Медицина факультеті

Басшылық

Махамбетов Каергельды Омбаевич

Декан
м.ғ.д., қауымдастырылған профессор, «Денсаулық сақтау үздігі» медалімен марапатталған, дәрігер – инфекционист, факультет деканы 

Кадрлық құрам

Тайжанова Ляззат Евгеньевна

деканның орынбасары
клиникалық пәндерінің жоғарғы санатты оқытушысы, декан орынбасары

Байканова Раушан Карабаевна

деканның орынбасары
биология ғылымдарының кандидаты, жалпы және биологиялық химия кафедрасының доценті, декан орынбасары 

Нұрхан Бақшагүл Кәрібайқызы

деканның орынбасары
химия және биология, жалпы және биологиялық химия пәндерінің жоғарғы санаттағы оқытушысы, декан орынбасары 

Игенбаева Бахыт Балкеновна

деканның орынбасары
«Медицина магистрі», жалпы және биологиялық химия кафедрасының доценті, декан орынбасары 

Габбасова Анара Мейрамовна

деканның орынбасары
химия ғылымдарының кандидаты жалпы және биологиялық химия кафедрасының доценті, декан орынбасары 

Садбекова Балхия Тулегеновна

бас маман

Каманова Сауле Рахмановна

бас маман

Шокубаева Айнаш Рахмановна

бас маман

Кабдылова Асем Бейсенбаевна

бас маман

Бейсенова Гульзат Тураровна

бас маман

Кафедралар

Құрылу тарихы

Жалпы медицина факультетінің деканаты «Астана медицина университеті» АҚ құрылымы қайта құрылғаннан кейін 2009 жылдың 2 ақпанында құрылған. Жалпы медицина, стоматология және фармация факультеттерінде студенттерге «Жалпы медицина», «Стоматология», «Фармация» мамандықтары бойынша білім беріледі.

«Стоматология» және «Фармация» мамандықтары бойынша мамандарды даярлау 2002 жылдан басталды. Стоматология факультеті Білім және ғылым министрлігінің 2002 жылғы 8 шілдедегі №535 бұйрығына сәйкес ұйымдастырылған. «Стоматология» мамандығы бойынша студенттер күндізгі оқу бөлімінде оқиды. «Стоматология» мамандығы бойынша оқу бітірген түлекке дипломмен қоса «дәрігер-стоматолог» біліктілігі беріледі. Стоматология факультетінің алғашқы кураторы медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Шолпан Шәкірқызы Дөненбаева. Ол 2002 жылы Алматы қаласындағы қызметін ауыстырып, Астанаға келді. Шолпан Шәкірқызы С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің стоматология факультетінде ұзақ жылдар жұмыс істеп, педагогика және дәрігер қызметі бойынша мол тәжірибе жинаған. Шетелде (Түркия) стоматолог мамандарын даярлау мен оларға дәріс беру әдістемесін зерттеген. Медицина ғылымдарының докторы, көрнекті стоматолог-ғалым, профессор Мақсат Әбуұлы Темірбаев 2003 жылы Алматыдан Астанаға қызметін ауыстырды. Ол көп жылдар бойы Қазақ мемлекеттік дәрігерлерді жетілдіру институтында ортопедиялық стоматология кафедрасын басқарды. Мақсат Әбуұлы сол уақыттағы жалғыз бірлескен стоматология кафедрасын құрып, оны басқарды және стоматология факультетінің кураторы болып тағайындалды. 2004 жылдан бастап 2008 жылға дейін стоматология факультеті педиатрия факультетімен және шығыс медицинасы факультетімен бір деканатқа біріктірілді. Стоматология факультетіне м.ғ.к. С.А.Атабаев, м.ғ.к. М.У.Раганин, С.И.Килибаев, С.Ж.Алимжанов, О.Б.Есдаулетовалар жетекшілік жасады. 2008 жылы стоматология және фармацевтика факультеттерінің деканаты ұйымдастырылды, оған м.ғ.к., доцент А.М.Суманова декан болып тағайындалды. Стоматология факультетіне алғашында 32 студент қабылданды, оның ішінде 10 студент жеделдетілген бөлімге қабылданды. Соңғы жылдары стоматология факультетіне студенттерді қабылдау саны артты және қазіргі уақытта «Стоматология» мамандығы бойынша 1-5 курстарда 256 студент оқиды. Оның ішінде 76 студент мемлекеттік білім гранты бойынша білім алып жатыр, ал 180-і келісімшарт негізінде оқиды. Қазіргі уақытта 34 кафедра дәрігер-стоматологтарды дайындайды, оның ішінде екі кафедра маман дайындап шығарады (меңгерушісі – PhD А.Ж.Жұмаділова) және ортопедия мен балалар стоматологиясы кафедрасында (меңгерушісі – м.ғ.к., доцент А.М.Еслямгалиева).

Тапсырмалар

Миссия және мақсаттар

Жалпы медицина факультетін ұйымдастырудағы басты міндеттер – білім берудегі жаңа стандарттың талаптарына сәйкес оқу-әдістемелік жұмысты әзірлеу, жаңа медициналық пәндерді оқыту үшін қайта қарау, білім алушылардың білім деңгейін тексеру үшін жаңа тәсілдерді оқу процесіне белсенді түрде енгізу. Қазіргі уақытта деканатта 8 адам жұмыс істейді: факультет деканы – ф.ғ.к., доцент Айтқаным Қайырбекқызы Калиева, деканның орынбасары – м.ғ.к., доцент Айгүл Мақсатқызы Суманова, Ляззат Евгеньевна Тайжанова, Бахыт Балкенқызы Игенбаева, б.ғ.к. Раушан Қарабайқызы Байканова, инспекторлар – Анар Маликқызы Қасымжанова, Айнаш Рахманқызы Каманова, Сәуле Рахманқызы Каманова. Деканаттың жұмысы кафедралардың қызметімен тікелей байланысты. Стоматология, фармация және жалпы медицина факультеттерінде 24 кафедра бар. Факультет кафедралары оқу процесіне оқудың инновациялық әдістерін белсенді түрде енгізуде (дәрістер-презентация, оқу-фильмдер), бақылаудың жаңа формаларын (түлектерді ОҚКЕ (объективті құрылымдандырылған клиникалық емтихан) түрінде аттестациялау) қолдану, ауруды қазіргі заманға сай әдістермен емдеу (дәрістер, шетелдің жетекші ғалымдарының мастер-класстары), шетелдегі білім беретін және клиникалық қызметтің серіктестерімен халықаралық қарым-қатынасты кеңейту, әдістемелік жұмыс жүргізу арқылы студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатыстыру. Кафедралармен және деканатпен бірлесіп тәрбиелік жұмыстар жүргізіледі. «Стоматология» және «Фармация» мамандықтары бойынша оқитын студенттермен тиімді жұмыс жасау үшін және кураторлардың студент топтарымен кәсіби дайындақтарын жақсарту үшін бейінді және шығарушы кафедраларға сәйкес оқытушылар тағайындалады, ал «Жалпы медицина» мамандығы бойынша білім алатын студенттерге 1-3 курстарға білім беретін оқытушылар жетекшілік жасайды. Деканат болашақ дәрігерлерді дайындау бойынша ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді, студенттердің оқу үлгерімі мен сабаққа қатысуына мониторинг жүргізеді, сонымен қатар кафедралармен, оқу-әдістемелік қызметпен және университеттің басқа да бөлімшелерімен қызметін үйлестіреді. Деканат өз қызметінде болашақ мамандарды сапалы дайындаудың маңызды екенін ескере отырып, бірінші кезекте студенттермен жұмыс жасауға, олардың оқу және тұрмыстық жағдайларына, кәсіптік даярлықтарына, олардың қызығушылықтарын, сауалдарын, ұсыныстарын зерттеуге көңіл аударып отырады. Деканат қызметкерлері ерең еңбектері үшін ЖОО (жоғары оқу орны) ректорының грамоталарымен және алғыстарымен марапатталған (А.М.Суманова, Б.Б.Игенбаева, Л.Е.Тайжанова, Р.К.Байканова).

2009-2010 оқу жылдары бірнеше пәнді ағылшын тілінде оқыту мақсатында эксперименттік топ (126 – ЖМ) ұйымдастырылған. Оқу кестесі мен бағдарламалары құрастырылған. Студенттер 1-курстың келесі пәндерін ағылшын тілінде өтіп жатыр: Қазақстан тарихы, информатика, экология және тұрақты даму, химия, психология негіздері, молекулалық биология және медициналық генетика. Ағылшын тілінде оқу жүргізу үшін 2 топ оқытушы дайындалды. Барлығы 31 оқытушы аптасына 2 рет ағылшын тілінен дәріс алуда.

Қызмет

Стоматология факультеті ұйымдастырылғаннан бері стоматология кафедраларын нығайту мақсатында үнемі жұмыстар жүргізіліп келеді: стоматологиялық клиника мен тіс техникасының зертханасы ұйымдастырылды, университеттің оқу-клиникалық орталығында мануалдық дағдыларды үйрету үшін фантомды класс ашылды. 2006 жылы бірінші рет 10 стоматолог-дәрігер бітіріп шықты (жеделдетіп оқыту бөлімінің түлектері). 2007 жылы 32 маман білім алып шықты, ал 2008 жылы – 37 маман. 6 жылдың ішінде осы факультетте 79 стоматолог-дәрігер дайындалды. Фармацевтика факультеті Білім және ғылым министрлігінің 2002 жылғы 3 тамыздағы №648 бұйрығына сәйкес құрылған. «Фармация» мамандығы бойынша студенттерді оқыту 2007 жылға дейін күндізгі және сырттай оқу түрінде жүргізілген болатын, ал 2007 жылдан бастап тек күндізгі оқу түрінде ғана жүргізілетін болды. «Фармация» мамандығы бойынша оқуды бітірген бітірушіге «фармацевт» біліктілігі беріледі. 2007 жылдан бастап студенттерді оқыту кредиттік технология бойынша жүргізіледі. Фармацевтика факультетінің студенттері университеттің 20 кафедрасында оқытылады. Фармация мамандығы бойынша бітіруші түлектерді шығарушы кафедра фармацевтикалық пәндер курсымен жалпы және клиникалық фармакология кафедрасы болған, ал 2007 жылдың наурыз айынан бастап фармацевтикалық пәндер кафедрасы болды (меңгерушісі фарм.ғ.к., доцент А.Б.Шукирбекова). Қазіргі уақытта факультетте «Фармация» мамандығы бойынша 85 студент оқиды, оның ішінде 61 студент – мемлекеттік грант бойынша, 24 студент – келісімшарт негізінде. Фармацевтикалық факультет құрылғаннан кейін бірінші күннен-ақ жыл сайын оның материалдық-техникалық базасы нығайтылып, бейінді кафедралардағы кадрлар құрамы күшейтіліп келеді. 2007 жылдың наурызында құрылған фармацевтикалық пәндер кафедрасының штаты кейіннен Оңтүстік Қазақстан ұлттық медицина академиясының ғылыми дәрежелі және ғылыми лауазымды фарм.ғ.к. М.Т.Джаканова, м.ғ.к. Д.А.Асильбаева, фарм.ғ.к., доцент А.Б.Шукирбекова сияқты жоғары дәрежелі мамандарымен толықтырылды. 2009 жылы фармацевтикалық пәндер кафедрасының оқу базасы айтарлықтай кеңейтіліп, оған мамандырылған зертханаларға арналған оқу бөлмелері қосылды. Сырттай білім алған фармацевтердің алғашқы түлектері 2004-2005 оқу жылында бітірді: 2004 жылдың желтоқсан айында 23 маман, 2005 жылдың мамыр айында 65 маман дайындалды. Кейіннен 2005-2006 оқу жылдарында сырттай оқу бөлімінде 63 түлек оқу бітірген. 2006-2007 оқу жылында күндізгі оқу бөлімінің бірінші түлектері болып 22 студент және сырттай оқу бөлімінің 20 студент бітірді. 2008 жылы 16 фармацевт білім алған. Бар болғаны 6 жылдың ішінде факультетте 209 фармацевт дайындалған. «Жалпы медицина» мамандығы бойынша дәрігерлерді дайындау 2007 жылы басталған және білім беру процесіне 2006 жылғы МЖМБС (мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты) бойынша енгізілген. Жалпы медицина факультетінің деканаты ұйымдастырылған. Факультет деканы болып медицина ғылымдарының докторы, профессор Тұрлыбек Үмітжанұлы Туғанбеков тағайындалды. Кейіннен факультетті Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясында ғылыми-педагогикалық және дәрігерлік қызметте тәжірибесі бар медицина ғылымдарының кандидаты Ержан Нұрғалиұлы Құспаев басқарған. Факультеттің қалыптасуына алғашқы жылдары жалпы химия курсымен биохимия кафедрасы деканының орынбасарлары, аға оқытушылар б.ғ.к. Р.К.Байканова, Б.Б.Игенбаева үлкен үлес қосты. Факультетке бірінші рет 431 студент қабылданды. Келесі 2008 жылы 491 студент қабылданған. Қазіргі уақытта «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 1525 студент оқиды, оның ішінде 1443 студент мемлекеттік грант бойынша, ал 82 студент – келісімшарт негізінде оқып жатыр.

Байланыс деректері

Астана қаласы,
Бейбітшілік көшесі, 49A
2-қабат, 205-207 каб.
Тел: 8(7172) 53 94 40 53 94 37