Жастар ісі жөніндегі орталығы

Басшылық

Мусрепов Нурбек Нурфазылович

Орталық басшысы

Кадрлық құрам

Алтынбаева Гүлзат Қуанышқызы

бас маман
1991 жылы Қ. Жұбановатындағы Ақтөбе педагогикалық университетінің физика,информатика және есептеу техникасы факультетінаяқтаған. Жалпы жұмыс өтілі 19 жыл, оның 15 жылындапедагог қызметін атқарған. 

Базарова Амангуль Тагаевна

Бас маман

Ищанова Гульбану Темирхановна

Бас маман

Ерсултанова Аккенже Серикбаевна

жетекші маман

Мамадраимова Гүлнара Жолдасқызы

жетекші маман

Серикбаева Жулдуз Галиевна

маман

Анитеева Асель Кундуллаевна

маман

Торабекова Гаухар Ерболовна

маман

Құрылу тарихы

2009 жылғы 1 қыркүйекте университетте тәрбие жұмысы және әлеуметтік қызметке жауапты құрылымдық бөлімше - тәрбие жұмысы жөніндегі деканат құрылды.

2011 жылғы 1 ақпанда  Университет басқармасы шешімімен тәрбие жұмысы жөніндегі деканат Жастар ісі жөніндегі деканат деп аталып қайта құрылды.

2019 жылғы 9 қыркүйекте Университет басқармасы шешімімен жастар ісі жөніндегі деканат  «Жастар ісі жөніндегі деканат», «Студенттер қалашығы» бөлімі, «Абитуриенттерді бағдарлау және студенттердің білім сапасын бақылау» 3 бөлімнен құралған Жастар ісі жөніндегі орталық болып қайта құрылды.

Орталық студенттермен жұмыс жөніндегі департамент директорына, оқу-тәрбие ісі жөніндегі проректорға, Басқарма төрағасы – ректорға бағынады. Орталықты орталық басшысы басқарады. Құрылым Қоғам Басқармасының отырысында бекітілген. Орталықтың жұмысын үйлестіру және басқару Орталықтың басшысына жүктеледі.

Мақсаттар

Орталықтың негізгі міндеттері:

- мемлекеттік тіл саясатын және этносаясатты жан-жақты түсіндіру, этносаралық келісім мен этникалық топтардың мәдениеті мен дәстүрлерін құрметтеу, студенттер ортасында этносаралық қақтығыстарға жол бермеу;

- студенттерді деструктивті діни идеологияға қарсы иммунитетті қалыптастыру, қоғамдағы дін рөлінің орнын түсіндіру, жастар ортасында құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу;

- қоғамдық-саяси сауаттылыққа үйрету, жастар арасында деструктивті саяси идеялардың таралуына жол бермеу, мемлекеттік саясатты қолдауды қамтамасыз ету;

- студенттер арасындағы құндылықтың ізгі жүйелерін (еңбек сүйгіштік, кәсіпқойлық, белсенділік, кәсіпкерлік, заңға бағыну, бастамашылдық, жаңашылдық және бәсекеге қабілеттілік, экономикалық және әлеуметтік ұтқырлық, өздігінен блім алуға және өзін-өзі тануға ұмтылуды) қалыптастыру;

- университеттің мәдени құндылықтарын дамыту, студенттер арасындағы мәдени нормалар мен көзқарастарды қалыптастыру;

- студенттердің кәсіби және адамгершілік мәдениетін қалыптастыру;

- студенттің тұлға ретінде өзін-өзі тануына жағдай жасау;

- студенттерге әлеуметтік қолдау көрсету (жетім балалар, жетім балалар үйінің бітірушілеріне, ата-анасының қолдауынсыз қалған балаларға, көпбалалы отбасынан шыққан студенттерге және Университетте оқитын басқа да студенттерге);

- азаматтыққа, адалдыққа, тәуелсіздікке, қадір-қасиетке және өмірлік ұстанымды анықтауға, кәсіби шешім қабылдауға жеке жауапкершілігін сезінуге үйрету;

- кәсіптік біліктілікті дамыту, кәсібіне деген мақтаныш сезімін және жеке тұлға ретінде, гуманизм және патриотизм, өзгелерге үлгі бола білу қасиеттерін дамыту.

- өзге ұлт мәдениетіне, отбасына және отбасылық дәстүрге, қоғамға, қоғамдық және мәдени дәстүрлерге, ұлттық мәдениетке, мемлекеттілікке, заңдылыққа, мемлекеттік рәміздер - Елтаңба, Ту, Әнұранға деген құрметті дамыту;

- қолданыстағы әдістерді ғылыми негіздеу, студенттерге білім берудің жаңа технологияларын іздеу және енгізу, оларды жүзеге асыру үшін жағдай жасау;

- тәрбие жұмысын ұйымдастыруға белсене араласып жүрген оқытушылар мен студенттерге моральдық және материалдық ынталандыру жүйесін құру;

- мәдени-көпшілік, спорттық шаралар, конференциялар, семинарлар ұйымдастыру.

 

Қызмет

-     Университеттің басқа құрылымдық бөлімшелерімен бірлесе отырып, өз құзіреті шегінде әртүрлі кеңес, алқа органдардың шешімдерінің жобаларын дайындау;

-     Департаменттің басшысы келісімімен Университеттің сайтына және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарына сенімді және өзекті ақпаратты дайындап студенттерді ақпараттандыру;

-     Университетте студенттерге тәрбие жұмысын және әлеуметтік жұмысын жандандыруды жоспарлау;

-      Университеттің құрылымдық бөлімшелері мен факультет деканаттары бірлесіп студенттік өзін-өзі басқаруымен бірге тәрбие жұмысы және әлеуметтік жұмысын ұйымдастыру және жастар саясаты саласындағы проблемаларды шешуді ұйымдастыру;

-     Орталықтың жұмысын Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі жанындағы Жастар саясаты департаментімен және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасымен үйлестіру;

-     Басқа жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйымдармен ынтымақтастық орнату;

-     Студенттік өзін-өзі басқару органдарының, факультет басшылығының және Университеттің басқа да құрылымдық бөлімшелерінің тәрбие процесі шеңберінде студенттердің құқығын қорғау, студенттердің мүддесін қолдау мәселелері жөніндегі жұмыстарына бақылауды жүзеге асыру;

-     Тәрбие жұмысына, әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты шеңберінде жүргізілетін іс-әрекеттердің тиімділігіне талдау жүргізу;

-     Студенттердің азаматтық ұстанымдарын қалыптастыру, қазіргі таңда адамгершілік, мәдени және ғылыми құндылықтарды сақтау және көбейту, университеттің дәстүрін сақтау және жандандыру;

-     Денешынықтыру және саламатты өмір салты құндылықтарын насихаттау;

-     Тәрбие және әлеуметтік процестерді жетілдіруге арналған академиялық топтардың кураторларымен – оқытушылармен мәжілістер мен семинарлар өткізу;

-     Тәрби жұмысының жүйесін, оны қаржылық және кадрлық қамтамасыз етуді жетілдіру жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу, факультетте тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөнінде әдістемелік және жергілікті нормативтік құжаттар әзірлеу;

-     Студенттер арасында жұқпалы аурулардың, нашақорлықтың және АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

-     Студенттердің университет деңгейінде өткізілетін, сондай-ақ студент жастармен қалалық және облыстық ұйымдар өткізетін іс-шараларға қатысуын ұйымдастыру;

-     Университеттің, басқа да қоғамдық ұйымдардың, клубтар мен бірлестіктердің студенттер кеңесінің жұмысына жәрдемдесу;

-     Университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін студенттерді көтермелеу жөнінде ұсыныстар жасау;

-     Факультет кафедраларындағы оқытушы-профессорлар құрамымен тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша өзара байланыс орнату;

-     Студенттердің сабақтан тыс кезеңдегі бос уақытын ұйымдастыру;

-     Білім алушылардың Университет асханасында берілетін тағамның сапасына, бағасына, көрсетілетін қызметке қанағаттанушылығына тұрақты түрде мониторинг жүргізу, сондай-ақ асхана қызметкерлерінің жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тамақ беру бойынша есеп жүргізу және есепті мерзімінде тапсыруын бақылау.

-     Студенттерді Университет жатақханасына орналастыру (шығару) бойынша іс-шараларды жүзеге асыру;

-     Орталықтың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша хаттарды, өтініштер мен шағымдарды қарастыру;

-     Университет жатақханасындағы тұрғынжайды студенттердің өз мақсатында пайдалануын қадағалау;

-     Жатақхананы жалдау шартын және бұзу шартын жасасу үшін қажетті құжаттарды уақытылы дайындау және ресімдеу;

-     Тұрғынжайды жалдау шарты негізінде студенттерге рұқсатнама беру;

-     Университеттің жатақханасында тұру жағдайын жасау және жиһазбен қамтамасыз етуді бақылау;

-     Студенттік жатақханада нақты тұратын студенттерге мониторинг жүргізу;

-     Жалдау шарты талаптарының орындалуын, студенттік жатақханада тұру ережелерінің, жатақхана тазалығы мен тәртібінің сақталуын бақылау;

-     Жатақхананың Студенттер кеңесінің қызыметін басқару;

-     Университеттің студенттік жатақханаларында күрделі жөндеу және қызмет көрсету бойынша жұмыстардың орындалуын бақылау;

-     Студенттік жатақхана жалгерлерінің дебиторлық берешегіне мониторинг жүргізу;

-      Жалпы білім беретін оқу орындарының студенттерімен және түлектермен кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастыру және жүзеге асыру;

-     Қазақстан Республикасының аймақтарында кәсіби бағдарлау комиссиялары өкілдерінің кету кестесін құру;

-     Университет оқытушыларын Нұр-Сұлтан қаласында кәсіби бағдарлау жұмысын жүргізу үшін бекіту;

-     Кәсіби жұмыс жүргізу іс-шараларына қатысу;

-     Кәсіби бағдар беру жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында оның тиімділігін бақылау;

-      Оқытушы – профессорлар құрамын ұйымдастыра отырып, медициналық сынып, дайындық курстарын қалыптастыру;

-     Қабылдау комиссиясының жұмысын қалыптастыру және ұйымдастыру;

-     Құжаттарды қабылдау кезінде қабылдау комиссиясының жұмысын қамтамасыз ететін қызметкерлер контингентін қалыптастыру, оларды оқыту, қабылдау комиссиясының ісқағаздарын ұйымдастыру;

-     Қабылдау комиссиясының жұмысын жоспарлау және есеп беру құжаттамасының және материалдық құндылықтардың сақталуын бақылау;

-     Полиграфиялық өнімдерді дайындау, сайт пен стенд туралы ақпаратты жаңарту, қабылдау бойынша кеңес беру;

-     Пәндік емтихан сарапшыларын, аппеляциялық және іріктеу комиссия төрағалары лауазымына кандидаттарды іріктеуді ұйымдастыру және олардың құрамын ректорға бекітуді ұсыну;

-     Пәндік емтихан сарапшыларын, аппеляциялық және іріктеу комиссияларын басқару;

-     Оқуға түсушілерге қабылдау туралы кеңес беру.

Жетістіктер

2009 жылы Тәртіптік кеңес құрылды (Тәртіптік кеңестің Тәртіптік кеңес туралы ережесі - «Астана медицина университеті» АҚ Басқармасының 2014 жылғы 27 тамыздағы № 32 шешімімен бекітілген PL-MUA-25-14 тыңдаушыларының жауапкершілігін қарастыру үшін).

o  2011 жылы университеттің тәрбие жүйесіне жүйелік сипат беру мақсатында «Астана медицина университеті» АҚ («Астана медицина университеті» АҚ Басқармасының 2014 жылғы 21 қазандағы №40 шешімімен бекітілген ПЛ-МУА-05-14 кураторлар кеңесі туралы ереже) кураторлар кеңесі құрылды. «Кураторлардың кеңесі туралы» ережеде кураторлардың міндеттері мен құқықтары, есептері мен жұмыстарына баға беру, кураторлыққа төлемақы туралы жазылған.

o  ПМ-МУА-01-18 Университетінің Студенттік Кеңесі туралы ереже, 12.03.18 ж. «Астана медицина университеті» АҚ Басқармасының №9 шешімімен бекітілген). Университеттің Студенттік Кеңесі студент жастардың маңызды мәселелерін шешуге және оның әлеуметтік белсенділігін дамытуға бағытталған «Астана медицина университеті» АҚ студенттік өзін-өзі басқарудың жоғары органы болып табылады.

o  Жыл сайын университетте жаңа таланттарды табу мақсатында «Алло, біз таланттарды іздейміз!» шығармашылық конкурсы өткізіледі. Шығармашыл жастар: эстрадалық вокал, поэзия, хореографиялық вокал, бейнелеу өнері, КТК, жүргізушілер, музыкалық шеберлік топтары : номинациялары бойынша жарысқа түседі.

o  «Астана медицина университеті» АҚ Басқармасының шешімімен 11.10.17 ж. №47 «Shanyrak ambulance» ПЛ-АМУ-08.1-17 студенттік қоғамы туралы ереже бекітілген. Бұл «Астана медицина университеті» АҚ - тың студенттік ұйымы болып табылады, оның қызметі білім сапасын арттыруға, медицина және денсаулық сақтау саласындағы өзгерістерден хабардар болу, белсенді демалысты ұйымдастыруды және ілгерілетуді көздейді.

o  Еріктілер қозғалысы (Еріктілер қозғалысы туралы ереже Астана медицина университеті» АҚ Басқармасының 30.11.12 ж. шешімімен  №41 ПЛ-АМУ-09-12 бекітілді) – жастардың әлеуметтік маңызы бар ерікті қозғалысы.

o  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жиналысының хаттамасын орындау үшін «Астана медицина университеті» АҚ ректорының 11.12.2013 жылғы №482-н/қ бұйрығымен тәрбие ісі жөніндегі кеңес (діни) құрылды

o  Арнайы кәсіподақ шәкіртақысы

o  «Жастар жылуы», «Ақ Жүрек»  и «Bonum-I» еріктілер ұйымы. 

o  «Enactus-MUA» студенттік тобы.

-    Университетте студенттер үшін әртүрлі салада, атап айтқанда оқу барысында, ғылыми және қоғамдық жұмыста өзін-өзі жетілдіруге барлық жағдай жасалған.

-   Студенттік ұйымдар:

o  Университеттің студенттер кеңесі;

o  Жатақханадағы студенттер кеңесі;

o  Көңілді тапқырлар клубы (КТК);

o  «KazMSA» Медициналық жастардың ұлттық қауымдастығы;

o  Жекпе-жек өнер клубы, Джиу-джитсу, спорттық медицина клубы;

o  Студенттердің ғылыми қоғамы және кафедрадағы студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы (СҒЗЖ);

o  «Эскулап» дебат клубы;

o  «Tumar»студенттік поэзия клубы;

o  «Shanyrak Ambulance» студенттік қоғамы;

o  Студенттік домбыра ансамблі;

o  «MHR» Студенттік бишілер тобы жұмыс істейді;

-     «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде «Астана медицина университеті» қауымдастығы құрылды (http://vk.com/astanamedicaluniversity).

- Инстаграмдағы парақшалары  «amu.kz», «amu_news», «mua_zhastary», «amu_mua_offical», «krutoi_medik_mua», «mua_tumar».


1.jpg 2.jpg 3.jpg

4.jpg 5.jpg 6.jpg

7.jpg 9.jpg 10.jpg

11.jpg 12.jpg 13.jpg

14.jpg 15.jpg 16.jpg

17.jpg 18.jpg 19.jpg

20.jpg 21.jpg 22.jpg

23.jpg 25.jpg 24.jpg

26.jpg 27.jpg 28.jpg

29.jpg 30.jpg 31.jpg

32.jpg 33.jpg 34.jpg

35.jpg 36.jpg 37.jpg

38.jpg 39.jpg 40.jpg

41.jpg 42.jpg 43.jpg

44.jpg 45.jpg52.jpg

46.jpg 47.jpg 48.jpg

49.jpg 50.jpg51.jpg

53.jpg 54.jpg 55.jpg

56.jpg 57.jpg 58.jpg

59.jpg 60.jpg 61.jpg

62.jpg63.jpg64.jpg



Байланыс деректері

Нұр-Сұлтан қ. 

Бейбітшілк, 49 А 

51-корпус, 2-қабат, 208-каб