Офис-тіркеуші бөлімі

Басшылық

Сергебаева Әсем Қонысбайқызы

бөлім бастығы
2006 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Биология» мамандығы бойынша бітірді. 2007 жылы магистрлік диссертациясын сәтті қорғап, магистр дәрежесін алды. 2010 жылдан бастап 2017 жылға дейін білім беру бағдарламалары мен Болон процесінің сапасын қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.

Кадрлық құрам

Өтельбаева Айнагүл Төлеуханқызы

бас маман

Зуева Татьяна Александровна

Бас маман

Асаубаева Сауле Кенжебекқызы

жетекші маман

Усенова Жанар Алқуатқызы

маман

Мұқаш Аңсағаным Нұрланқызы

маман

Накупова Гульназ Төлеуханқызы

оператор

Ауғалиева Сандуғаш Рамазанқызы

оператор

Құрылу тарихы

Офис-тіркеуші бөлімі білім алушылардың бүкіл оқу барысындағы оқу жетістіктерін есепке алу және тіркеу, білімді бағалаудың барлық түрлерін ұйымдастыруды қамтамасыз ету және білім алушылардың академиялық рейтингтерін есептеу, оқытудың кредиттік технологиясы бойынша білім беру процесін ұйымдастыру үшін сектор (бұдан кейін - бөлім) ретінде 2009 жылы ректордың бұйрығымен құрылды.

2018 жылдың қыркүйек айынан бастап оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі проректор жетекшілік ететін академиялық мәселелер және сапа департаменті құрамындағы университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Тапсырмалар

Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру, оқудың барлық кезеңі ішінде білім алушылардың оқу жетістіктерінің тарихын жүргізу,  білім алушылардың оқу барысындағы  жетістіктерін тіркеуді сапалы түрде жүргізу, жоспарлауды ұйымдастыру және  білім алушылардың білімдерін ашық түрде бақылау.

Мақсаттар

–«АМУ» АҚ-а оқытудың технологиясын жетілдіру

–Негізгі мүдделі тараптардың қажеттіліктері мен үміттерін түсінуді зерделеуді, сенімді жоғары деңгейде болуын қамтамасыз ету

–2013-2020 жылдарға арналған процестердің Стратегиялық жоспарына, 2013-2020 жылдарға арналған университеттің Стратегиялық жоспарына сәйкес стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу.

–«Сириус» білім беру процесінің автоматтандырылған жүйесін жетілдіру

–Ведомосты беру, автоматтандырылған есепке алу жүйесін жетілдіру

–Электрондық педагогикалық журналымен жұмысты жетілдіру

–Куәлікті, дипломға қосымшаны (транскрипт) автоматтандырып дайындау және беру жұмысын жетілдіру

Функциялар

  • білім алушылардың ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау,сессияның академиялық көрсеткіштерінің нәтижелерін тіркеу және монинторингілеу;
  • білім алушылардың академиялық рейтингтерін есептеу;
  • элективті пәндер каталогін құрастыру процесін ұйымдастыру және бақылау;
  • білім алушыларды элективті пәндерге жазу және  ұйымдастыру;
  • академиялық топтар мен білім алушылардың жеке оқу жоспарларын қалыптастыруға көмек көрсету;
  • бірінші курстан бастап оқуды аяқтағанға дейін білім алушыларға оқу пәндері бойынша берілген кредиттер/сағаттарды есепке алу;
  • электрондық педагогикалық журналды жүргізу және уақтылы толтыруды, ведомостерді қалыптастыруды бақылау;
  • ағымдағы аттестаттау, аралық және қорытынды аттестаттауға қажетті ведомостерді дайындау;
  • аралық және қорытынды аттестаттау нәтижелері бойынша жиынтық ведомостарын қалыптастыру және дайындау;
  • ағымдағы транскриптті жүргізу және  беру,дипломдар қосымшаларын дайындау және рәсімдеу(транскрипт);
  • дипломдар қосымшаларының көшірмелерін дайындау және анықтаманы беру(транскрипт);
  • дипломдар қосымшаларын растайтын анықтаманы дайындау және анықтаманы беру;
  • білім алушылардың үлгерімдері бойынша есептерді дайындап және жіберу;
  •  мемлекеттік білім беру гранттарына бос орын беру туралы конкурстық комиссияға ақпарат дайындау;
  • жазғы емтихан сессиясы аяқталғаннан кейін студенттерді, академиялық топтарды және факультеттерді GPA бойынша саралау.


Жетістіктер

  • электрондық журнал арқылы білім алушылардың үлгерімдеріне автоматты түрде бақылау жүргізу;
  • қайталау курсынан өтетін студенттерге электронды журнал жүргізу;
  • элективті пәндерге онлайн жазылу;
  • білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың ашықтығы;
  • диплом қосымшасын автоматты түрде енгізу(транскрипт);
  • білім алушылардың «Сириус» порталындағы жеке парақша арқылы өз оқу жетістіктерін болжай алу мүмкіндігі.
OOR.jpg

Байланыс деректері

Астана қаласы, Бейбітшілік көш. 53, 411-кабинет 

тел.:8(7172)27-31-90