Білім беру қызметінің сапасын ұйымдастыру және бақылау департаменті

Басшылық

Букеева Жанар Каналбайқызы

Департамент Директоры
Медицина ғылымдарының кандидаты. 2009 жылдан бастап оқу-әдістемелік орталықты басқарды (2017 жылдан бастап Білім беру бағдарламаларының және Болон процесінің сапасын қамтамасыз ету бөлімі), 2018 жылғы қыркүйектен бастап академиялық мәселелер және сапа жөніндегі департаменттің директоры (2019 жылғы қыркүйектен бастап Білім беру қызметін ұйымдастыру және сапасын бақылау департаменті)

Құрылу тарихы

The Department of Academic Affairs and Quality was organized in September 2018.  Since September 2019, it has been renamed into the Department of organization and quality control of educational activities.

Тапсырмалар

Миссия және мақсаттар

Университеттің білім беру қызметін ұйымдастыру, үйлестіру және сапасын бақылау.

Қызмет

- ЖОО-ның академиялық саясатын қалыптастыру;

- Оқу процесін перспективалық және ағымдық жоспарлау;

- Болон процесіне сәйкес білім берудің барлық деңгейлері бойынша оқытудың кредиттік технологиясы негізінде оқу процесін ұйымдастыру және басқару;

- Оқу процесін жетілдіруге бағытталған ішкі нормативтік және нұсқаулық материалдарды әзірлеу;

- Білім беру бағдарламаларының сапасын мониторингілеу;

- Білім алушылардың білім деңгейін бағалау (жазбаша жұмыстар және компьютерлік тестілеу);

- Білім алушылардың білім сапасын мониторингілеу;

- Білім алушылардың электрондық деректер базасын жүргізу (электрондық журналды жүргізу жұмысын бақылау, транскрипттерді, диплом қосымшаларын ресімдеу);

- оқу-әдістемелік құжаттаманы жаңарту және әзірлеу ісінде кафедраларға әдістемелік қолдау көрсету;

- Болон процесінің параметрлеріне сәйкес университеттің оқу-әдістемелік жұмысын үйлестіру және бақылау;

- Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Стандарттар, Ережелер, жұмыс нұсқаулықтары мен ұсыныстар әзірлеу;

- ЖОО білім алушыларының (бакалаврлар мен интерндер) контингентін есепке алу.


Нормативтік-регламенттеуші құжаттар

- Білім беру қызметін ұйымдастыру және сапасын бақылау департаменті туралы ереже;

- Білім беру қызметін ұйымдастыру және сапасын бақылау департаменті директорының лауазымдық нұсқаулығы.

Байланыс деректері

Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көш., 49а 

4 қабат, 403 кабинет 

тел.: 27-01-74 (376)

e-mail: bukeeva.zh@amu.kz