Үздіксіз кәсіби даму және қосымша білім беру деканаты

Басшылық

Сапарова Ляйлюм Тасбулатовна

факультет деканы

Кадрлық құрам

Тугельбаева Кызылгуль Алимовна

декана орынбасары

Кабакова Жазира Аманболовна

бас маман

Ибраева Алтынай Ибраевна

бас маман

Абдуллина Жупар Хайратовна

жетекші маман

Мухтарова Индира Бағдатқызы

жетекші маман

Аманжолова Ақбота Гауезқызы

Әдіскер

Садвакасова Жадыра Касымхановна

әдіскер

Құрылу тарихы

«Астана медицина университеті» АҚ базасында жоғары, медициналық және фармацевтикалық білімі бар қызметкерлерге дипломнан кейінгі білім беру жүзеге асырылады.

ҮКДҚББ факультеті 2002 жылы қаңтар айында ректораттың 07.01.2002 жылғы шешіміне сәйкес дәрігерлердің білімін жетілдіру факультеті болып ұйымдастырылды.

2009 жылдың қаңтар айынан бастап «Қазақ мемлекеттік медицина академиясы» РМҚК «Астана медицина университеті» АҚ болып қайта құрылуына байланысты факультет атауы үздіксіз кәсіптік дамыту және қосымша білім беру факультеті болып өзгертілді.

Университет стратегиясы Қазақстан Республикасының медицина мамандығын таңдаған білім алушылар мен медицина кадрларының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді алуға, біліктілікті арттыруға және үздіксіз кәсіптік дамуға деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Ал бұл стратегияны үздіксіз кәсіптік дамыту және қосымша білім беру факультеті 15 жылдан бері жүзеге асырып келеді. Факультет қызметінің мақсаты - үздіксіз кәсіптік дамыту және қосымша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруға бағытталған білім беру қызметі.

Тапсырмалар

Миссия және мақсаттар

- үздіксіз кәсіптік дамыту және қосымша білім беру бағдарламасын жүзеге асыру арқылы

практикалық денсаулық сақтау саласындағы медицина қызметкерлерінің сұранысын қанағаттандыру;

- ҚР мемлекеттік қосымша білім беру стандартының талабына сәйкес медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау бойынша қосымша кәсіби білім беру бағдарламасын жүзеге асыру;

- денсаулық сақтау жүйесiнiң талаптарына және тiкелей тұтынушылардың, стейкхолдерлердің талаптары мен күтетін нәтижелеріне сәйкес бiлiм беру (бiлiм беру бағдарламалары және қызмет көрсету) жүйесін жетiлдiру;

- мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау бойынша отандық және шетелдік озық тәжірибені зерделеу, талдау және пайдалану;

- кәсіптік дамыту және қосымша білім беру бойынша қызметті және білім беру бағдарламаларына тұтынушылардың қызығушылығын арттыру.


Қызмет

- Бүгінгі таңда аймақтардағы практикалық денсаулық сақтау ұйымдарының оқуға деген сұраныстарын ескере отырып, түрлі мамандықтар бойынша 15 кафедра ұйымдастырылды және онда 100-ға жуық жоғары білікті қызметкерлер жұмыс істейді.

- факультет Денсаулық сақтау басқармасынан түскен сұраныс негізінде, «Мемелекеттік денсаулық сақтау ұйымдары мамандарының біліктілігін арттыру және қайта даярлау» 005 бағдарламасы бойынша, 052 бюджеттік бағдарламалар бойынша мемлекеттік тапсырыс аясында біліктілік арттыру және қайта даярлау циклдерін, сондай-ақ шарт негізінде циклдер жоспарлайды және өткізеді.

Үздіксіз кәсіптік дамыту және қосымша білім беру факультеті медицина саласы қызметкерлеріне қосымша білім берудің барлық түрін жүзеге асырады:

- қайта даярлау – (мамандандыру) мамандығына байланысты 864 сағаттан 1080 сағатқа дейінгі көлемде (4-5 ай);

- біліктілігін арттыру – 54, 108, 162, 216 сағат (тиісінше 1, 2, 3, 4 апта). ҚР медицина ұйымдарының сұраныстары бойынша – семинарлар, мастер-кластар.

Медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау (ҚР ДСМ 2017 жылғы 28 тамыздағы № 660 бұйрығымен бекітілген) «Медициналық қосымша білім беру стандарттарына» сәйкес 53 дәрігерлік мамандық бойынша жүзеге асырылады:

1. Терапия (терапия жасөспірімдер, диетология)

2. Жалпы дәрігерлік практика (отбасылық медицина)

3. Кардиология (негізгі мамандығы бойынша ультрадыбыстық диагностика, негізгі мамандығы бойынша функционалдық диагностика, интервенттік кардиология, интервенттік аритмология) (ересектер)

4. Кардиология (негізгі мамандығы бойынша ультрадыбыстық диагностика, негізгі мамандығы бойынша функционалдық диагностика, интервенттік кардиология, интервенттік аритмология) (балалар)

5. Ревматология (ересектер)

6. Ревматология (балалар)

7. Аллергология және иммунология (ересектер, балалар)

8. Гастроэнтерология (негізгі мамандығы бойынша эндоскопия, негізгі мамандығы бойынша ультрадыбыстық диагностика) (ересектер)

9. Гастроэнтерология (негізгі мамандығы бойынша эндоскопия, негізгі мамандығы бойынша ультрадыбыстық диагностика,) (балалар)

10. Пульмонология (негізгі мамандығы бойынша эндоскопия, негізгі мамандығы бойынша функционалдық диагностика) (ересектер)

11. Пульмонология (негізгі мамандығы бойынша эндоскопия, негізгі мамандығы бойынша функционалдық диагностика) (балалар)

12. Фтизиатрия (ересектер, балалар)

13. Эндокринология (ересектер)

14. Эндокринология (балалар)

15. Неврология (негізгі мамандығы бойынша функционалдық диагностика (ересектер)

16. Неврология (негізгі мамандығы бойынша функционалдық диагностика (балалар)

17. Психиатрия (наркология, психотерапия, сексопатология, медициналық психология, сот-психиатриялық сараптама, сот-наркологиялық экспертиза)

18. Нефрология (негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика) (ересектер)

19. Нефрология (негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика) (балалар)

20. Медициналық реабилитология (ересектер, балалар)

21. Спорт медицинасы

22. Дәстүрлі терапия (рефлексотерапия, мануалдық терапия, су-джок-терапия, гомеопатия, гирудотерапия, фитотерапия)

23. Сәулелік диагностика (рентгенология, компьютерлік және магнитно-резонанстық томография, ультрадыбыстық диагностика, ядролық медицина)

24. Сәулелік терапия (радиология)

25. Функционалдық диагностика

26. Клиникалық лабораториялық диагностика

27. Клиникалық фармакология

28. Сот-медициналық экспертиза

29. Патологиялық анатомия (цитопатология) (ересектер, балалар)

30. Ересектердің жұқпалы аурулары

31. Балалардың жұқпалы аурулары

32. Дерматовенерология (дерматокосметология) (ересектер, балалар)

33. Анестезиология және реаниматология (перфузиология, токсикология) (ересектер)

34. Анестезиология және реаниматология (перфузиология, токсикология, неонаталдық реанимация) (балалар)

35. Жедел және шұғыл медициналық көмек

36. Жалпы хирургия (торакалдық хирургия, абдоминалдық хирургия, трансплантология, колопроктология, онкологиялық хирургия, негізгі мамандық бейіні бойынша функционалдық диагностика, негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия)

37. Балалар хирургиясы (неонаталдық хирургия)

38. Травматология-ортопедия (камбустиология) (ересектер, балалар)

39. Стоматология (ересектер, балалар)

40. Бет-жақсүйек хирургиясы (ересектер, балалар)

41. Онкология (химиотерапия, маммология) (ересектер)

42. Онкология (химиотерапия, маммология) (балалар)

43. Урология және андрология (ересектер, балалар)

44. Офтальмология (ересектер, балалар)

45. Оториноларингология (сурдология, негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия (ересектер, балалар)

46. Педиатрия (жедел және шұғыл медициналық көмек, неонатология)

47. Акушерия және гинекология (балалар гинекологиясы, функционалдық диагностика, негізгі мамандық бейіні ультрадыбыстық диагностика, негізгі мамандығы бойынша эндоскопия)

48. Денсаулық сақтаудағы менеджмент

49. Денсаулық сақтау

50. Гигиена және эпидимиология (жалпы гигиена, еңбек гигиенасы, балалар және жасөспірімдер гигиенасы, ттағам гигиенасы, коммуналдық гигиена, радиациялық гигиена, токсикология, эпидемиология, паразитология, бактериология, вирусология, микробиология)

51. Лабораториялық диагностика (лаборант, дәрігер-лаборанттың көмекшісі)

52. Фармация (жалпы фармацевтикалық практика; фармациядағы басқару және экономика (фармацевт (провизор), ұйымдастырушы-фармацевт (провизор-организатор), менеджер, инспектор, информатор, маркетолог/товаровед); дәрілер технологиясы (фармацевт (провизор), фармацевт-технолог (провизор-технолог); дәрілік заттардың сапасын бақылау және сертификаттау (фармацевт (провизор), фармацевт-аналитик (провизор-аналитик); аналитикалық диагностика и сот-химикалық сараптама (химик–токсиколог); клиникалық фармация; фармациядағы сапаны және басқару)

53. Мейрбике ісі и др.

Факультет кафедралары қазіргі заман талабына сай медициналық құралдармен жабдықталған Республикалық орталықтардың, клиникалардың, Астана қаласындағы ҒЗИ және емдеу-профилактикалық мекемелердің клиникалық базасында орналасқан.

Факультет жоғары деңгейлі консультациялық-диагностикалық және емдеу қызметтерін қамтамасыз етеді. Және бұл қызметтерді қала мен облыстардың емдеу мекемелері мен кафедралар өзара тығыз байланыста және ынтымақтастықта жүзеге асырады, қызметкерлер консультациялық көмек көрсету еді.

Факультеттің қонақүй типтес 60 орындық жеке жатақханасы бар.


Байланыс деректері

ҮКДҚББ факультетінің қызметі туралы толық ақпарат Университеттің www.amu.kzсайтына («Дәрігерге» айдарында) орналастырылған.

Мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 49/1.
Тел./Факс:(7172) 53-95-45, 53-95-23, 53-94-38