Білім беру технологиялары трансферті орталығы

Басшылық

бөлім басшысы,медицина ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

Кадрлық құрам

әдіскер

бас маман, медицина ғылымдарының магистрі

жетекші маман, информатика магистрі

Құрылу тарихы

Инновациялық технологиялар және оқыту сапасын мониторингілеу бөлімі «Астана медицина университеті» АҚ-тың әкімшілік бөлімшесі, ол университеттің инновациялық оқыту қызметін ұйымдастырып реттейді. Бөлім 2010 жылы құрылды. 2010-2012 жылдар аралығында бөлімді Сәрсенова Ләззат Қадырғалиқызы (б.ғ.к., Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (биология) және С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ (фармация мен денсаулық сақтау менеджменті) түлегі басқарды. Израиль, Ұлыбритания, Данияда медициналық білім беруді ұйымдастыру мәселелері бойыша оқыған. ҚР БҒМ ҰАО-ның білім беруді ұйымдастыруды аккредитациялау бойынша ұлттық эксперт. Бірнеше жыл С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да білім берудегі инновациялық технологиялар орталығын басқарды.

2010-2011 жж. аралығында бөлімде жұмыс істегендер: м.ғ.к. Г.А. Дербісалина, А.Е. Тапенова және маман А.Н. Баденова, 2011-2012 жж. аралығында бас маман қызметін атқарғандар – М.С. Балғаева, Б.Ж. Тұрсынбаева, маман С.А. Адайхан.

2013 жылдан қазіргі уақытқа дейін инновациялық технологиялар және оқыту сапасын мониторингілеу бөлімін м.ғ.к., қауымдастырылған профессор Абдулдаева Айгүл Абдулдаевна (Ақмола мемлекеттік медициналық университетінің түлегі) басқарады. «Медицина, фармацевтика және денсаулық сақтаудағы жаңа технологиялар» тақырыбы бойынша «Graduate School of Management in Barcelona» (Барселона, Испания) мектебінде тағылымдамадан өтті.


Тапсырмалар

–Білім сапасын басқарудың және оның даму стратегиясының саясатын құруға қатысу.
–Университетте білім сапасын бағалау жүйесін және механизімін құру.
–Білім беру сапасын жетілдіру бойынша басқару шешімдерін қабылдау үшін сапа мониторингісі және оның нәтижелерін білікті қолдану мүмкіндігін қамтамасыз ету бойынша шаралар жүйесін жүзеге асырады.
–Білім беру бойынша бөлімшелер және Университет басшылығымен біріге отырып білім беру сапасын талдау мен мониторингілеу әдістерін құрастыру және енгізу.
–Жаңа білім беру технологияларын ұйымдастыру, оларды оқу процесіне енгізу әдістерін оқыту, мониторингілеу және оларлың тиімділігін талдау жолымен білім беру сапасын арттыруға атсалысу.
–Оқытушы-профессорлық құрамының инновациялық және педагогикалық біліктілігін арттыруға үлес қосу.
–Конференцияларға, жиналыстарға, жұмыс топтарына қатысу және ұсыныстар әзірлеу арқылы ҚР-дың медициналық және фармацевтикалық білім беру саласын дамытуға ат салысу.
–Университеттің білім сапасы бойынша қызметін жоспарлау.
–Оқытушы-профессорлық құрамының біліктілігін арттыру деңгейін талдау және мониторингілеу.
–Білім беру бағдарламасын талдау және мониторингілеу
–Білім беру бағдарламасының меңгерілгеніне және білім беру сапасына кешенді талдау жүргізу ЖОО-ның білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ету және білім беру процесін жетілдіру бойынша Университет басшылығына ұсыныстар жасау. 

Мақсаттар

–Университеттің білім беру қызметінің сапа менеджменті жүйесінің тиімділігін арттыру
–Негізгі стейкхолдерлердің сұраныстарын қанағаттандыру және сенімін ақтау
–Білім алушылар үшін автоматтандырылған тестілік бақылауды ендіру
–ЖОО оқытушыларының негізгі біліктіліктерін дамыту мақсатында ОПҚ-ны даярлаудың білім беру бағдарламасын жетілдіру
–ОПҚ-ның инновациялық белсенділігін арттыру үшін ынталандыру жүйесін құру
–Білім беру процесін жаңа техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету
–ЖОО оқытушыларының біліктілігін жетілдіру және дамыту, оқытушыларды даярлауға қажетті біліктілік тәсілдерін енгізу
–Білім беру сапасын талдау және мониторингілеу жүйесін жетілдіру.
–ОПҚ-ның инновациялық және педагогикалық біліктілігін арттыруға атсалысу
–Кафедралардың инновациялық белсенділігін арттыру
–Университетке жаңа білім беру технологияларын енгізу және ілгерілету.
–«АстМУ» АҚ ОПҚ-сын жетілдіру бағдарламасының аясында негізгі біліктілікке сәйкес ОПҚ-ны оқыту.
–Оқу процесіне ТВL, СВL, РBL технологияларын белсенді енгізу және осы технологияларды сабақта пайдалану бойынша әдістемелік ұсыныстарды әзірлеу.
–Оқыту семинарында алынған білімдері бойынша алынатын кері байланыс жұмыстарына электрондық жүйе жасау және ендіру.
–Шетел серіктестерімен біріге жаңа білім беру технологиялары бойынша БЖ/мастер кластар/ семинарлар ұйымдастыру Клиникалық сценарий құрастыру туралы семинарларды жоғары технологиялық манекендерде өткізу

Функциялар

Өндірістік қызметтері

-Медициналық білім беру саласы бойынша оқыту және бағалаудың жаңа әдістерін, талдауларды, олардың бейімделуі мен таралуы туралы әлемдік тәжірибені зерттеу

-Оқыту және бағалаудың жаңа әдістерін енгізу бойынша нормативтік-реттегіш құжаттар мен әдістемелерді әзірлеу.

-Білім берудің жаңа технологияларын әзірлеу және енгізу кезінде ұйымдастыру жұмыстары бойынша көмек көрсету және кеңес беру

-Оқытудың жаңа әдістері мен бағалау бойынша және медициналық білім беру мәселелері бойынша семинарлар, тренингтер, конференциялар, мастер-кластар ұйымдастыру

-Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелерді жинақтау және тарату бойынша іс-шараларды ұйымдастыру.

-Кафедраларға оқытудың инновациялық әдістері мен бағалауды енгізу мәселесін талдау және мониторингілеу

-Университетке инновациялық технологияларды енгізу бағдарламасын және ОПҚ-ны дамыту бағдарламасын әзірлеу

-Біліктілікті арттыру бойынша ОПҚ сұранысын бағалау

-Университетке инновациялық технологияларды енгізу және ОПҚ-ны дамыту бағдарламаларының іске асуын талдау және мониторингілеу

-Оқыту сапасын мониторингілеуді ұйымдастыру және өткізу

-Осы мақсатта талдау нәтижелерін пайдалану.

-Білім алушылардан тест қабылдауды ұйымдастыру және өткізу

-Бөлім қызметкерлерінің біліктілігін жетілдіру

Қызметті басқару және ұйымдастыру саласында:

-Бөлім құзіретіне жататын сұрақтар бойынша ұйымның ішкі регламенттік құжаттарын дайындауға және бекітуге қатысу

-Бөлімше қызметкерлерінің өкілеттілігі мен жауапкершілігіне қатысты құжаттарын әзірлеу (бөлім туралы және бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулары жөнінде ереже әзірлеу)

-Университеттің стратегиялық мақсаттарын, миссиясы мен болжамдарын орындауға қатысу

-Университеттің Интеграцияланған менеджмент жүйесі элементтерінің ISO 9001:2008, ISO 26000:2010, ISO 27001:2005, ISO 31000:2009, ISO 14001:2004, OHSAS 18001:2007, және ISO 500001:2011 халықаралық стандарттарына және EFQM даму моделінің талаптарына сай қызмет етуін қамтамасыз ету

-Бөлімнің ИМЖ саласындағы мақсаттарын анықтау және бекіту; осы мақсаттарды іске асыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу

-Тәуекел менеджменті бойынша жұмыстың орындалуын қамтамасыз ету.

-Бөлім жұмысын оңтайлы ұйымдастыру

-Бөлімнің өндірістік құжаттармен жұмыс істеу сапасының тиісті деңгейде жүргізілуін қамтамасыз ету

-Бөлім қызметкерлерін оқуға ынталандыру және оқытуды ұйымдастыруға қатысу.

-Бекітілген мақсаттар және көрсеткіштер бойынша Бөлім қызметінің нәтижелерін талдау, сапа менеджменті және стратегиялық жоспарлау бөліміне, Университет Басқармасына есеп беру

-Бөлім қызметкерлерін еңбек құралдарымен қамтамасыз ету: материалдық-техникалық құралдарға сұранысын анықтау және оларды алуға өтініш жасау.

Еңбекті қорғау басқармасы жүйесіндегі қызметі:

-Бөлім қызметкерлерінің қауіпсіздік техникасы, өртке қарсы қорғаныш және еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімдерін бойынша тексеру

-Бөлім қызметкерлерінің қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі нұсқауы, еңбекті қорғаудың басқа да мәселелері бойынша кіріспе нұсқаудан өтуі

-Жұмыс кезінде еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік және өрт қауіпсіздігі бойынша қабылданған ережелер мен нұсқаулықтарды сақтау

состав.JPG

курылым.jpg

Байланыс деректері

Астана қаласы,
Бейбітшілік көшесі, 49 2-қабат, 207-кабинет
тел.: 8(7172) 53 95 71
e-mail: otd.innov.kz@amu.kz