Спорттық медицина және спорткуб орталығы

Басшылық

Саттыклышов Берик Сапарбаевич

Бас ғылыми қызметкер

Кадрлық құрам

Атетов Ерден Бекбулатович

Спортклуб төрағасы

Тынбаев Болат Ерденбаевич

Жаттықтырушы

Бірман Мөлдір Қанатбекқызы

би жаттықтырушысы

Камарова Аягоз Болатовна

Жаттықтырушы

Азаров Григорий Валериевич

Ғылыми қызметкер

Маханбет Медет Елтайұлы

джиу-джитсу жаттықтырушысы

Шаймерденова Алия Жасулановна

Ғылыми қызметкер

Құрылу тарихы

1964 жылы Целиноград мемлекеттік медицина институты ашылған күннен бастап Дене шынықтыру кафедрасы өзінің жұмысын бастады. Сол кезден бастап бүгінгі ұақытқа дейін кафедрамен бірге спортклуб жұмыс істейді. А.Н. Фурса, А.В. Канайкин, Е.З. Аханов, С.Б. Бисембаев, Б.С. Саттыклышов әр жылдары спортклубты басқаған, ал қазіргі уақытта Спортклуб төрағасы Атетов Е.Б. Бүгін спортклубта джиу-джитсу, дзюдо, самбо, қазақша күрес, футбол, волейбол, баскетбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат, қолкүрес, гір спорты, бокс, кикбоксинг, жеңіл атлетика, шаңғы, спорттық билер секциялары бар. Университеттің 300-ден астам студенті мүшесі. Спортклубта жоғары спорттық аттақтары бар тәжірибелі жаттықтырушылар қызмет етеді.

Тапсырмалар

- студенттердің, ұстаздардың, университет қызметкерлерінің салауатты өмір салтын устанып, дене шынықтырумен айналысуы үшін жағдай жасау; 
- спорт және дене шынықтыру жаттығулары арқылы жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру;  
- Әртүрлі спорт түрлерімен шұғылдану үшін оңтайлы жағдай жасау;

Қызмет

  • - жастарды салауатты өмір салтына тарту;
  • - университет қызметкерлерін және студенттерін оқу, жұмыс және демалыс режіміне дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануды енгізу, салауатты өмір салттын, дұрыс тамақтануды насихатау;
  • - студенттердің спорттық дайындығын жетілдіру және университеттің құрама командаларын республикалық, халықаралық жарыстарға дайындау және жіберу;
  • - Қазақстан Республикасының және басқа шетелдердің спорттық студенттік ұйымдарымен халықаралық байланыстарды және ынтымақтастықты орнату;
  • - спорт дене шынықтыру және сауықтыру іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
  • - спорт дене шынықтыру және сауықтыру іс-шараларының, дәстүрлі спартакиалардың күнтізбелік жоспары әзірлеу және жүзеге асыру, олардың қауіпсіз өткізілуін қамтамасыз ету;
  • - университеттің спорт бөлмелеріндегі спорттық құрылыстарды, мүліктерді және жабдықтарды тиімді және әсерлі пайдалану.

Жетістіктер

JP

Байланыс деректері

Бейбітшілік к-сі 49, 101, 102-кабинет  
Эл.пошта: atetov.e@amu.kz, danyarova.a@amu.kz