Материалдық-техникалық қамтамасыз ету және ғимаратты пайдалану басқармасы

Басшылық

Женисов Данияр Женисович

Басқарма басшысы

1986 жылы 7 қаңтарда  дүниеге келген, жалпы еңбек өтілі 9 жылдан астам. 2008 жылы ҚазГЗУ Алматы заң академиясын құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек қызметі:

01.2017-04.2017 Ж. Ж. - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі "Қазақстан ГАЖ орталығы" АҚ, Шарт және талап-арыз жұмысы бөлімінің бастығы.

04.2017 ж. - 07.2019 ж. ж. - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі "Қазақстан ГАЖ орталығы» АҚ, Жобаларды пайдалану және сүйемелдеу департаменті директорының орынбасары.

Қосымша оқыту: Moscow Business School (Заң қызметінің басшысы, Корпоративтік заңгер), Оқуды бітіргені туралы сертификат.

Кадрлық құрам

Бахтыбаев Бек Тулегенович

Бас маман

Абжанова Гульфариза Муханбаровна

бас маман

Алмабаев Мухтар Избасарович

Бас маман

Альменова Нургуль Орынбаевна

Бас маман

Абдикулов Батыржан Дауылұлы

Бас маман

Рахимбекова Жанат Каллемовна

жетекші маман

Лузянина Елена Владимировна

жетекші инженер

Салыкова Алмагуль Каиртаевна

маман

Раисов Олжас Серикович

құрылыс инженері

Савин Сергей Иванович

инженер-байланысшы

Ермуханова Карлыгаш Курмановна

жатақхананың шаруашылық жұмысының меңгерушісі

Қалдыбаев Рысбай Сыздықұлы

энергетик инженері

Усин Сайран Сейілбекұлы

қойма меңгерушісі

Баттаков Омарбек Габдужалелович

Техника қауіпсіздігі инженері

Садық Алтынай Жандосқызы

инженер сметашы

Кущугулова Айнура Сабыржановна

маман

Ибрагим Жұлдыз Әкімжанқызы

дизайнер

Мыңжасар Ақбике Өтемісқызы

дизайнер

Щербаева Дамиля Мұратқызы

маман

Құрылу тарихы

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету және ғимараттарды пайдалану басқармасы «Астана медицина университеті» КеАҚ-тың құрылымдық бөлімшесі болып табылады. 2019 жылы 9 қазанда ғимаратты пайдалану, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, азаматтық қорғаныс және қауіпсіздікті бақылау, баспа-полиграфия бөлімдерін біріктіру арқылы құрылды.

Ақмола мемлекеттік медицина академиясының типография бөлімі 2002 жылы құрылған. 2008 жылы бөлім Баспа-полиграфия қызметі деп аталды, ал 2010 жылы Баспа-полиграфия бөлімі деп аталды, 2019 жылы жаңа құрылым бойынша бөлім материалдық-техникалық қамтамасыз ету және ғимараттарды пайдалану басқармасының құрамына кірді.

2012 жылы ақ іс-шараларын орындауды қамтамасыз ету үшін, табиғи техногендік сипаттағы ТЖ-ның алдын алу бойынша бөлім құрылды. Бөлімнің негізгі міндеттері («АҚ туралы» Заңның 3-бабы). Басқару, құлақтандыру жүйелерінің тұрақты әзірлігін дамытуды және қолдауды ұйымдастыру. АҚ күштерін құру, оларды дайындау және ТЖ кезіндегі іс-қимылдарға үнемі дайындықта ұстау.


Нормативтік-реттемелеуші құжаттар

Постановлением Правительства РК «Об утверждении Правил организации и проведения закупа лекарственных средств, профилактических (иммунобиологических, диагностических, дезинфицирующих) препаратов, изделий медицинского назначения и медицинской техники, фармацевтических услуг по оказанию гарантированного объема бесплатной медицинской помощи» от 30 октября 2009 года № 1729.

Методика осуществления экспертной оценки оптимальных технических характеристик и клинико – технического обоснования медицинской техники от 29 мая 2015 года № 428.

Закон РК «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам обеспечения единства измерений и стандартизации изменениями от 28.12.2018 г.).

Конституция РК

Закон РК «О противодействии коррупции»

Действующее законодательство РК

Устав Университета.

    

 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» № 1729 қаулысы.

2015 жылғы 29 мамырдағы № 428 медициналық техниканың оңтайлы техникалық сипаттамаларын және клиникалық-техникалық негіздемесін сараптамалық бағалауды жүзеге асыру әдістемесі.

ҚР «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы

ҚР Конституциясы

ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ТУРАЛЫ» заңы

ҚР қолданыстағы заңнамасы

Университет Жарғысы.



Decree of the Government of the Republic of Kazakhstan dated October 30, 2009 No. 1729 "On approval of the Rules for the organization and conduct of the purchase of medicines, preventive (immunobiological, diagnostic, disinfectant) preparations, medical products and medical equipment, pharmaceutical services for the provision of the guaranteed volume of free medical care ".

The methodology for the expert assessment of the optimal technical characteristics and the clinical and technical justification of medical equipment dated May 29, 2015 No. 428.

Law of the Republic of Kazakhstan “On Amendments and Additions to Some Legislative Acts of the Republic of Kazakhstan on Issues of Ensuring the Unity of Measurements and Standardization.

Constitution of the Republic of Kazakhstan

Law of the Republic of Kazakhstan “On Combating Corruption”

The current legislation of the Republic of Kazakhstan

University Charter.

Тапсырмалар

–Қоғамның бекітілген сатып алу бюджеті мен жоспарына сәйкес Қоғамның құрылымдық бөлімшелерін материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз ету;
–материалдық-техникалық ресурстарды тиімді пайдалануды ұйымдастыру;
–Қоғамның әкімшілік, оқу, тұрғын үй ғимараттарына және объектілеріне тиесілі аймақтарына тиімді шаруашылық күтім жасауды қамтамасыз ету;
–тұрғын емес үй-жайларды жалға алушылар қызметіне жалға беру келісімшартының талаптарына сәйкес жетекшілік ету;
–жұмысты ұйымдастырудың жаңа әдістерін, соның ішінде озық ақпараттық технологияларды пайдалану негізінде жетілдіру және енгізу. 

Мақсаттар

  • Университеттің инфрақұрылымы мен өндірістік ортасын жұмыс жағдайында дамыту және қолдау; ғимараттар мен имараттарды үздіксіз пайдалануды қамтамасыз ету;          
  • Оқу процесінің жағдайын жақсарту үшін Қоғамның құрылымдық бөлімшелерін материалдық-техникалық құндылықтармен қамтамасыз ету.
  • Университеттің әкімшілік, оқу және тұрғын үй жайларына тиімді шаруашылық қызмет көрсету және оларды қолданыстағы санитариялық-гигиеналық нормаларға және өртке қарсы қорғауға сәйкес тиісті жағдайда ұстау. Университеттің тұрғын және тұрғын емес үй-жайларын жалға алу үшін жалға алушыларды (инвесторларды) тарту. Студенттердің, соның ішінде шетелдік студенттердің тұруы мен оқуы үшін қолайлы тұрмыстық жағдай жасау.
  • Университеттің Өндірістік процестерінің қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында баспа-полиграфия қызметін нәтижелі басқару.
  • Қызметкерлер мен студенттердің университеттің ішкі еңбек тәртібі ережелерін, еңбекті қорғау, өртке қарсы және күзет сигнализациясының нормаларын сақтауын бақылауды қамтамасыз ету, қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін, сондай-ақ университет мүлкінің ұрлануы фактілерін бейнебақылау жүйесінің көмегімен анықтаған кезде тез әрекет етуді қамтамасыз ету; техника, өртке қарсы қорғау және еңбекті қорғау бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз ету; азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша іс-шаралар өткізуді қамтамасыз ету;
  • Университеттің оқу және ғылыми-зерттеу процестерін жаңа технологиялық жабдықтармен жүргізілетін ғылыми зерттеулер бағдарламалары мен білім беру бағдарламаларының талаптарына сәйкес барынша қамтамасыз ету. Университеттің зертханалық паркін жаңғырту.

Функциялар

Университеттің объектілеріне (университеттің құрылымдық бөлімшелері орналасқан әкімшілік ғимараттар, оқу корпустары және тұрғын үй-жайларға,  олардың жанындағы территорияларға) шаруашылық тұрғысынан қызмет көрсетуді және өндірістік санитария және өрттен қорғау ережелері мен нормаларына сай оларды ұстау тиісті жағдайда күтіп ұстауды қамтамасыз ету; құрылымдық бөлімшелерді құрал-жабдықтармен, кеңсе керек-жарақтарымен, жуу құралдарымен және өзге де тауарлармен қамтамасыз ету және құрылымдық бөлімшелерге бөлу;

тауар-материалдық құндылықтардың жақсы сақталуын қамтамасыз ету және жөндеу қажеттігін дер кезінде болжау;  жалға алу шарттарын жасасу үшін қажетті құжаттарды уақтылы ресімдеу;  тендерлерді өткізу үшін, Университеттің қызмет әрекетін қамтамасыз ететін қызметтерді сатып алу үшін техникалық өзіндік ерекшеліктерді мемлекеттік сатып алу бөліміне уақтылы және графикке сай тапсыру; тауар-материалдық құндылықтарды жұмсау есебін жүргізу және белгіленген есептілікті құру; Университеттің құрылымдық бөлімшелерінің  материалдық-техникалық мәселелер бойынша өтінімдерін жинау және өңдеу;  Университеттің нормативтік-өкімдік актілерінде белгіленген тәртіпте сатып алу жоспарының жобасын құру; территорияларды абаттандыру, көгалдандыру және жинау жұмыстарын жүргізу; ғимаратта холл мен қасбетті мерекеге безендіру жұмысын жүргізу; Университет өткізетін кеңестерді, іскерлік кездесулерді, семинарларды және басқа да іс-шараларды  материалдық-техникалық тұрғыдан қамтамасыз ету және қолдау; үй-жайлардың ішін және іргелес территорияны жинау бойынша клинингілік компания жұмысына күнделікті бақылау жүргізу; аудиторияларда, дәріс залдарында, кабинеттерде, жертөлелерде, техникалық қабаттарда тазалықтың сақталуын бақылауды жүзеге асыру; Университеттің қолда бар мүлкінің есебін жүргізу, белгіленген мерзімдерде  қарап-тексеру және оның сақталуын қамтамасыз ету; жалға алушылардың қызметін жалға алу шартының талаптарына сәйкес қадағалау.

Қызмет

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету және ғимараттарды пайдалану басқармасының жұмысын ұтымды ұйымдастыру. Өндірістік санитария және өртке қарсы қорғану ережелері мен нормаларына сәйкес (университеттің бөлімшелері орналасқан әкімшілік, оқу, іргелес аумағы бар тұрғын үй-жайлар) университет объектілеріне шаруашылық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету және тиісті жағдайда ұстау; құрылымдық бөлімшелер арасында өзге де тауарларды, жабдықтарды, жиһаздарды, кеңсе керек-жарақтарын, жуу құралдарын қамтамасыз ету және бөлу, тауар-материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету және уақтылы жөндеуін жүргізу; жалға алу шарттарын жасау үшін қажетті құжаттарды уақытында ресімдеу, уақытында және кестеге сәйкес тендерлерді өткізу үшін, университеттің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін қызметтерді сатып алу үшін сатып алуларды ұйымдастыру және бағаларды мониторингілеу бөліміне техникалық өзіндік ерекшеліктерді беру, тауарлық-материалдық құндылықтарды жұмсау есебін жүргізу және белгіленген есептілікті жасау; материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша университеттің құрылымдық бөлімшелерінің өтінімдерін жинау және өңдеу; университеттің нормативтік-өкімдік актілерімен белгіленген тәртіпте сатып алудың алдын ала жоспарын құру; аумақты абаттандыру, көгалдандыру және жинау, ғимараттардың холдары мен қасбеттерін мерекелік безендіру бойынша жұмыстарды жүргізу; университет өткізетін кеңестерді, іскерлік кездесулерді, семинарларды және басқа да іс-шараларды қамтамасыз ету және сүйемелдеу; ішкі үй-жайлар мен іргелес аумақтарды жинау бойынша клинингілік компанияның жұмысын күн сайын бақылау; аудиторияларда, дәріс залдарында, кабинеттерде, жертөлелерде және техникалық қабаттарда тазалықтың сақталуын бақылауды жүзеге асыру; университеттің қолда бар мүліктерін есепке алуды жүргізу; жалға алу шарттарына сәйкес тұрғын емес үй-жайларды жалға алушылардың қызметіне жетекшілік ету.

Ғылыми-техникалық, оқу, өндірістік, жарнамалық және өзге де сипаттағы ақпараттық қызмет, көшірме жасау, тираждау және ұсақ баспа өндірісі жөніндегі қызметтер; полиграфиялық өнімнің сапасын арттыру мақсатында қазіргі заманғы электрондық баспа жүйелерінде қолданылатын бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу және жетілдіру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру.

Лифт шаруашылығына, күзет және өрт сигнализациясына, электрондық турникет өту және шлагбаумдарға қызмет көрсету бойынша қызмет көрсетушілермен шарт жасасу және бақылау; кестеге сәйкес қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау бойынша университеттің барлық ҚБ мен қызметкерлеріне нұсқама жүргізу; ҚР ТЖ басқармасының алдағы тексеруіне сәйкес өрт қауіпсіздігі нормаларының сақталуын тексеру және құжаттарды дайындау; ТЖ жағдайларында эвакуациялау бойынша оқу-жаттығу сабақтарын өткізу; әскерге шақырушылар-студенттерді әскери есепке қою, оқу жылының аяқталуы бойынша қорытынды шығару.

Медициналық жабдықтардың, сондай-ақ бақылау, өлшеу және сынау жабдықтарын тексеру әдістері мен құралдарына арналған нормативтік-техникалық құжаттама қорының жай-күйін, уақтылы толықтырылуын, жаңартылуын және пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру; медициналық жабдықтар мен зертханалардың технологиялық құжаттамаларына метрологиялық сараптама жүргізу (реактивтердің шығынын есепке алу журналдары, ғылыми зерттеулер жүргізуді тіркейтін журналдар, медициналық жабдықтарды қабылдау, дәрі-дәрмектерді, реактивтерді қабылдау, олардың шығынын тіркеу); медициналық жабдықтар мен техниканы тексеру және жөндеудің жыл сайынғы кестесін құру және іске асыру.

Жетістіктер

Даму жоспарының орындалу процесін мониторингілеу, құрылымдық бөлімшелерден түскен өтінімдердің орындалуын мониторингілеу (жиһазды жөндеу, стендтер, мөрлер, тақтайшалар, шетел студенттері үшін оқу процесіне арналған кестелер дайындау, имидждік өнімдер дайындау, куверткаларды, гардероб нөмірлерін, үстел жалаушаларын, құттықтау ашық хаттарын, дипломдар мен папкаларды дайындау) жүйелі түрде жүргізіледі. Барлық нысандар бойынша дератизация, дезинсекция, ҚТҚ шығару, ТМҚ кәдеге жарату уақытында жүргізіледі, қалалық іс-шаралар аясында қасбет мерекелік безендіріледі, Университетттің құрылымдық бөлімшелерінің ТМҚ дератизациясын уақытында қамтамасыз етеді.

Баспа өнімдерін қамтамасыз ету бойынша құрылымдық бөлімшелер мен оқытушы-профессорлар құрамын қанағаттандыру үшін өтінімдер уақтылы орындалады.

Университеттің қолда бар барлық техникалық құралдарды үздіксіз пайдалануға қол жеткізілді (күзет, өрт сигнализациясы, бейнебақылау, КББЖ (кіруді бақылау және басқару жүйесі, электрондык өту жолдары, лифтілер, қауіпсіздік техникасы)

Соңғы бес жылда жыл сайынғы жаңартылу KPI коэффициенттері бойынша 3-тен 8% - ға дейін құрайды. Медициналық жабдықтарды жыл сайын тексеру «АстМУ» КеАҚ-тың ғылыми процесін үздіксіз іске асыру процесін қамтамасыз етеді.

Байланыс деректері

Нұр-Сұлтан, Бейбітшілік көшесі 49А, 51-корпус, 2-қабат, 202, 203, 209, 210 кабинеттер

телефон: 8 (7172) -53-95-30; Ішкі-280

  8 (7172) 27-01-76 ішкі: 396, 285

Полиграфия телефоны: (7172) 95-24-13: ішкі 399

Бейбітшілік көшесі 49 а, №101 каб. тел: (7172) 56-98-55