Қоғамдық денсаулық сақтау, стоматология, фармация, мейірбике ісі факультетінің деканаты

Басшылық

Кәрібжанов Айтбек Әнуарбекұлы

декан
медицина ғылымдарының кандидаты

Кадрлық құрам

Әжібаева Ботагөз Жорқайқызы

декан орынбасары
Педагогика және психология магистрі

Зейнульдина Айжан Сайпиденовна

декан орынбасары
химия ғылымдарының кандидаты

Аймакова Гульбаршын Амангелдікызы

бас маман

Садвакасова Әсел Мұратқызы

бас маман

Құрылу тарихы

ЖОО құрылғалы бері факультет университеттің жетекші құрылымдық бөлімшелерінің бірі болып келеді. Әр жылдары деканатта кәсіби тұрғыдан шебер, ұжымда сыйлы, беделді мамандар жұмыс істеді.

Емдеу ісі факультетінің бірінші деканы медицина ғылымының кандидаты Ю.Г.Шендрик болды. Ол деканатты 1969-1977 жылдары басқарды. Одан кейінгі жылдары факультетті Волох Ю.А., Вядро Г.А., Абылкасымов А.А., Бисенова Н.М., Енсебаев Е.Ж., СейтембетовТ.С., доценттер Хамчиев К.М., Кожахметов С.К. басқарды. Ал 2011 жылдың 1 қыркүйегінен бастап м.ғ.к., доцент А.А. Карибжанов басқарады. 

Тапсырмалар

- «Қоғамдық денсаулық сақтау, стоматология, фармация, мейірбике ісі, медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша бакавлариаттың біліктілігі жоғары медициналық және педагогикалық кадрларын даярлау мақсатында кафедраларда оқу процесін ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау; 
- бакалавриат бағдарламалары бойынша талапкерлерді іріктеу және Университетке оқуға қабылдау бойынша науқандарды тиісті деңгейде ұйымдастыру және өткізу;
- болашақта дәрігерге қажет білім мен машықтарды меңгеру үшін барлық жағдайды жасау, жан-жақты дамыған және сөзі мен ісі бір жерден шығатын тұлғаны тәрбиелеу.

Миссия және мақсаттар

1.Студенттердің оқу процесін ұйымдастыру және үйлестіру, олардың оқу үлгерімі мен сабаққа қатысуын бақылау.

2. ҚР өнегелі азаматын тәрбиелеу.

3. Жұмыс берушілермен өзара бірлескен жұмыстарды ұйымдастыру.

Миссия: Деканат – «Астана медицина университеті» АҚ білім беру блогының оқу процесін ұйымдастыратын және ведомстволық бағыныстағы кафедралардың оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және клиникалық қызметін үйлестіретін ірі бөлімшелерінің бірі. «Білім туралы», «Ғылым туралы» және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және білім беру жүйесі үшін бакалавриат формасында медициналық бейіндегі жоғары білікті кадрларды даярлау.1.Университеттің басқа бөлімшелерімен оқу жоспарларына сәйкес өзара байланыста жұмыс істеу, сабақ кестесіне сәйкес ұйымдастыру және бақылау жұмысын, кафедра өткізетін оқу жұмысының барлық түрлерін жүргізу;

2. Қызметтің барлық түрлері бойынша кафедралардың жұмысын үйлестіру;

3. Оқу жұмысының ұйымдастырылуын және оқу барысын, студенттер контингентін есепке алуды және олардың оқу үлгерімін, сабаққа қатысуын бақылауды жүзеге асыру. Емтихан сессияларының нәтижелерін талдау, оқу процесін ұйымдастыруды жақсарту және студенттерді оқыту сапасын арттыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу және оларды деканатта енгізу;

4.Кафедралардың өндірістік, ғылыми және білім беру ұйымдарымен, соның ішінде шетелдік ұйымдармен байланыстарын кеңейтуге қолдау көрсету.

5.Оқытушы-професссорлар құрамын және оқыту процесіне қатысатын көмекші персоналды жұмысқа қабылдауды жетекші проректорлармен келісу;

6.Ғылым бөлімімен және кафедралармен бірге студенттер олимпиадаларын, теориялық және ғылыми-практикалық конференцияларды ұйымдастыру; студенттердің ғылыми -зерттеу жұмыстарын дамытуға және ынталандыруға қолдау көрсету;

7.Оқу процесін ұйымдастыруды жетілдіру, ғылыми зерттеулер мен бағыттарды ұйымдастыру бойынша басшылықтың қарастыруына ұсыныстарды енгізу;

8.Курстар және мамандықтар бойынша топтарды құру жөніндегі қызметтік өкімді әзірлеу және сұраныс бойынша кафедралар мен басқа бөлімшелерге студенттер контингентін ұсыну;

9.Нормативтік құжаттарға сәйкес «Шәкіртақыны тағайындау туралы» бұйрықтың жобасын дайындау;

10.Әлеуметтік дәрменсіз топқа жататын студенттерге материалдық көмекті көрсету туралы бұйрығын шығару үшін құжаттарды дайындау;

11.ҚР заңнамасының нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес құжаттарға негіздеме береді:

- студенттерге академиялық демалыстарды ұсынуға;

- басқа ЖОО келген студенттерді ауыстыруға, Университет ішінде бір мамандықтан екінші мамандыққа ауыстыруға;

- студенттерді курстан курсқа ауыстыруға, шарт негізінде оқитын студенттерді мемлекеттік бос білім гранттарына ауыстыруға;

- студенттерді көтермелеуді тағайындауға ;

- студенттерге атаулы шәкіртақыны тағайындауға;

-мемлекеттік емтихандарға және мемлекеттік аттестаттауға рұқсат беруге;

- түлектерді шығаруға;

- дипломдарды беруге;

-сынақтарды, дифференцияланған сынақтарды, емтихандарды мерзімнен бұрын тапсыруға рұқсат етуге;

- білім алушыларды оқудан шығаруға:

а) өз еркі бойынша ;

б) оқу тәртібін бұзғаны үшін ;

в) шарт талаптарын бұзғаны үшін .

- оқуға қайта қабылдау туралы бұйрық жобасына;

- сабақтарға қатысуға рұқсат беруге;

-студенттердің аралық және мемлекеттік қорытынды аттестациясына қатысуына студенттерге рұқсат беруге;

-сабақтарға қайта қатысуға бұйрықтың жобасына;

-Деканат бойынша «Мемлекеттік емтихандарды тапсыруға рұқсат беру» қызметтік өкімді әзірлеуге ;

-Деканат бойынша «Студенттердің мемлекеттік аттестациясына рұқсат» қызметтік өкімді әзірлеу;

-«Түлектерді шығару» және білім алушыларға «Дипломдарды беру» бұйрығына ;

12.Факультетте оқу және тәрбие жұмысына тікелей басшылық ету;

13.Оқу процесін бақылау ;

14.Сабақтар кестесінің дұрыс орындалуына бақылау жүргізу;

15.Емтихандардың және сынақтардың өткізілуіне бақылау жүргізу ;

16.Сабақтарға және емтихандарға қатысуға рұқсат беру ;

17.Студенттермен оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру;

18.Студенттердің қоғамдық қызметін жоспарлау және ұйымдастыру. Студенттердің тұрмысы мен демалысына қажетті жағдайларды жасау үшін шараларды қабылдау; факультет студенттерінің және қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды өткізу және шараларды қабылдау.

19.Білім алу мәселелері бойынша білім алушылардың ата-аналарымен үнемі байланыста болу;

20.Факультет студенттерінің Университет ішінде, қала, облыс, ЖОО-лар арасында, республикалық және халықаралық деңгейде өткізілетін іс-шараларға қатысуын қамтамасыз ету.

21.Студенттерді есепке алу және өндірістік практика бөлімімен бірге студенттердің өндірістік практикадан өтуін ұйымдастыру және бақылау.

22.Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының құрамы туралы бұйрық жобасын әзірлеу.

23.Кафедралардың жоспарлары мен есептерін координациялау және мақұлдау.

24. Университеттің алқалы органдарының қарастыруына кафедралар мен Деканаттың оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, клиникалық, тәрбие және басқа қызмет түрлерін (ОӘК, ҒКК, Ғылыми Кеңес, Басқарма) жетілдіру бойынша ұсыныстарды енгізу. 

Қызмет

Студенттер Университеттің клиникалық базаларында– қалалалық көп бейінді ауруханалар мен емханаларда, мамандандырылған емдеу диагностикалық орталықтарында, диспансерлерде, перзентханаларда және денсаулық сақтаудың басқа ұйымдарында білім алады. 
Жетекші мамандардың дәрістерін тыңдайды. Тәжірибесімол оқытушылардың басшылығымен ішкі жәнехирургиялық ауруларды, акушерия мен гинекологияны,жұқпалы ауруларды, дерматовенерологияны, онкологияны,неврология мен нейрохирургияны, травматологияны,ортопедияны және басқа пәндерді оқиды. 
Білім алу барысында студенттердің науқастармен өзіндікжұмысына, клиникалық тексеріс машықтарын меңгеруге,зертхана деректерін және зерттеудің арнайы әдістерінтүсінуге көп уақыт бөлінеді. Деканат факультеті базасында Ғылыми Кеңес жұмысістейді. Оның құрамына факультет кеңесінің 27 мүшесікіреді. Факультет кеңесінің мәжілістері жыл сайынғыжұмыс жоспарына сәйкес екі айда бір рет үнемі өткізіледі.Факультет деканының орынбасарлары ай сайынстаростаттарды өткізеді. Мұнда маңызды мәселелерталқыланады. Студенттерге құқықтармен жәнеміндеттермен, жатақханада тұру ережелерімен,қолданыстағы бұйрықтармен және нұсқаулармен, ішкітәртіп ережелерімен танысуға мүмкіндік беріледі. Тәрбиежұмысы шеңберінде өзін-өзі ұстау мәдениеті, дәрігерлікэтика туралы әңгімелер өткізіледі. Деканаттың жұмысы ҚР БҒМ және ҚР ДСМ бұйрықтарынажәне ережелеріне, факультет және деканат туралы ережеге,деканаттың бекітілген жұмыс жоспарына, лауазымдық жәнефункциялық нұсқауларына сәйкес өткізіледі. Деканаттыңжоспарлы мәжілістерінде кафедралардың жаңа оқу жылынадайындық мәселелері қарастырылады. 
Студенттердің оқуүлгерімі мен сабаққа қатысуы, сынақ -емтихансессияларының нәтижелері, анализ, оқу-әдістемелік, тәрбиежұмысының, студенттердің тұрмыстық және демалуғажағдайлары, кураторлық және тәлімгерлік жұмыстыңорындалуы талқыланады. Деканат қызметкерлері нашароқитын студенттермен, студенттердің сабаққа қатыспаусебептерін анықтау бойынша жұмыс жүргізеді. Тәртіп бұзубойынша деканат қабылдаған мәліметтер мен шешімдер,шаралар студенттерге және кафедра қызметкерлерінеуақытында жеткізіледі. Қазіргі таңда факультет кафедралары оқу процесінеоқытудың инновациялық әдістерін, бақылаудың жаңаформаларын, аурулардың профилактикасы және емдеудіңқазіргі әдістерін енгізеді. Білім беру және клиникалыққызмет бойынша шетелдік серіктестермен халықаралықынтымақтастықты кеңейтеді. 
Студенттерді ғылыми зерттеужұмысына белсенді түрде тартады. Университетте бар оқытушы-профессорлар құрамыныңжоғары потенциалы, ғылыми зерттеулердің деңгейі,ақпараттық және материалдық-техникалық қамтамасыз етубілім беру, ғылыми және клиникалық қызметті тиімдіжүргізу үшін, бәсекеге қабілетті түлектерді кәсіби тұрғыдансапалы даярлау үшін негізгі көрсеткіштер бойыншажеткілікті болып табылады.

Байланыс деректері

Астана қаласы Бейбітшілік көшесі , 49а (Бас корпус),
2-қабат, 208, 209-каб.
тел.: 8(7172) 53-94-32, 53-94-34
e-mail: karibzhanov.a@amu.kz