Интернатура және жұмысқа орналастыру жөніндегі деканат

Басшылық

декан

Кадрлық құрам

деканның орынбасары

Жұмысқа орналастыру жөніндегі бас маман

жетекші маман

Әдіскер

Әдіскер

Әдіскер

Құрылу тарихы

«Астана медицина университеті» АҚ-тың Директорлар кеңесінің 2.08.2010ж. шешімі бойынша Интернатура және жұмысқа оналастыру бөлімі Интернатура және жұмысқа орналастыру жөніндегі деканат болып қайта құрылды.

Тапсырмалар

Миссия және мақсаттар

–Нақты мамандық бойынша интерндерді дайындау жөніндегі білім беру бағдарламаларын іске асыру;

–Қоғам түлектерінің практикалық дайындықтарын жақсарту, кәсіптік деңгейін және олардың таңдаған мамандықтары бойынша өз бетінше дәрігерлік қызметке дайындық деңгейін арттыру мақсатында интернатурада оқыту жөніндегі жұмыстарды жоспарлау, ұйымдастыру және үйлестіру;

–Интернатурада оқытудың отандық жүйесін халықаралық жүйеге интеграциялау (ықпалдастыру);
–Оқытудың жаңа формаларын және технологияларын енгізу;
–Қоғам кафедралары өткізетін оқу процесін жоспарлау, ұйымдастыру, әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету, мониторинг және бақылау жасау, индердерді аралық және мемлекеттік қорытынды аттестациядан өтуінің нәтижелері бойынша интернатурада оқытудың жағдайына талдау жасау, оқытудың нәтижелерін біріктіру;

–Астана қ. және ҚР аймақтарындағы емдеу-профилактикалық мекемелері үшін, олардағы медициналық кадрларға деген сұраныстарын ескеріп, оларға қажетті мамандықтар бойынша интерндерді оқытуды жоспарлау және үйлестіру;

–Интерндерді дайындау және теориялық және практикалық білімдерінің деңгейлерін арттыру бойынша Деканаттың Қазақстан Республикасының және алыс-жақын шет елдердің ұйымдарымен ынтымақтастығын дамыту жөніндегі ісшараларды ұйымдастыру, жоспарлау, іске асыру;

–Қоғам базасында инновациялық технологияларды қолданып интерактивті әдісі арқылы оқытуды ұйымдастыру;

–Холдингтің еншілес ұйымдары базасында инновациялық технологияларды қолданып интерактивті әдіс арқылы оқытуды ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарды активизациялау;

–Университет интерндері мен түлектеріне бөліну, монитоинг және жұмысқа орналасудың анализі бойынша консультациялық және кәсіптік бағыт-бағдар беру жөніндегі жұмыстарды жүргізу;

–Мамандық бойынша интерндерді бөлу және жұмысқа орналастыру;

–Қоғамның әкімшілігімен бірге «таңдаулы топқа» интерндерді іріктеу;

–ҚР-дағы практикалық денсаулық сақтау ұйымдары берген пікірлер бойынша Қоғам түлектерін дайындау сапасын зерттеу;

–Интерндер арасында олардың Қоғамдағы оқу процесінің ұйымдастыру сапасына деген пікірлері туралы сауалнама ұйымдастыру және өткізу, және оған талдау жасау;

–ҚР ЕПМ басшылары арасында Қоғам түлектері білімінің сапасына деген пікірлері туралы сауалнама ұйымдастыру және өткізу, және оған талдау жасау; 

Қызмет

–интернатура және жұмысқа орналастыру жөніндегі деканат туралы ережені дайындау;
–интерндердің сандық және сапалық құрамы туралы және интернатура туралы деректер банкін құру және оны толтыру;

–интерндерді жартыжылдық және қорытынды аттестациядан өткізуді ұйымдастыру, аттестация нәтижелеріне талдау жасау, комиссия шешімдерінің орындалу барысына үнемі бақылау жасау;

–емдеу мекемелерімен тікелей байланыс орнату;

–еңбек заңнамасына, университеттің ережелеріне, нұсқаулықтарына және ректордың бұйрықтарына сәйкес интерндерді қабылдау, ауыстыру жұмыстарын ресімдеу;
интерндер құрамының есебін жасау, бөлім бойынша белгіленген құжаттаманы жүргізу;
–интерндерге талап ету орны бойынша берілетін куәліктерді, анықтамаларды ұабылдау, толтыру, сақтау және беру;

–еңбек, өндірістік және орындаушылық тәртіптің, бөлімнің еңбек заңнамасының сақталуына бақылау жасау;

–өз бөлімшесінің қызметкерлерін ынталандыру үшін материалдар дайындау;
–жұмыс барысында қызметкерлердің кәсіби, іскерлік және моральдық қасиеттерін зерттеу;
–бөлімнің еңбек демалысының графигін құру, қызметкерлердің еңбек демалыстарын пайдалануының есебі, қосымша еңбек демалыстары туралы бекітілген графикке сәйкес еңбек демалыстарын ресімдеу;

–іссапарларды ресімдеу және олардың есебін жүргізу;
еңбек демалысын күшейту жөніндегі ісшараларды әзірлеу;

–интеріндерді қабылдау және жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша шағымдар мен өтініштерді қарау;

–бөлімге сапа менеджменті жүйесін енгізуді және оның қалыптасуын қамтамасыз ету;
–бөлімнің жұмысын жақсарту және жетілдіру жөнінде басшыларға берілетін ұсыныстарды әзірлеу және беру;

–бөлім қызметкерлерін дирекциялық, нормативтік-құқықтық және өкімдік құжаттармен таныстыру;
университеттің Жарғысына, Ішкі тәртіп ережесіне және бөлімнің ережесіне сәйкес деканаттың жұмысын жүзеге асыру. 

Байланыс деректері


г. Астана
ул. Бейбітшілік, 51
2-этаж, 212-каб.
тел.: 8(7172) 53 94 45
e-mail:syzdykova.as@amu.kz