"Астана медицина университеті" ҚеАҚ-тың Медицина орталығы

Құрметті Астана тұрғындары мен қонақтары! 


«Астана медицина университеті» ҚеАҚ-тың Медицина орталығы Сіздерді тексеруге, емделуге және түрлі ауруларды сауықтыруға шақырады.

  

МедЦентр-001.JPG


«АМУ» ҚеАҚ Медицина орталығы» 1999 жылы құрылды.

 

Орталық бір ауысымда 72 науқасты қабылдауға арналған. Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында медициналық көмек көрсету бойынша мемлекеттік тапсырысты орындайды.

 

2010 жылғы 1 қантардан бастап Біріңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі аясында жұмыс атқарады. Медициналық және дәрігерлік қызметке 2005 жылғы 31 қарашдағы №00033К ЛП сериялы Мемлекеттік лицензиясы бар.

Біздің орталықта «Астана медицина университеті» ҚеАҚ-тың жетекші, жоғары санатты, жоғары білікті дәрігерлері, профессорлары мен доценттері, медицина ғылымдарының докторлары мен кандидаттары кабылдайды және консультация береді.

 

Орталығымызда келесі мамандар қабылдайды:
- кардиолог
- гастроэнтеролог
- ревматолог
- терапевт
- педиатр
- гинеколог
- уролог
- дерматовенеролог
- гематолог
- маммолог
- эндокринолог
- неврапатолог
- рефлексотерапевт
- стоматолог
- ЛОР
- косметолог


Келесі тексерулер өткізіледі:


- электрокардиография;

- барлық ағзаларды ультрадыбыспен диагностикалау;

- қанның, несептің зертханалық талдаулары, иммунофлюоресценция реакциясын талдау, иммуноферменттік талдау;

- рентгенологиялық диагностика;

-  емшара бөлмесі, күндізгі стационар жұмыс істейді.

Біздің орталықта Сізді гемонсканерлеуден өткізеді (ауруларды бір тамшы қанмен анықтау), ал дәрігер-диетолог Сізді дұрыс тамақтануға үйретеді, саламатты өмір салты бойынша ұсынымдар береді.

 

Біздің орталықта сізге классикалық және шығыс массажын жасайды.

«АМУ» ҚеАҚ Медицина орталығында рентгенологиялық остеоденситометрия кабинеті жұмыс істейді. Мұнда Сізге Қазақстан Республикасындағы бірегей және жалғыз «LUNAR Prodigy GE» рентген денситометрі арқылы остеопорозды диагностикалайды.

ОСТЕОПОРОЗ – 21 ғасырдың обасы, адам қаңқасының ауруы. Бұл аурудың салдарынан сүйектер сынғыш және шытынағыш болып келеді және жіңішкеріп кетеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) деректері бойынша, остеопороздың кесірінен жылына миллионнан аса сынық жағдайлары болып тұрады. 45 жастан асқан әр үшінші әйел адам және 50 жастан асқан әр ер адам остеопорозбен ауырады. 

 

Остеопороздың алдын алыңыз! Өз денсаулығыңызды ойлаңыз! Біздің орталықта тексеруден өтіңіз!


Ақылы медициналық қызметтерге арналған прейскуранты


Қабылдауға алдын ала жазылу

Күнде сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін
444 138 телефоны бойынша: (тіркелуді көрсету қажет емес).