Академиялық мобильділік

2019-2020 оқу жылының көктемгі семестрінде өз қаражаты есебінен академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша білім алу.

 

«Астана медицина университеті» КеАҚ және серіктес-университеттер арасында қол қойылған келісімдер аясында білім алушылардың өз қаражаты есебінен 2019-2020 оқу жылының көктемгі семестріне білім алушылардың академиялық мобильділік бағдарламасы іске қосылды.

Кімдер қатыса алады:

- 3-4 курстың бакалаврлары,

- 6 курстың интерндері;

- оқытудың 2,3  жылындағы резиденттер;

- 1-2 курстың магистранттары;

- 1-2 курстың докторанттары;

- GPA 2,67 төмен болмауы тиіс.

Қаржылық жағдайлар:

- ақысыз негізде оқытылады, бірақ кейбір университеттерде оқу ақылы (серіктес жоғары оқу орындарыныңтізімін қараңыз);

- Қатысушылар шығындарды өздері төлейді, оның ішінде тұру, тамақтану, көлік шығындары, виза және медициналық сақтандыруды ресімдеу шығындары.

Қажетті құжаттар:

- толтырылған форма (сілтеме -  https://forms.gle/RnsUn1Zc8EVJw2696);

- төлқұжаттың түрлі-түсті көшірмесі (pdf форматында);

- 3 тілде жазылған (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде, pdf форматында) транскрипт,  СҚО-ға тапсырыс беріледі (бас ғимараттың бірінші қабаты);

- B2 деңгейінде тілді меңгеруі туралы сертификат (pdf форматында, серіктес университеттің оқыту тіліне байланысты);

- 2019-2020 оқу жылының екінші семестріне арналған оқу жоспары (кафедрадан сұрату)

Барлық құжаттардың сканерленген көшірмелерін 2019 жылғы 10 желтоқсанға дейін (қоса алғанда) iro@amu.kz электрондық поштасына жіберу қажет (хаттың тақырыбында аты-жөнін және бағытын көрсету керек).

 

Университетті таңдау тәртібі:

1. Кафедрадан 2019-2020 оқу жылының екінші семестріне арналған оқу жоспарын (ОЖЖ) сұратыңыз.

2. Тізімнен үш университетті (басымдық бойынша) таңдаңыз, сіз таңдаған университеттің веб-сайтынан көктемгі семестрдің пәндерін басып шығарып алыңыз.

3. Пәндер арасындағы айырмашылықты эдвайзермен/кафедра меңгерушісімен келісіп алыңыз.

Қосымша ақпаратты 615 кабинеттен алуға болады.

Тел +7 (7172) 539-442, e-mail: iro@amu.kz