Оқу процесін жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау орталығы

Басшылық

Утенова Гульнур Магауяновна

орталықтың басшысы
Жаратылыстану ғылымдарының магистрі, Павлодар педагогикалық мемлекеттік институтын «Химия және биология» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2006 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде бастаған. «Астана медицина университеті» КеАҚ-та 2013 жылдан бастап жұмыс істейді.

Кадрлық құрам

Cулейменова Сауле Топеновна

бас маман

Жаналиева Айгуль Каировна

бас маман

Жарылгапова Динара Багатовна

Бас маман

Койшегарина Роза Сафуановна

маман

Цхай Анна Борисовна

жетекші маман

Кадирова Асель Мухаметхановна

жетекші маман

Сейльбекова Елдана Жандосовна

бас маман

Иманбекова Камшат Куандыккызы

маман

Оспан Алима Ержановна

маман

Құрылу тарихы

Оқу процесін жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау орталығы 2019 жылы құрылды және екі бөлім біріктірілді: білім беру бағдарламаларының және Болон процесінің сапасын қамтамасыз ету бөлімі және оқу процесін жоспарлау және ұйымдастыру бөлімі.

Целиноград мемлекеттік медицина институты құрылған жылы (1964) оқу бөлімі ұйымдастырылды, оны А.Моложанова басқарды, 1975 жылдан бастап Г.Л. Тарасова басқарды. 2005 жылы бөлімнің атауы оқу процесін жоспарлау және ұйымдастыру бөлімі болып өзгертілді. Бөлімді Б.Р. Досанова басқарды.

Сондай-ақ Университет ашылған күннен бастап оқу-әдістемелік бөлім құрылды, оны Н.К. Хамзина, Н.М. Бисенова, А.Ж. Сейтембетова, Н.А. Малтабарова, Н.В. Калина, А.М. Дусмагамбетова басқарды. Бөлімнің атауы 2012 жылғы қыркүйекте – оқу-әдістемелік орталық, 2017 жылы – Білім беру бағдарламаларының сапасы, аккредитациялау және Болон процесіне сәйкестендіру бөлімі, 2018 жылы – білім беру бағдарламаларының және Болон процесінің сапасын қамтамасыз ету бөлімі болып өзгертілді. 2009 жылдан бастап 2018 жылғы тамызға дейін бөлімді Ж.К. Букеева басқарды.

 

Нормативтік-реттемелеуші құжаттар

- Кодекс академической честности

- Академическая политика в НАО «МУА»

- Карта процесса «Управление образовательным процессом»

- Стандарт Университета «Модульное обучение»

- Стандарт Университета «Общие требования к составлению учебно-методического комплекса дисциплин в НАО МУА»

- Стандарт Университета «Компетентностная модель выпускника»

- Стандарт Университета «Планирование учебного процесса»

- Стандарт Университета «Профессиональная практика»

- Положение «Формы проведения итогового контроля»

- Рабочая инструкция по подготовке учебной и учебно-методической литературы

- Рабочая инструкция по организации и проведении внутрикафедрального контроля и взаимопосещения занятий

- Рабочая инструкция по написанию дипломных работ.



- Академиялық адалдық кодексі

- «АстМУ- КеАҚ-тың академиялық саясаты

- «Білім беру процесін басқару» процесс картасы

- «Модульдік оқыту» Университет стандарты

- «АстМУ КеАҚ-та пәндердің оқу-әдістемелік кешенін құрастыруға қойылатын жалпы талаптар» Университет стандарты

- Университет стандарты «Түлектің құзыреттілік моделі»

- Университет стандарты «Оқу процесін жоспарлау»

- Университет стандарты « Кәсіптік практика»

- Ереже «Қорытынды бақылау жүргізу формалары»

- Оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттерді дайындау жөніндегі жұмыс нұсқаулығы

- Кафедраішілік бақылауды және өзара сабаққа қатысуды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі жұмыс нұсқаулығы

- Дипломдық жұмыстар жазу бойынша жұмыс нұсқаулығы.



- Code of academic integrity

- Academic policy in the NPJSC «MUA»

- Map of the process «Management of educational process»

- University standard «Modular training»

- University standard «General requirements for the preparation of educational and methodical complex of disciplines in the NPJSC MUA»

- University standard «Competence model of the graduate»

- University standard «Planning of educational process»

- University standard «Professional practice»

- The regulation of the "Form of the final control»

- The working instructions for the preparation of educational and methodical literature

- Working instruction on organization and conduct of intra-departmental control and mutual attendance of classes

- Working instructions for writing theses.


Мақсаттар

-       Университеттің оқу процесін ұйымдастыру, жоспарлау, үйлестіру және бақылау;

-       Университеттің аудиториялық қорын есепке алу және бөлу;

-       Оқу процесін нормативтік-ақпараттық және ұйымдастырушылық –консультациялық қамтамасыз ету;

-       Университеттің оқу процесін перспективалық және ағымдық жоспарлау.

Қызмет

Орталық кафедраларда білім беру процесінің оқу-әдістемелік құжаттамамен қамтамасыз етілуін бақылайды; білім алушылардың өндірістік практикадан өтуін ұйымдастырады және оның сапасын мониторингілейді, әдістемелік жұмысты жетілдіру бойынша оқу-әдістемелік конференциялар, семинарлар мен кеңестер ұйымдастырады және өткізеді; университеттегі оқу процесін реттейтін нормативтік құжаттарды әзірлейді; оқу-жұмыс жоспарларын әзірлейді. Орталықтың қызметіне оқу процесінің кестесін, академиялық күнтізбені құру, барлық факультеттердің білім алушыларына арналған сабақ кестесін құрастыру жұмыстары кіреді (сабақтар, дәрістер мен емтихандар кестесінің жобаларын кафедралармен, офис тіркеуші орталықпен және оқу- клиникалық орталықпен келісу); мониторинг жүргізу үшін кафедралардан ішкі сабақ кестесін жинау, бекіту үшін лекторлар мен емтихан алушылардың тізімін жинау, кафедралардан ОПҚ-ның оқу жүктемесінің жоспарларын және ОПҚ-ның оқу жүктемесі бойынша есептерді жинау; Орталық оқу-жұмыс жоспарына сәйкес оқу формалары, мамандықтар мен курстар бойынша кафедралардың жылдық оқу жүктемесінің есебін жүргізеді; модульдік білім беру бағдарламаларын, оқу топтарының ағынын қалыптастырады; ОПҚ-ға әдістемелік мәселелер бойынша, кафедралардың оқу-әдістемелік құжаттамаларын әзірлеу бойынша консультация береді (силлабустар, КИС-тер); сабақ өткізу сапасына мониторинг жүргізеді, оқу-әдістемелік әдебиеттерді баспадан шығару жоспарының орындалуын мониторингілейді және талдау жасайды; аудиториялық қорды мониторингілейді; оқу-әдістемелік жұмыс барысында пайдаланылатын журналдардың формаларын әзірлейді; «Сириус» ААЖ модульдерін жүргізеді; білім алушыларды аралық және қорытынды аттестаттау формаларын, кафедралардың оқу-әдістемелік әдебиеттерді баспадан шығару жоспарының жобаларын жинайды және бекітеді; ОПҚ-ның оқу жүктемесін орындауын мониторингілейді.

Жетістіктер

Орталықтың қызметкерлері 2019 ж. МЖБС әзірлеу барысында ҚР ДСМ Ғылым және адами ресурстар департаментімен белсенді ынтымақтасып жұмыс істейді. 
ҚР ДСМ және JAMK (Финляндия) қолданбалы ғылымдар медициналық университетінің мамандарымен тығыз байланыста жұмыс істеп «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасының бірлескен жобасын әзірлеу жұмысына қатысты. Аталған мамандық бойынша халықаралық стандарттарға сәйкес 3 білім беру бағдарламасы әзірленді (4 жыл, 2.5 жыл және 10 ай). 
Медициналық білім беру саласында халықаралық жобаларға қатысамыз: «Медициналық қателіктерді болдырмау үшін оқыту» (TAME), «Қазақстанда университеттік автономияға көшу – TRUNAK", «ProinCa – Денсаулық сақтау жүйесін реформалау арқылы мейіргер ісі саласында жоғары білім берудің инновациялық әлеуетін дамыту». 
ҚР БҒМ «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 595 (2018ж) бұйрығына сәйкес барлық мамандықтарда жалпы білім беру, базалық және бейіндік пәндер сағаттарының көлемі бойынша білім беру бағдарламаларына өзгерістер енгізілді, барлық мамандықтар бойынша модульдік білім беру бағдарламалары актуалдандырылды. 
Өндірістік практикадан өту үшін клиникалық базалар саны 74-ке дейін артты. Академиялық ұтқырлық аясында Алматы қаласының Ұлттық медицина университетінде, Санкт-Петербург Химия-фармацевтикалық университетінде, Ташкент фармацевтикалық институтында, Витебск ГУОДНМУ «Фармация» мамандығы бойынша оқу-өндірістік практика ұйымдастырылды. 
2018-2019 оқу жылында РОӘК-тің 3 жиналысын ұйымдастырдық, оның екеуіне Денсаулық сақтау министрі Е. А. Біртанов қатысты. 
Білім беру бағдарламаларының институционалдық және мамандандырылған аккредитациясының өзіндік есебі мен есебін дайындау жұмысын ұйымдастырдық: бакалавриаттың, интернатураның резидентураның, магистратураның, PhD докторантураның институционалдық аккредитациясы; резидентураның «Жалпы хирургия», «Спорттық медицина», «Гематология» білім беру бағдарламаларын және докторантураның «Биология» бағдарламасын бастапқы аккредиттеу; бакалавриаттың «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Фармация» білім беру бағдарламаларын мамандандырылған аккредиттеу; магистратураның «Медицина» білім беру бағдарламасын мамандандырылған аккредиттеу.

Байланыс деректері

Оқу процесін жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау орталығы Университеттің бас ғимаратында орналасқан:

Бейбітшілік көшесі 49А, 

405, 407 кабинеттер

тел.53-94-61; 53-94-36; 53-94-77.