Мемлекеттік тілді дамыту және тіл саясаты бөлімі

Басшылық

Орынбасарова Бақтынұр Әділқызы

Бөлім бастығы

Кадрлық құрам

Муслимова Жанат Қыдырқожақызы

Бас маман

Тлешова Мариям Құрманбекқызы

бас маман

Шаймұратова Асыл Мұратқызы

жетекші маман

Шамгунова Назым Жұмабайқызы

жетекші маман

Алиманова Ақнұр Жұмажанқызы

специалист

Жүсіп Айдана Қазықанқызы

методист

Құрылу тарихы

Мемлекеттік тілді дамыту бөлімі «Қазақ мемлекеттік медицина академиясы» РМҚК ректорының 2007 жылғы 5 сәуірдегі №76-ө бұйрығының негізінде құрылды. Бөлім жетекшісі болып м.ғ.д., профессор Даленов Ерболат Дербісәліұлы тағайындалды. Бөлімде 3 қызметкер жұмыс істеді. Бөлім 2009 жылдың ақпан айында «Мемлекеттік тілді дамыту және тіл саясаты бөлімі» деп аталып қайта құрылды. Бөлім бастығы болып профессор Мұхамбедия Ахметов тағайындалды.


Тапсырмалар

Бөлім қызметінің мақсаты – Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңына сәйкес Университетте мемлекеттік тілдің кеңінен қолданылуын және қазақ тіліндегі оқу-әдістемелік материалдардың сапалы жазылуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңында және Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында белгіленген тіл саясатын жүзеге асыру.


Мақсаттар


Функциялар

Университетте «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының орындалуын бақылайды. Бөлімшелер мен кафедраларға ісқағаздарды қазақ тілінде жүргізу жөнінде әдістемелік көмек көрсетеді. Кафедралардың, құрылымдық бөлімшелердің мемлекеттік тілде ісжүргізу жұмысының сапасын қадағалайды. Университет оқытушылары жазып, баспадан шығаратын оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар сапасын бақылайды, олардың сапасы жөнінде тілдік тұрғыдан рецензия береді. Университетте мемлекеттік тілді дамыту және тіл саясаты жөнінде семинарлар мен іс-шараларды ұйымдастырады.

Қызмет

Университеттің құрылымдық бөлімшелерінде ісқағаздарды қазақ тілінде жүргізу жұмысын үйлестіру, қазақ тіліндегі оқу-әдістемелік материалдардың сапасын бақылау;

Мемлекеттік тілді дамыту және тіл саясаты мәселелері бойынша үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе әрекет ету;

Университет қызметкерлеріне мемлекеттік тілді оқыту курстарының жұмысын үйлестіру және сапасын бақылау;

Ғылыми-зерттеу, оқыту процесінде және күнделікті қызмет барысында жұмыс тиімділігін арттыруға көмектесетін электрондық сөздіктер мен басқа да бағдарламалармен құрылымдық бөлімшелерді қамтамасыз ету жұмысын ұйымдастыру.

Байланыс деректері

Мекенжайы:

Астана қаласы Бейбітшілік к-сі, 51  2-қабат, 208-кабинет  

Байланыс нөмірі:

тел. 8(7172) 53 95 48

Электрондық пошта: 

e-mail: zhumys2017@gmail.com