Талапкерге


Құрметті талапкер!
2018-2019 оқу жылына арналған құжаттарды қабылдау бойынша ережелерге әлі де ұсыныстар енгізіледі!





Сен де бір кірпіш дүниеге, 

Кетігін тап та, бар қалан! 

Абай 

 Құрметті талапкер!

 

Оқу орнын таңдау - күрделі және жауапты қадам. Осындай кезде дұрыс шешім қабылдаудың маңызы өте зор. Сіздің өміріңіздің мәнін анықтайтын кәсіби мансабыңыз осы таңдауға байланысты. Дұрыс жасалған таңдау табысқа және жарқын болашаққа қол жеткізуге көмектесетін білім мен машықтарды меңгеруге мүмкіндік береді.

Сіз жассыз және өз өміріңізді құрметті де игі, қиын да сүйікті іс – адамның ең қымбат қазынасы – денсаулық сақтау ісіне арнасам деген ізгі ниетіңіз бар.

Қоғам қазіргі уақытта денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне жоғары талаптар қойып отыр. Қазіргі таңда денсаулық сақтау мамандарының білімі мен біліктілігін жетілдіру − өмірлік маңызы бар міндет. Әрине, медициналық жоғары оқу орындарында түлектердің теориялық білімдерін, науқастармен жұмыс істеу машықтарын меңгеруін жетілдіру, сонымен қатар дәрігердің жеке ойлау қабілетін дамыту талап етіледі. Бұл - жоғары кәсіптік білім берудің мемлекеттік стандартының талабы

Астана медицина университеті - еліміздегі ірі және динамикалы дамып келе жатқан медициналық жоғары оқу орындарының бірі, денсаулық сақтау және үздіксіз кәсіптік білім беру, инновацияларды енгізу саласындағы көшбасшы және ғылыми-клиникалық орталық.

Кәсіптік арнайы дайындықпен қатар жоғары оқу орнында оқыған уақытында студенттердің бойына жоғары адамгершілік қасиеттерді сіңіруге көп көңіл бөлінеді, өйткені олар науқастармен жұмыс істейді.

Бүгін Университет - біртұтас ғылыми-біліми кешен: ғылыми зерттеулердің нәтижелері студенттерге тікелей жетеді, оқытушылар мен студенттер зерттеу жұмыстарына, ғылыми қызметкерлер оқу процесіне қатысады.

Университетте алған білім кез келген салада жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Сондықтан, студенттердің міндеті - уақытты босқа өткізбей, мамандығына қатысты білімді толық меңгеру. Ең бастысы, Университетте оқу жастарға өз бетінше және шығармашылық тұрғыда ойлауды үйретеді. Университеттің күші - білікті де білімді оқытушы-профессорлар құрамы. Білім ордасында 944 оқытушы, оның ішінде 53 профессор, 117 медицина ғылымдарының докторы және 262 медицина ғылымдарының кандидаты сабақ береді. Профессорлар, оқытушылар, ғылыми қызметкерлер студенттерге талдау жасау, салыстыру, пікірталас жүргізу, пайымдау дағдыларын меңгеруге көмектеседі.

Біздің Университет Қазақстан Республикасындағы медициналық жоғары оқу орындарының үздік үштігінің қатарына кіреді, АҚШ, Сингапур, Жапония, Еуропа және Ресейдің жетекші университеттерімен қарым-қатынас орнатқан. Ғылыммен айналысқысы келетін талапкерлердің МВА, PhD бағдарламалары бойынша, сондай-ақ резидентурада оқуын жалғастыруға мүмкіндігі бар

Университетке оқуға түскен адам алған білімін игілікке жұмсайтынына кәміл сенеді. Сізді ұмытылмас, қиын да қуанышты студенттік жылдар күтіп тұр. Уақытты босқа өткізбей, тиімді пайдаланыңыздар. Профессорлар оқыған дәрістерді мұқият тыңдаңыз, пікірталастарда шындықты табуға ұмтылыңыз, Университеттің қоғамдық өміріне белсене араласыңыз, ол үшін барлық жағдай жасалған

Сіздің алдыңыздан жаңа мүмкіндіктер ашылады, өйткені университет еліміздің еңбек нарығында үлкен сұранысқа ие мамандарболашақ дәрігерлерді даярлайды

Астана медицина университеті жарқын болашаққа жол ашатын мамандықты меңгеруге бел буғандарды күтеді!


• Мамандықтар

• Студенттер қатарына қабылдау

• Қабылдау ережесі

• Ақылы бөлімі

• Жадынама ҰБТ

• Мамандықтар кесінінде ең төменгі өту ұпайлары

• Жиі қойылатын сұрақтар

• Мектеп оқушыларына арналған іс-шаралар

• Дайындық курстары

• Жатақхана

• Асханалар

• Шетел азаматтары үшін

• Қашықтықтан оқыту элементтері бар күндізгі нысанға түсушілерге арналған ақпарат

• Психометриялық тестілеу


 

 АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІНЕ ОҚУҒА ТҮСУ СҰРАҚТАРЫ БОЙЫНША - 8 (7172) 53 95 47 ТЕЛЕФОНЫНА ХАБАРЛАСУҒА БОЛАДЫ (қабылдау комиссиясы)