Студенттер қалашығы "бөлімі"

Басшылық

Искакова Сауле Амангельдиевна

Бөлім басшысы

Кадрлық құрам

Ищанова Гульбану Темирхановна

Бас маман

Серикбаева Жулдуз Галиевна

Жетекші маман

Анитеева Асель Кундуллаевна

Жетекші маман

Құрылу тарихы

«Студенттер қалашығы» бөлімі 2011 жылғы 5 ақпанда құрылды, АҚ «МУА» құрылымында жатақхананың тоғыз қабатты екі блогы - 1, 2 блогы бар.

Тапсырмалар

–Бөлім қызметін жоспарлау;

–Студенттерді жатақханаға орналастыру (шығару) іс-шараларын жүзеге асыру;

–Тәрбие жұмысы;

–Университет жатақханасының тұрғын үй-жайларын дұрыс пайдалануын бақылау;

–Университет жатақханасының тұрғын үй-жайларын жалдау шарты талаптарының сақталуын, жатақханада тұру ережелерін, тазалық пен тәртіп сақталуын бақылау.  

Мақсаттар

Бөлім – Университеттің әкімшілік құрылымдық бөлімшесі, студенттерді Университет жатақханасына орналастыру (шығару) шараларын жүзеге асыру, сондай-ақ жатақханада тұратын студенттерге мониторинг жүргізу, жатақханада тұру үшін қажетті жағдай жасау мақсатында құрылған.

Функциялар

«Студенттер қалашығы» құрылымдық бөлімшесі бөлімнің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша хаттарды, арыздар мен өтініштерді қарастырады және де тұрғын үйді жалдау туралы келісімшарттарды, қосымша келісімдерді жасау және келісімшартты бұзу құжаттамаларын дайындап, соның негізінде студенттерге жатақханаға кіру рұқсатнамаларын береді. Жатақханада тұратын студенттерді тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз етеді, төсек және тұрмыстық жабдықтардың берілуін қадағалайды.


Қызмет

«Студенттер қалашығы» бөлімі тәрбие және әлеуметтік жұмыстарын атқарады. Ең біріншіден, жатақханаға орналасу үшін студенттерге - жетім студенттерге, жетім үйінің түлектеріне, көп балалы отбасынан шыққан, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге, 1-, 2- немесе 3- топтардағы мүгедек студенттерге әлеуметтік қолдау көрсетеді.

Жатақханада тұратын студенттер үшін оқу залы, тренажер залы бар және әрбір абонентке Internet-ке қосылу мүмкіндігі берілген (тегін WiFi), буфет ашылған, әр блокта кір жуу машинасы орнатылған. Қауіпсіздікті жоғарылату мақсатында бейнебақылау орнатылған. Жатақхана аймағында тәулік бойы күзетшілер және вахтерлер жұмыс істейді. Біздің жатақхананың тұрғын үйлері оқу орнына жақын орналасқан.

Студенттер жатақханасы – бұл 1000-нан астам Қазақстан Республикасының әрбір аймағынан және алыс және жақын шет елдерінен келген «АМУ» АҚ-та оқитын студенттер үшін ортақ үй, сонымен қатар студенттердің ұйымдастыру қабілетін және мен көшбасшылық қасиеттерін дамыту үшін тамаша мүмкіндік беретін, студенттердің өзін-өзі басқару кеңесі жұмыс істейді.

Студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету дәрежесі санитариялық-эпидемиологиялық ережелердің талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2010 жылғы 28 шілдедегі № 555 бұйрығымен бекітілді. Жатақхананың тұрғын бөлмелері 2-3 адамға арналған және ауданы бір адамға есептегенде 6,0 м2 кем емес.

Байланыс деректері

Бейбітшілік к., 51, 2-қабат, 206-кабинет

Телефон: 53-95-20