Медиа-баспасөз орталығы

Басшылық

Динара Есенғалиқызы Қожахметова

Медиа-баспасөз орталығының басшысы

Кадрлық құрам

Мұратбек Елес Қуанышбекқызы

Бас маман

Марсель Фаритович Галиулин

Жетекші маман

Құрылу тарихы

Қоғам басқармасының шешімімен құрылды және 2015 жылдың 1-ші қыркүйегінен бастап жұмыс істейді. 

Тапсырмалар

– Қоғаммен байланыс орнату бойынша іс-шаралар жүргізу;

– Бұқаралық ақпарат құралдары көмегімен университет қызметі туралы оң пікір қалыптастыру;

– Ішкі және сыртқы ақпарат көздерімен жұмыс;

– www.amu.kz корпоративтік сайтының ақпараттық мазмұнын үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) үнемі жаңартып отыру;

– білім беру бағдарламаларының мақсаттарын және мазмұнын түсіндіруге арналған қоғамдық саясат жүргізу;

– Университеттің оң имиджін жасау және одан әрі жақсарту;

– Университеттің өз стилін қалыптастырудағы жұмыстарды, жарнама және PR жұмыстарын ұйымдастыру;

– Интернет-сайт мазмұны мен концепциясын жетілдіруге арналған ұсыныстар әзірлеу;

– Сайтқа жарияланатын ақпараттарды іріктеу.

Мақсаттар

Университеттің оң имиджін жасау және одан әрі жақсарту, ақпараттық ортада серіктестер желісін кеңейту.

Функциялар

– Университетте болып жатырған іс-шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдарына жедел хабарламалар жіберу және пресс-релиздер арқылы, сондай-ақ Университет басшылығының бұқаралық ақпарат құралдары журналистерімен ақпараттық қарым-қатынасын қамтамасыз етіп, Университет қызметін жариялап отыру;

– Қажет болған жағдайда БАҚ журналистері жұмыстарын ұйымдастыру;

– Университет басшылығының баспасөз мәжілістерін және брифингтерін дайындау және өткізу;

– Аймақтық БАҚ өкілдеріне Университет және оның қызметі жайлы ақпарат алуға көмектесу;

– Университет туралы материалдар дайындауда және жариялауда БАҚ-пен шығармашылық байланыс орнату;

– Университеттің интернет-сайтын ақпараттық толықтыруды қамтамасыз ету;

– Бөлім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру;

–Екі жақты кездесулер мен іс-шараларға БАҚ-ты шақыру және олармен байланыс орнату;

– БАҚ-та Университет туралы жарияланымдарды мониторингілеу және мұрағат жасау;

– БАҚ-та Университет жайлы имидждік мақалалар орналастыру;

– Теледидарда және радиода Университет туралы жарнамалық-ақпараттық материалдар орналастыру;

– Университеттің қатысуымен өтіп жатқан іс-шаралар, сондай-ақ Университтің білім беру, ғылыми, тәрбие ісі қызметі туралы ақпаратты дайындау және оларды ақпараттық интернет-ресурстарда орналастыру;

– Унивеситетішілік, қалалық, облыстық оқиғалар жайлы ақпараттарды, Университетке және оның серіктестеріне керекті білім беру жаңалықтарын Университет сайтына жүктеп отыру;

– Ректордың, институт директорларының, факультет декандарының, психологтардың интерактивті бағдарламаларын (блогтар, форумдар) құру арқылы Университет басшылығы мен білім беру қызметін тұтынушылар арасында ашық диалог жүргізілуін ұйымдастыру;

– «АстМУ» КеАҚ серіктестерімен біріге отырып республикалық және халықаралық деңгейдегі ғылыми және білім беру конференцияларына, семинарларға, мастер-класстарға, дөңгелек үстелдерге қатысу;

– Негізгі мүдделі тараптар (білім алушылар, жұмыс берушілер, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі, Қаржы министрлігі, серіктестер, жеткізушілер) алдында ашықтыққа кепілдік беру үшін Университет сайтында есептіліктің барлық түрлерін орналастыру;

– Кәсіптік бағдар беру жұмысын және жарнамалық қызмет жүргізу;

Байланыс деректері

Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 51 
2-қабат, 205-кабинет
Тел: +7(7172) 24 90 01, ішкі: 494, 504.