Сатып алуды ұйымдастыру және бағалар мониторингі бөлімі

Басшылық

Ерғали Өтебайұлы Ізтаев

сатып алуды ұйымдастыру және бағалар мониторингі бөлімінің бастығы

Кадрлық құрам

Айдын Серікұлы Аубакиров

жетекші маман

Қалдыбаев Олжас Қабдрашитұлы

бас маман

Құрылу тарихы

ҚазММА РМКК мемлекеттік сатып алу бөлімі 2008 жылдың 1 қаңтарында құрылды және 2008 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңына сәйкес жұмыс жасайды.
27.10.2007 жылғы Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 996 қаулысымен бекітілді және 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. Мемлекеттік сатып алу бөлімінің ережесі әзірленді, бекітілді және ҚазММА Сапа жөніндегі кеңес шешімімен күшіне алғаш рет енді, 2008 жылғы 27 ақпандағы № 1 хаттама.
Мемлекеттік сатып алу бөлімі ашық байқаулар және бағалар парағын алу арқылы «Астана медицина университеті» АҚ өндірісін тауарлармен, жұмыстармен және қызметтермен үздіксіз қамтамасыз етеді. 2008 жылғы тауар, жұмыс және қызметтерді мемлкеттік сатып алу жоспары 85%-ға орындалды. Қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу бөлімі «Астана медицина университеті» АҚ Директорлар кеңесі 02.02.2009ж. № 3 хаттамасы шешімімен бекітілген тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді мемлкеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережелерін басшылыққа алады. «Астана медицина университеті» АҚ басқа құрылымдық бөлімшелеріндегідей біздің бөлімнің де мақсаттары мен міндеттері бар. 

Нормативтік-реттемелеуші құжаттар

Тапсырмалар

–Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасында қарастырылған тәсілдер арқылы өндірістік процессте Қоғамды тауарлармен, жұмыстармен және қызметтермен қамтамасыз ету мақсатында сатып алуды тендерлер өткізу арқылы ұйымдастыру және өткізу. (ашық, ықшамдалған және тікелей сатып алу);
–Қоғамда өткізілетін сатып алу процесін жетілдіру үшін методологиялық база әзірлеу;
–Бөлім қызметін үздіксіз жетілдіру. 

Мақсаттар

Конкурс өткізу әдісімен (баға ұсыныстары, бір көзден сатып алу, нормаларды қолданусыз) Университетті өндіріс процесіне қажетті тауарлармен, жұмыстармен және қызмет көрсетулермен қамтамасыз ету. 

Функциялар

•Бекітілген нысанға сәйкес құрылымдық бөлімшелерден тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды ынталандыру үшін құжаттарды қабылдау;
•Ықшамдалған тендер арқылы тауарлар, жұмыстар мен қызметтер сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу;
•тауарлар, жұмыстар мен қызметтер сатып алу бойынша ашық тендерлер ұйымдастыру мен өткізу;
•тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді тікелей сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу;
•сақтау және банктік кепілдіктерді қайтару процедурасын ұйымдастыру, сонымен қатар қолданыстағы заңнамаға және тендерлік құжаттарда қарастырылған шарттарға сәйкес жабдықтаушының тендерлік өтінімді қамтамасыз ету қайтару процедурасын іске асыру;
•тауарлар, жұмыстар мен қызметтері сатып алу бойынша материалдарды әзірлеу мен дайындау;
•тауарлар, жұмыстар мен қызметтері сатып алу процедуралары бойынша ақпараттарды (хабарламалар) ақпарат құралдарына және Қоғам веб-сайтына беру;
•қажетті ішкі жоспарлау және есеп беру құжаттарын әзірлеу мен енгізуге қатысу, Қоғам қызметіне қатысты ортада автоматтандырылған басқару жүйесі құралдарын енгізуге көмек көрсету;
•бөлім қызметкерлері лауазымдық нұсқауларды әзірлеу және түзету;
•өкілетті органдармен және басқа да мемлекеттік органдармен, сонымен қатар бөлім міндеттеріне кіретін мәселелер бойынша мүмкін болатын жабдықтаушылармен хат алмасу;
•өткізілген сатып алу қорытындыларын басшалыққа ұсыну;
•бөлім міндеттеріне кіретін мәселелер жөніндегі мәселелер бойынша кеңестерге, жиналыстарға, семинарларға, курстарға және басқа да шараларға қатысу;
•Қоғам құрылымдық бөлімшелерінде құжаттармен жұмыс жасау бекітілген ережелерінің орындалуын бақылау;
•Жүктелген барлық міндеттер мен функцияларын қамтамасыз ету есебімен Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінен бөлім жұмысына қажетті мәліметтерді алу;
•Жасасқан келісімшарттардың орындалуын бақылау.

Басқа құрылымық бөлімшелермен байланысы

Басқа құрылымдық бөлімшелермен қарым-қатынас жасауда Бөлім оң шаруашылық нәтижеге қол жеткізу үшін күштерді біріктіру принципін басшылыққа алады және осы мақсатпен:
Бөлім функциясын іске асыру үшін қажетті мәліметтерді, анықтамалар мен басқа құжаттарды, сонымен қатар Қоғамның басқа құрылымдық бөлімшелерінен коммерциялық құпия болып саналатын құжаттарды да алуға құқығы бар;
Бөлім басқа құрылымдық бөлімшелерге өз міндеттерін атқару үшін бөлім құзыретіндегі ақпаратты ұсынады.

Байланыс деректері


Астана қаласы
Бейбітшілік, 51
2-қабат, 204-каб.
тел.: 8(7172) 53 94 49
e-mail: