Служба внутреннего аудита

Басшылық

Кадрлық құрам

Нормативтік-реттемелеуші құжаттар

Положение о службы внутреннего аудита АО «Медицинский Университет Астана» утверждено 04 февраля 2009 года Советом директоров АО «МУА». Служба начала свою деятельность 24 декабря 2008 года. 
Ішкі аудит қызметі  

h1_bashylyk.png

Байтурсынова Айгуль Сатайқызы – қызмет бастығы;



h1_kuramy.png

Тлепбергенова Слушаш Ануарбекқызы – аға аудитор



h1_myndet.png


«АстМУ» АҚ-тың қаржылық, операциялық және басқа да жүйелер мен рәсімдерді объективті және бейтарап тексеру және бағалау арқылы «АстМУ» АҚ-тың қаржылы-шаруашылық қызметіне ішкі аудит жүргізу;

«АстМУ» қызметінде анықталған кемшіліктерді жоюға бағытталғын уақтылы және тиімді шешімдерді қабылдау;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сыртқы аудиторлармен өзара тиімді қатынас орнату, есеп беру мен есептіліктің дұрыстығы, ішкі аудитті ұйымдастыру, Университет қызметкерлерінің заңды бұзу әрекеттерінің алдын алу және тәртіпбұзушылықты жою.



h1_baylanys.png

map_for_contacts.jpg
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі,49А

Бас корпус  
Тел: 8(7172) 53 95 29 
             

h1_funkciyalary.png

–Есепке алу, ішкі бақылау жүйелерін, «АстМУ» АҚ-ты және жұмысының тиімділігі жағынан тәуекелдерді басқаруды бағалау, тексеру. Бағалау келесідей бағыттарда жүргізіледі: қаржылық-шаруашылық қызметтің нәтижелілігі және тиімділігі; ұсынылатын медициналық қызметтің тиімділігінің және қауіпсіздігінің сапасы, активтердің сақталуы; (сыртқы және ішкі) есептердің дәлдігі; есепке алу жүйесі мен бухгалтерлік, басқарушылықты бақылау процедураларын, қызметкерлердің белгіленген әдістемелер мен ережелерді ұстануы; қызметтің заңнама нормаларына, ішкі ұйымдық-өкімдік құжаттар мен стандарттарға сай болуы.

–Бақылауға бағдарланған әдістемелерді және процедураларды жетілдіру, тиісті нұсқаулықтарды әзірлеу;

–«АстМУ» менеджментіне жүргізілген аудит нәтижелеріне сәйкес іс-шаралар жоспарын әзірлеуге кеңестер беру, сондай-ақ іс-шара жоспарларының орындалуын қамтамасыз ету;

–«АстМУ» менеджментіне ІАҚ құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңес беру;

–«АстМУ» АҚ-та коммерциялық, қызметтік және басқа да заңмен қорғалатын құпиялардан тұратын мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ететін шараларды бақылау;

–«АстМУ» қызметінде ІАҚ анықтаған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою жұмыстарына мониторинг жүргізу және нәтижелерін «АстМУ» АҚ Директорлар кеңесіне ұсыну; 

–«АстМУ» ішкі аудит жұмысын жақсарту мақсатында, ІАҚ өз қызметінде ішкі аудиттің халықаралық кәсіби стандарттарын қолдану;

–Ішкі аудит жүйесін жетілдіру мақсатында сыртқы аудиторларман байланыс орнату;
–Директорлар кеңесіне ІАҚ атқарған қызметтері жайлы тоқсандық және жылдық есепті ұсыну;

–«АстМУ» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің кезекті отырысында күн тәртібіне қойылатын әр мәселеге қорытынды дайындау.

Нормативтік-реттейтін құжаттар

«Астана медицина университеті» АҚ-тың ішкі аудит қызметі ережесін «АстМУ» АҚ-тың Директорлар кеңесі 2009 жылдың 04 ақпанында бекітті. Қызмет өз жұмысын 2008 жылдың 24 желтоқсанында бастады.