2019 жылдың 29 қарашасында SCORA тұрақты комитетінің белсенді қатысушылары «Жыныстық тәрбие» тақырыбына дәріс оқыды. Iс-шара Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университет қабырғаларында өткізілген.
Қоғамдық денсаулық сақтау және менеджмент факультетінің Әлеуметтік – гуманитарлық ғылымдар кафедрасында аға оқытушы С.Б. Қолғанатованың жетекшілігімен ЖМ-234 тобының студенттерінің ұйымдастыруымен Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған «Абай дана, Абай–дара қазақта» атты танымдық – шығармашылық кеш өткізілді.
2019ж 26 қарашада Жұқпалы аурулар кафедрасында «Дүниежүзілік ЖИТС- ке қарсы» іс шара, «Нұр-Сұлтан қаласы, ЖИТС-ке қарсы орталығының» эпидемиологы Д.Т.Бексултанованың қатысуымен өткізілді. Іс-шарада Әлем және Қазақстандағы АИТВ ауруының эпидемиологиялық жағдайы туралы ақпарат ұсынылды. Белсенді пікірталас барысында студенттерге АИТВ- ның берілу жолдары мен механизмдері, алдын алу және осы инфекциямен күресу шаралары туралы толық ақпарат берілді.
Оқұ процесінде босатылған мемлекеттік білім гранттарын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау 2019 жылғы 25 қарашадан бастап 2020 жылғы 6 қаңтарға дейін жүргізіледі. Құжаттарды «e-university» – студенттерге қызмет көрсету орталығына тапсырасыздар, 1 этаж, бас ғимарат.
Резиденттер «Астана медицина университеті» КеАҚ ректоры Д.Павалькиске және екі елдің халықаралық ынтымақтастық бөліміне Н.И.Пирогов атындағы РҰМЗУ-де академиялық мобильділік бойынша білім алуға мүмкіндік бергендері үшін алғыстарын білдіреді. Мұндай бағдарламалар медицинаның болашағына кең мүмкіндіктер ашады және әр медицина маманының жалпы көкжиегін кеңейтеді.
2019 жылғы 19-21 қараша аралығында университеттің екі ғимаратында (Сарыарқа даңғылы және Бейбітшілік көшесі) орта ауырлықтың гиперкинетикалық формасындағы балалар милық салдануы диагнозы қойылған Қайрат Омарға көмек көрсету мақсатында қайырымдық іс-шаралар өткізіледі (қажет құжаттардың барлығы бар).
2019 жылғы 11 қарашада Астана медицина университетіне іс-сапармен Савония қолданбалы ғылымдар университетінің, Тампере қолданбалы ғылымдар университетінің, Куопио университеттік ауруханасының өкілдерінен құралған делегация келді.