға бағытталған.     

Деканатты декан басқарады, оның қарамағында 7 штаттық қызметкер жұмыс істейді:

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деканыЖарлығанова Динара   Сарқыбекқызы, М.D., Ph.D (тел. 87172-539450, e-mail: dekanat.po@mail.ru)

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деканының орынбасары – Агибаева Дина Батырқызы.

Бас маман – Калиева Зарина Батырқызы.

МВА бойынша бас маман – Сибагатова Айнұр Серікқызы.

Резидентура бойынша жетекші маман – Аширбекова Нұргүл Ермекқызы.

PhD докторантура және магистратура бойынша жетекші маман – Галихайдарова Лариса Маратқызы.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деканатының әдіскері  Мекешова Венера Маратқызы.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деканатының әдіскері – Какенова Айгүл Болатқызы.

дс.jpg

Қазіргі уақытта жоғары санаттағы білікті кадрларды, магистранттар мен PhD докторанттарды даярлау бойынша жоспарлы және жан-жақты саясат жүргізіледі. «Астана медицина университеті» АҚ-та 2007 жылдан бастап білім алушыларды «Медицина» мамандығы бойынша магистратураға оқуға қабылдау жүргізіледі.

Қазақстан бойынша бірінші рет «Астана медицина университеті» АҚ-та 2008 жылдан бастап «Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау» мамандығы бойынша, 2010 жылдан бастап «Медицина» мамандығы бойынша PhD докторантураға оқуға қабылдау жүргізіледі.

Магистратура

 

Магистратура – бірінші жоғары білім берудің екінші сатысы. Магистратурада бакалавриат түлектері (дұрыс бағалар алған жағдайда), диплом алған мамандар оқуларын одан әрі жалғастырады. Магистратураның міндеті – медицинаның нақты бағыты бойынша магистранттарды теориялық және практикалық тұрғыдан тереңдетіп даярлау, магистранттардың барынша маңызды әрі орнықты білімді меңгеруі есебінен жоғары сапаға қол жеткізу, ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен өткізу машықтарын игеру. Магистратураның соңғы нәтижесі – магистерлік диссертация. Магистратураны бітірген соң мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі және магистр академиялық дәрежесі тағайындалады. «Астана медицина университеті» АҚ-та магистратура 4 мамандық бойынша оқытылады:


1.               6М 110100 – «Медицина»

· ғылыми-педагогикалық бағыт – 2 жыл

· бейіндік бағыт1 жылдан 1,5 жылға дейін

2.               6М 110200 -  «Қоғамдық денсаулық сақтау»

· ғылыми-педагогикалық бағыт – 2 жыл

· бейіндік бағыт1 жылдан 1,5 жылға дейін

3.    6M 110300 – «Мейірбике ісі»

· ғылыми-педагогикалық бағыт – 2 жыл

· бейіндік бағыт1 жылдан 1,5 жылға дейін

       4.   6М110500 – «Медициналық-профилактикалық іс»

· ғылыми-педагогикалық бағыт – 2 жыл

· бейіндік бағыт – 1 жылдан 1,5 жылға дейін


2.jpg





















6М 110100  «Медицина» мамандығы бойынша магистранттары

МВА бағдарламасы

Университет базасында алғаш рет 2009 жылдан бастап «Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау» мамандығы бойынша «Ауруханалық басқару саласындағы МВА» бағдарламасы енгізілді. Бағдарламаның мақсаты – халықаралық стандарттарға сәйкес Қазақстандағы медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қауіпсіздігін, ауруханалық басқарудың жүйесі мен тәсілдерін айтарлықтай жақсартатын,  шығармашылық тұрғыда ойлайтын мамандардың жаңа толқынын даярлау.

 galo4ka.gif Академиялық серіктестер:

- «Астана медицина университеті» АҚ (АстМУ)

- Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті ҰУ)

- Parkway College (Сингапур)

- Duke University (АҚШ)

galo4ka.gifБілім беру бағдарламасы:

- негізгі және бейіндік пәндер блогын (39 кредит)

- эксперименттік-зерттеу жұмысын (6 кредит)

- өндірістік практиканы (кемінде 8 кредит)

- қорытынды аттестацияны (кешенді емтихан және диссертация қорғау) (2 кредит) қамтиды.

 galo4ka.gifТүлектер:


  1. медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;

  2. ауруханалық әкімшіліктендіруде пайдаланылатын негізгі бизнеспринциптерді қолдануға;

  3. медициналық қызмет көрсетуді рентабельді ұсынуды жоспарлауға;

  4. бизнес жоспарларды әзірлеуге;

  5. әртүрлі масштабтағы халықаралық жобаларды әзірлеуге және үйлестіруге;

  6. экономикалық тәуелсіздік пен табыстылыққа қол жеткізу үшін медициналық қызметті жоспарлауға;

  7. көшбасшы болға және адами ресурстарды басқаруға;

  8. бәсекеге қабілетті болуға;

  9. келіссөздер жүргізіп үйренуге;

  10. қаржылық есеп берулерді талдауға;

  11. басқару машықтары мен медициналық бизнестің қазіргі жағдайдағы өзгерістеріне бейімделу икемділігін дамытуға қабілетті болып шығады.
3.jpg






    






МВА бағдарламасының алғашқы магистранттары

4.jpg

МВА бағдарламасының магистранттарына диплом тапсыру сәті, 2011 жыл

  

PhD докторантура

PhD докторантура – жоғары оқу орындарында «PhD докторы» және «Бейін бойынша доктор» ғылыми дәрежесін бере отырып, жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау формасы. PhD докторанттарды даярлаудың білім беру бағдарламасының негізгі міндеттері – кәсіптік қызмет саласында проблемалар мен мәселелерді тиімді шешуге қабілетті жаңа толқын мамандарын даярлау, ғылыми зерттеулер жүргізу, ғылыми сақтандыру негізінде медицинаның нақты бағыты бойынша педагогикалық қызметті жүзеге асыру және ХХI ғасырдағы медицина саласының талаптарына сәйкестендіру. Университетте PhD докторантура 2 мамандық бойынша оқытылады.

 

1.    6D110200 –«Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау» - 3 жыл

2.    6D110100 – «Медицина» - 3 жыл


    PhD докторанттардың өмірі келесідегідей – эксперименттер, нәтижелерді өңдеу, пән бойынша мақалалар мен кітаптарды оқу, конференциялар мен симпозиумдарға қатысу, мамандыққа қатысты пәндер бойынша дәрістер және т.б.

5.jpg

PhD докторанттардың конференцияға қатысуы (2011 жыл)


Резидентура

Резидентура – клиникалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық тереңдетіп білім беру формасы. «Астана медицина университеті» АҚ-та 29 клиникалық мамандық бойынша оқытылады:

 Резидентурада даярлау бойынша клиникалық (лицензияланған) мамандықтар тізбесі

Мамандықтар

Меңгеру ұзақтығы

терапиялық, педиатриялық бейіндегі және жалпы дәрігерлік практика мамандықтары бойынша осыған дейінгі білім беру деңгейі мен жұмыс өтілі кезінде     

терапиялық емес бейіндегі немесе жалпы дәрігерлік практика мамандықтары бойынша осыған дейінгі білім беру деңгейі мен жұмыс өтілі кезінде (терапия, педиатрия немесе жалпы дәрігерлік практика бойынша интернатураны бітірмеген)

1

Жұқпалы аурулар

2

3

2

Невропатология

2

3

3

Дерматовенерология

2

3

4

Онкология

2

3

5

Ревматология

2

3

6

Нефрология

2

3

7

Гастроэнтерология

2

3

8

Аллергология және иммунология

2

3

9

Фтизиатрия

2

3

10

Кардиология

3

4

11

Жалпы дәрігерлік практика

2

3

 

 

Меңгеру ұзақтығы

педиатриялық бейіндегі немесе жалпы дәрігерлік практика мамандықтары бойынша осыған дейінгі білім беру деңгейі мен жұмыс өтілі кезінде (педиатрия немесе жалпы дәрігерлік практика бойынша интернатура)

педиатриялық емес бейіндегі мамандықтар бойынша осыған дейінгі білім беру деңгейі мен жұмыс өтілі кезінде (педиатрия немесе жалпы дәрігерлік практика бойынша интернатура)

(педиатриялық емес бейіндегі мамандық бойынша интернатура)

12

Педиатрия

2

3

 

 

Меңгеру ұзақтығы

хирургиялық бейіндегі және жалпы дәрігерлік практика мамандықтары бойынша осыған дейінгі білім беру деңгейі мен жұмыс өтілі кезінде

хирургиялық емес бейіндегі мамандықтар бойынша осыған дейінгі білім беру деңгейі мен жұмыс өтілі кезінде

13

Балалар хирургиясы 

3

4

14

Травматология және ортопедия

3

4

15

Урология және андрология

3

4

16

Офтальмология

3

4

17

Жалпы хирургия

3

4

18

Оториноларингология

3

4

 

 

Меңгеру ұзақтығы

акушерлік-гинекологиялық, хирургиялық бейіндегі және жалпы дәрігерлік практика мамандықтары бойынша осыған дейінгі білім беру деңгейі мен жұмыс өтілі кезінде

акушерлік-гинекологиялық емес, хирургиялық емес бейіндегі мамандықтар бойынша осыған дейінгі білім беру деңгейі мен жұмыс өтілі кезінде

19

Акушерия және гинекология

3

4

 

 

Меңгеру ұзақтығы

терапиялық бейіндегі және жалпы дәрігерлік практика мамандықтары бойынша осыған дейінгі білім беру деңгейі мен жұмыс өтілі кезінде

терапиялық емес бейіндегі мамандықтар бойынша осыған дейінгі білім беру деңгейі мен жұмыс өтілі кезінде (терапия немесе жалпы дәрігерлік практика бойынша интернатураны бітірмеген)

20

Терапия

2

3

 

 

Меңгеру ұзақтығы

21

Сот-медициналық сараптама

2

22

Сәулелік диагностика

2

23

Сәулелік терапия

2

24

Анестезиология және реанимация

3

25

Патологиялық анатомия

2

26

Клиникалық фармакология

2

27

Медициналық генетика

2

28

Стоматология

2

29

Спорт медицинасы

2


IMGP3223.JPG 6.jpg Безымянный.jpg

"Акушерия және гинекология"                       "Акушерия және гинекология"                           "Педиатрия" мамандығы         

мамандағы бойынша резиденттер                мамандағы бойынша резиденттер                    бойынша резидент науқастың     

оқу - клиникалық орталықта сабақта             профессор, м.ғ.д. А. М. Дощановамен бірге      жанында

                                                                         операция залында