IT бөлімі

Кадрлық құрам

Яковлев Олег Викторович

бас инженер

Сергеева Наталья Сергеевна

жетекші инженер

Курмангалиев Думан Болатбекович

инженер

Мукашев Аслан Даулетханович

инженер-жүйе технигі

Құрылу тарихы

Бөлімі 2009 жылғы қаңтар айында ашылды. Бөлімді алғаш басқарған – Алдонғар Жасталап. 2012 жылы Маралов Алмаз Амантайұлы бөлім бастығы болып тағайындалды.

Мақсаттар

-заманауи компьютерлік технологиялар негізінде жинау жүйесін, өңдеуді, ақпаратты сақтау және ұсынуды ұйымдастыру арқылы Университеттің бірыңғай ақпараттық-техникалық жүйесін қалыптастыру;

-динамикалық бағалау мен ақпараттық қолдауды қамтамасыз ету, IT-технологияларды дамытуға бағытталған шешімдер қабылдау және ақпараттандыру деңгейін арттыру;

-оргтехника, жергілікті компьютерлік желі бойынша қызмет көрсету және жөндеу;

-бағдарламалық құралдарды тестілеу және реттеу;

-бағдарламалардың деректер базасына қолданушылардың кіруін қамтамасыз ету және басқару;

-деректерді табыстаудың корпоративтік желісінің жұмыс істеп тұруын қамтамасыз ету және баптау;

-ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша хабардар ету. Ол ақпараттық қауіпсіздік саласының құқықтық және нормативтік құжаттарын тарату және Университет қызметкерлерін оқыту арқылы жүзге асырылады;

-құрылымдық бөлімшелерге ақпараттық қауіпті бағалау және басқару бойынша жәрдем беру, оның заңнама мен нормативтік базаға сәйкестігін қамтамасыз ету, ақпараттық қауіпсіздік осалдығын анықтау.

Функциялар

Университеттің ақпараттық технологиясын дамыту және жетілдіру. Ол келесі тәсілдер арқылы жүзеге асырылады:

- әкімшілік-басқару және білім беру процесіне жаңа ақпараттық-коммуникациялық жүйе енгізу;

- ақпараттық-коммуникациялық жүйені ақпараттық ортадағы жаңа технология талаптарына сай модернизациялау;

- қолданылатын техникалық құралдарды модернизациялау.

Қызмет

-жүйе мен құрал-жабдықтардың үздіксіз жұмыс жасап тұруын қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмыс барысында орын алған бұзылыстарды түзету үшін оперативті шара қолдану. Оргтехника, компьютерлік және желілік құрал-жабдықтардың жағдайын мониторингілеу;

-Университеттің ақпараттық қауіпсіздігі жөніндегі ережелерінің орындалуын қадағалау;

-Университеттің жергілікті желісінің жұмыс істеп тұруын бақылау;

-Университеттің мәдени-көпшілік, білім беру және әкімшілік шараларын өткізу кезінде ақпараттық-коммуникациялық қолдау

-информационно-коммуникационное сопровождение при проведение культурно-массовых, образовательных и административных мероприятий Университета.

Жетістіктер

Бөлімі университеттің есептеу желісінің барлық компоненттерін сатып алуды, орнатуды және қолдануды қамтамасыз етеді. Олар: кабельді жүйе, ақпараттық ағымдарды коммутациялау құрылғысы, желіні, телефон жүйесін қорғау құрылғысы. Сондай-ақ, университет келесіні қамтамасыз етеді: жалпыуниверситеттік желі қызметін, ресми сайтты, корпоротивтік электрондық поштаны, қолданушылардың жұмыс каталогын, электронды құжат айналымы жүйесін, авторизация жүйесі мен желіні қолдану рұқсатын есепке алуды дамыту мен қолдау, компьютерлік техниканы жөндеу, бейнебақылау және т.б.

-барлық компьютерлер бірыңғай жергілікті желіге қосылған. Компьютерлердің жалпы саны – 1124 дана, Интернет желісіне қосылуды және университеттің корпоративтік компьютерлік желісінің жұмыс істеп тұруын қамтамасыз ететін 10 сервер бар.

-іс жүзінде барлық білім алушылар мен қызметкерлерде Университеттің ақпараттық ресурсына рұқсат бар.

-873 компьютер жергілікті желі арқылы Интернетке қосылады («ҚазақТелеком» АҚ-тың жылдамдығы жоғары DSL-каналы арқылы жүзеге асырылған. Лимитсіз тариф бойынша жылдамдығы 70 Мбит/сек, бұл қолданушылардың Интернетті қолдану уақытын көбейтуге мүмкіндік береді).

-университеттің дәріс залдары презентациялық құралдармен (акустикалық және проекциялық құралдар-жабдықтар, дәріс оқитын трибуналар, орнатылған микрофон мен дыбыс күшейткіш, орнатылған проекторлар мен экрандар), мультимедиялық проекторлармен жабдықталған;

-ЖОО-ны басқарудың «Электронды университет» жүйесі дамып келеді. Ол университетті басқаруды ұйымдастырудың негізгі бизнес-процестерін талдау негізінде құрылды. Жүйе білім беру процесін ұйымдастыру, ғылыми зерттеулерді басқару мәселелерін, кадрлық және экономикалық кешенді қамтиды. Құрылған бірыңғай ақпараттық кеңістік автономды дами отырып қосалқы жүйенің өзара ақпараттық әрекеттесуіне мүмкіндік береді.

Байланыс деректері

Астана қаласы

Бейбітшілік көшесі 49А

4-қабат 409- каб

тел.: 8(7172)57-79-01

e-mail: sit@amu.kz