Магистратура және докторантура орталығы

Басшылық

Алдынгуров Даулет Кадырович

Орталық басшысы

«Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша PhD доктор

MD-дәрігер-хирург, еңбек өтілі – 14 жыл.

- «Емдеу ісі» мамандығы бойынша жоғары медициналық білім (1997-2003 ж.).

- «Жалпы хирургия» мамандығы бойынша интернатура (2003-2004 ж.).

- «Жедел абдоминалдық хирургия», «Іріңді хирургия» мамандықтары бойынша клиникалық ординатура (2005-2007).

- «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша PhD докторантура (2010-2013).

- «Модераторлық іс» - Медицина және қоғамдық денсаулық сақтау салаларындағы ғылыми зерттеулердің модераторы – «Research Triangle Institute», «National Cancer Institute», Вашингтон, АҚШ (2007 ж.).

- «Медицина және қоғамдық денсаулық сақтау салаларындағы жобалық зерттеулердің негіздері» Нагасаки университеті, «Atomic bomb institute», Нагасаки, Жапония (2012-2013 ж.).

- «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС)» Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі ҚМУ (2017 ж).

- «Кайдзен», «Lean Production», «Lean Hospital», «Денсаулық сақтау саласындағы үнемді өндіріс технологиясы».

Кадрлық құрам

Арстанова Тогжан Сагындыковна

Бас маман

Тұрар Олжас Аскарұлы

жетекші маман

Құрылу тарихы

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деканаты 2010 жылғы қыркүйекте құрылды, бұған дейін өз қызметін жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығы ретінде атқарды. Деканат «Астана медицина университеті» КеАҚ-тың ғылыми және әкімшілік құрылымдық бөлімшесі болды.

«Астана медицина университеті» КеАҚ-тың 2019 жылғы 9 қыркүйектегі ұйымдық құрылымы мен штаттық орналасуының өзгеруіне байланысты жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деканаты магистратура және докторантура орталығы болып құрылды.

Мақсаттар

Күндізгі оқу нысаны бойынша білім туралы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау жүйесі үшін магистратура, PhD докторантура нысанында әр түрлі бейіндегі жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау және олардың қызметін үйлестіру.

Қызмет

- Магистранттардың, PhD докторанттардың өзіндік ғылыми-зерттеу және педагогикалық қызметінің машықтарын қалыптастыру және бекітілген жеке оқу жоспарларына сәйкес оның жүзеге асырылуын бақылау;

- Оқу жұмысының ұйымдастырылуы мен барысын бақылауды жүзеге асыру, білім алушылар контингенті мен олардың үлгерімін есепке алуды жүргізу, сабаққа қатысу, емтихан нәтижелерін талдау, оқу процесін ұйымдастыруды жақсарту және магистранттардың, PhD докторанттардың оқу сапасын арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

- Оқу жоспарларына сәйкес Университеттің басқа бөлімшелерімен өзара қарым-қатынас жасау, сабақ кестесіне сәйкес ұйымдастыру және бақылау жұмыстары.

Байланыс деректері

"Астана медицина университеті" КеАҚ

010000, Нұр-Сұлтан, Бейбітшілік көшесі, 49 а

53-корпус, 404-кабинет

тел.:  8 7172 270177