Студенттермен жұмыс жөніндегі департамент

Басшылық

Габдильашимова Зарема Толымбековна

Департамент директоры

медицина ғылымдарының докторы, жоғары білікті дәрігер акушер-гинеколог.

Алматы қ. С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде емдеу ісі мамандығы бойынша, одан кейін акушерия және гинекология мамандығы бойынша интернатураны бітірген. 2011 жылы Қазақстан-Ресей университетін құқықтану мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірді.

2002 жылы Астана қ. Қазақ мемлекеттік медицина академиясында Акушерия және гинекология кафедрасының ассистенті болып жұмыс істеді. 2006 жылдан бастап кафедра доценті, 2011 жылы №1 акушерия және гинекология кафедрасының профессоры лауазымына ауыстырылды. 2008 жылдан бастап 2018 жылға дейін З.Т.Габдильашимова «Астана медицина университеті» КеАҚ №1 акушерия және гинекология кафедрасының оқу-ісінің меңгерушісі қызметін, оқу-әдістемелік жұмысты атқарды, оқу процесін жетілдіре отырып, жұмыс бағдарламаларын, оқытушыларға арналған әдістемелік ұсынымдарды, студенттерге арналған әдістемелік нұсқауларды, ақпараттық-дидактикалық блоктарды, бақылау-өлшеу материалдарын әзірледі.

Көп жылғы адал еңбегі үшін З.Т.Габдильашимова «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды және «ҚР ЖОО үздік оқытушысы» атағын алды.

Құрылу тарихы

Департамент «АстМУ» КеАҚ-тың Директорлар кеңесінің 24.07.2019 жылғы  №7 шешімімен бекітіліп, құрылды.

Тапсырмалар

МАҚСАТЫ – университетте студент жастармен жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру, оның ішінде тәрбие және әлеуметтік жұмыстарды жүргізу, сондай-ақ оқытушы-профессорлар құрамының құзыреттіліктерін дамыту, білім беру қызметін дамытудың басым бағыттарын айқындай отырып, мемлекеттік тілді дамыту.

Миссия және мақсаттар

Қызмет

Шетелдік азаматтардың білім беру процесін үйлестіру, Университетте білім алушылардың тәрбие және әлеуметтік жұмысын жүргізу, сондай-ақ сондай-ақ оқытушы-профессорлар құрамының құзыреттіліктерін дамыту,

мемлекеттік тілді дамытумен қатар Университеттің инновациялық білім беру қызметін ұйымдастыру және үйлестіру.


Нормативтік-регламенттеуші құжаттар:

1.    ҚР Конституциясы;

2.    ҚР «Білім туралы» Заңы;

3.    ҚР Білім және ғылым министрінің  2018 жылғы 31 қазандағы «Білім берудің барлық деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» № 604 бұйрығы;

4.    ҚР Білім және ғылым министрінің  2018 жылғы  30 қазандағы «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 595 бұйрығы;

5.    ҚР Білім және ғылым министрінің  2018 жылғы 31 қазандағы «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» № 600 бұйрығы;

6.    ҚР Білім және ғылым министрінің  2018 жылғы 16 қарашадағы «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы № 391 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 634  бұйрығы;

7.    ҚР Білім және ғылым министрінің  2018 жылғы 27 қыркүйектегі «Білім беру бағдарламалары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына білім алушыларды қабылдау қорытындылары бойынша мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» № 498 бұйрығы;

8.    ҚР Білім және ғылым министрінің  2018 жылғы 25 қазандағы «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын дамыту бағдарламасының құрылымы мен оны әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» №590 бұйрығы;

9.    ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 31 шілдедегі «Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарттар мен үлгілік кәсіптік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» № 647 бұйрығы;

10.  ҚР МЖМБС 5.05.001-2005 жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқу пәндерін кодтау жүйесі;

11.  ҚР МЖМБС 5.04.019-2011 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Жоғары кәсіптік білім беру. Бакалавриат. Негізгі ережелер;

12.  Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы»N 151-I Заңы;

13.  «Астана медицина университеті» КеАҚ білім алушыларының  этикалық кодексі;

14.  «Астана медицина университеті» КеАҚ Жарғысы;

15.  «Астана медицина университеті» КеАҚ-тың академиялық саясаты;

16.  Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі «Халықтың көші-қоны туралы» №477-IV Заңы;

17.  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы «Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» № 148 қаулысы;

18.  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетудің мөлшерін, көздерін, түрлері мен қағидаларын бекіту туралы» № 320 қаулысы

Байланыс деректері

Тел.: 577896 (ішкі 241)